Оқулық шымкент, 2018 жыл


Сапасын бағалау. Жинақты сақтау мен босату



Pdf көрінісі
бет96/387
Дата26.12.2023
өлшемі6,31 Mb.
#199519
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm

Сапасын бағалау. Жинақты сақтау мен босату
Жинақ сапасын бағалау. Жинақта иісі мен дәмін анықтайды (сулы 
сығындыдан). Жинақтың өз екендігін анықтау үшін орташа сынамадан
массасы 10,0 г аналитикалық сынама алады, таза тегіс беткейге салып,
лупаның (10х) көмегімен сыртқы пішіні бойынша құрамдас компоненттерін 
анықтайды. Барлық зерттелген бөлшектері жинақ құрамына кіретін 
шикізаттың түрлеріне сәйкес, диагностикалық белгілері болуы тиіс. 
Жинақта анықтайды: әсер етуші заттар құрамын (анықтау әдістері НТҚ
сәйкес көрсетілген); ылғалдылығын; жалпы күлі мен 10% хлорсутекті 
қышқылда ерімейтін, күлдің мөлшерін; майдалануы мен қоспаларының 
болуын.
Дәрілік өсімдік шикізатын сақтау үшін құрғақ, жарық жақсы желденетін 
бөлме қажет, өйткені шаң мен ылғал кененің дамуын стимулдайтын 
факторларға жатады. Көбінесе олар жемістерде, ұрықтарда және кейбір 
шөптерде (жалынгүл) болады. Зақымдалған өсімдік материалын эфир 
буымен өңдеп, 2 сағаттың көлемінде 50
0
С температурада кептіреді, бұл
кенелерді, олардың ұрықтарын жояды. Жинақтарды жабық қораптарда, ал 
иісі шығатын шикізаты бар жинақтарды - қаңылтыр қораптарда сақтайды.
Жәндіктерді жақындатпау үшін хлороформмен ылғалдандырылған 
мақтасы бар банканы жәшіктерге салу ұсынылады.
Жинақтарды 50, 100, 150 және 200 г іші пергаментті қағазбен немесе екі 
қабатты қағаз пакет төселген, картон қораптарда босатады. Егер жинақ 
құрамында ұшатын заттар болса, оларды целлофан пакетте немесе 


145 
пергаментті қағазда босатады. Жапсырма қағазында жинақ құрамы мен
міндетті түрде қолдану тәсілі көрсетіледі.
Бір рет қабылдауға арналған немесе жеке мөлшерге бөлінген плиткалар 
түрінде пресстелген (бриккеттер) түрінде шығару перспективті болады.
Бриккеттеу арқылы қамтамасыз етіледі: дұрыс мөлшерлеу, жинақты сақтау 
шарттарының жақсаруы (өсімдік шикізатының аз беткейі, жинақтың 
гигроскопиялығы мен әсер етуші заттардың қышқылдануының сәйкесінше 
төмен болуына себеп болады), бриккеттер тасымалдау үшін ыңғайлы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет