Оқулық шымкент, 2018 жыл



Pdf көрінісі
бет97/387
Дата26.12.2023
өлшемі6,31 Mb.
#199519
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm

Бақылау сұрақтары: 
1.
Жинақтарға анықтама беріңіздер. Жинақтардың жіктелуі. 
2.
Жинақтарды дайындау үшін қолданылатын дәрілік өсімдік 
шикізатына қойылатын талаптар. 
3.
Дәрілік өсімдік шикізаттарын майдалаудың ерекшеліктері. 
4.
Жинақтарға эфир майларын, тұздарды енгізудің технологиялық 
әдістері қандай? 
5.
Жинақтардың сапасын бағалау, сатау, босату. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


146 
ТАРАУ 3. СҰЙЫҚ ДӘРІЛІК ТҮРЛЕР 
 
3.1 Сұйық дәрілік түрлердің жалпы сипаттамасы және жіктелуі 
 
Сұйық дәрілік түрлер – суда, спиртте, майда және басқа еріткіштерде дәрілік 
заттарды араластыру немесе еріту арқылы алынатын дәрілік түр. 
Дисперсологиялық жіктелуі бойынша сұйық дәрілік түрлер еркін дисперстік 
жүйеге жатады. Бұл түрде дәрілік зат барлық үш агрегаттық: қатты, сұйық, газ 
тәрізді күйде бола алады. Сұйық дәрілік түрлер дәріхананың жалпы 
экстемпоральды рецептурасының шамамен 50% құрайды.
Сұйық дәрілік түрлердің артықшылықтары: 
-
ағзаға тез сіңірілетін болғандықтан, олар терапевтік әсерді тез көрсетеді;
-
кейбір препараттарды, мысалы, бромидтерді тек сұйық дәрілік түр ретінде 
босату керек, себебі, бромидтер ұнтақ түрінде асқазанның шырышты 
қабатында жоғары концентрация түзіп, тітіркендіргіш әсер көрсетеді; 
-
қолдануы қарапайым және қолайлы; 
-
ащы дәмді дәрілік заттардың дәмін жасыруға болады;
-
технологиясы қиын емес. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   93   94   95   96   97   98   99   100   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет