Оқулық шымкент, 2018 жыл


Үшінші топқа кіретін дәрілік заттармен пилюлялар дайындау



Pdf көрінісі
бет286/387
Дата26.12.2023
өлшемі6,31 Mb.
#199519
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm

Үшінші топқа кіретін дәрілік заттармен пилюлялар дайындау. 
Үшінші топтағы дәрілік заттарға қара май, скипидар, бальзамдар, еркек 
усасыр экстрактысы, эвтектикалық қоспалар және басқалар жатады. 
Гидрофобты сұйықтықтармен пилюля дайындаған кезде оларды алдын-ала 
эмульгирлейді. Эмульгатор ретінде: ұн, мия тамырының экстракты, итмұрын 
жемісінің ұнтақтары, шайырлар қолданылады. 
Бірінші тәсіл.
Мия тамырының құрғақ экстрактысымен және 
глицеринмен эмульгирлеу. Бұл жағдайда заттардың келесі қатынастарын 
сақтау керек: 
-
мия тамырының құрғақ экстрактысын гидрофобты сұйықтықпен теңдей 
мөлшерде; 
-
глицеринді гидрофобты сұйықтықтың мөлшерінің жартысындай 
мөлшерде; 
-
суды майлы сұйықтықтың 1/4 бөлігіндей мөлшерде алады. 
Rp.: Pіcіs lіquіdae 2,0
Massae pіlularum quantum satіs, ut fіant pіlulae N 30 
Da. Sіgna. 
1 пилюлядан күніне 2 рет 
Рецептіде гидрофобты сұйықтықтық қара май берілген. Жоғарыда 
көрсетілген қатынасты қолданып, қажетті көмекші заттарды есептейді. 
Есептеу: 
m
ж
= 0,2 х 30 = 6,0 г
2 г құрғақ экстракт 
1,0 глицерин 
0,5 мл су 
6,0 - (2+2+1,0+0,5) = 0,5 мия тамырның ұнтағы 
БП
Pіcіs lіquіdae 2,0 
Extractі radіcіs Glycyrrhіzae sіccі 2,0 
Glycerіnі 1,0 
Aquae purіfіcatae 0,5 ml 
Pulveres radіcіs Glycyrrhіzae 0,5 
m
ж
= 6,0; 0,2; N 30 


364 
Технологиясы: 
Келіге 2,0 құрғақ экстракты өлшеп салып, 1,0 глицеринді, 
0,5 мл су қосып біртекті масса болғанша араластырады, осы массаға бөлшектеп 
гидрофобты сұйықтықты қосып эмульгирлейді. Эмульсияның дайын болғанын 
сытырлаған дыбыс шыққаннан біледі. Эмульгирленген қоспаны мия 
тамырының ұнтағымен тығыздап, массадан пилюлялар дайындайды, дайын 
болған пилюлялық массаны қағазбен жинақтағанда, қағазда майлы дақ қалмауы 
керек. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   282   283   284   285   286   287   288   289   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет