Оқулық шымкент, 2018 жыл


Сұйық дәрілік түрлердің кемшіліктері



Pdf көрінісі
бет98/387
Дата26.12.2023
өлшемі6,31 Mb.
#199519
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm

Сұйық дәрілік түрлердің кемшіліктері: 
-
олардың сыртқы орта факторларының (ауадағы бос оттегіннің, жарықтың, 
температура өзгеруінің) әсеріне тұрақтылығы төмен;
-
олар микроорганизмдердің өсуіне және көбеюіне қолайлы орта болып 
саналады, сондықтан, сұйық дәрілік түрлердің сақтау мерзімі қысқа;
-
тасымалдауға ықшамды емес;
-
дозалануы дәл емес. 
ҚР МФ «Оральдік қолданылатын сұйық дәрі-дәрмектер» топтық мақаласы 
енгізілген (ҚР МФ т.1, 500 б.). Оральдік қолданылатын сұйық дәрі-дәрмектер 
әдетте, құрамында бір немесе одан да көп әсер етуші заттары бар сәйкес 
еріткіштегі ерітінділер, яғни эмульсиялар немесе суспензиялар болып келеді. 
Кейбір оральдік қолданылатын сұйық дәрі-дәрмектер тек сұйық әсер етуші 
заттардан ғана тұруы мүмкін (оральдік сұйықтықтар). 
Кейбір оральдік қолданылатын дәрі-дәрмектерді сұйық концентраттарды 
сұйылту арқылы немесе оральдік ерітінділер немесе суспензияларды дайындауға 
арналған түйіршіктер немесе ұнтақтардан, оральдік тамшылар немесе 
шырындарды сәйкес еріткіш көмегімен дайындайды. 
Оральдік қолданылатын сұйық дәрі-дәрмектер ҚР МФ келтірілген жіктелуі: 
-
оральдік ерітінділер, эмульсиялар және суспензиялар; 
-
оральдік ерітінділер және суспензияларды дайындауға арналған түйіршіктер 
мен ұнтақтар; 
-
оральдік тамшылар; 
-
оральдік тамшылар дайындауға арналған ұнтақтар; 
-
шырындар; 
-
шырындар дайындауға арналған түйіршіктер мен ұнтақтар. 
Сұйық дәрілік түрлердің жіктелуі 
Сұйық дәрілік түрлердің келесі белгілері бойынша бірнеше топқа жіктеледі: 


147 
-
қолдану тәсілі бойынша; 
-
дисперсті фазаның ұнтақталу дәрежесі және оның дисперстік ортамен
байланысы бойынша; 
-
еріткіштің құрамы мен табиғаты бойынша.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   94   95   96   97   98   99   100   101   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет