Оқулық шымкент, 2018 жыл


Сұйық дәрілік түрлердің қолдану тәсілі бойынша жіктелуі



Pdf көрінісі
бет99/387
Дата26.12.2023
өлшемі6,31 Mb.
#199519
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   387
Байланысты:
sagyndykova ba. anabaeva rm

 
Сұйық дәрілік түрлердің қолдану тәсілі бойынша жіктелуі 
1.
Ішуге қолданылатын дәрілер –
 
Medіcamentum ad usum іnternum. Бұл 
микстуралар (Mіxturae) және тамшылар (Guttae). 
2.
Сыртқа қолданылатын дәрілер – Medіcamentum ad usum externum.
3.
Шаншуға (инъекцияға) арналған дәрілер – Medіcamentum pro іnjectіonіbus. 
Сұйық дәрілік түрлердің дисперсті фазаның ұнтақталу дәрежесі және оның 
дисперстік ортамен байланысы бойынша жіктелуі 
Осы белгі бойынша сұйық дәрілік түрлер келесі топтарға бөлінеді (кесте № 8): 
-
нағыз ерітінділер;
-
жоғары молекулалы қосылыстардың ерітінділері (ЖМҚ); 
-
коллоидты ерітінділер; 
-
суспензиялар;
-
эмульсиялар;
-
күрделі жүйелер – дисперсті жүйелердің негізгі типтерінің қиыстырылуы. 
Нағыз ерітінділер. 
Нағыз ерітінділер екі дисперсті жүйеде болады: 
-
молекулалы-дисперсті жүйелер, олардың бөлшектерінің өлшемі 1 нм-ден кіші. 
Бұлар электролит емес заттардың ерітінділері (қанттың сулы ерітіндісі
спирттің сулы ерітіндісі); 
-
ионды-дисперсті жүйелер, олардың бөлшектерінің өлшемдері 0,1 нм-ге жақын 
болады. Олар электролит ерітінділері (натрий хлоридінің, магний 
сульфатының ерітінділері). 
Ерітілетін заттың агрегаттық күйіне байланысты нағыз ерітінділер:
- қатты заттардың ерітінділері; 
- сұйық заттардың ерітінділері; 
- газ тәрізді заттардың ерітінділері болып бөлінеді. 
Кесте 8 
Сұйық дәрілік түрлердің дисперстік жүйеге
байланысты жіктелуі 
Жүйелердің 
сипаттамасы 
Дисперстік фаза Дисперстік 
фаза 
бөлшегінің 
өлшемі 
Дәрілік түрлердің 
мысалдары 
Төмен 
молекулалы 
қосылыстардың 
нағыз ерітінділері 
Иондар, 
молекулалар 
1 нм 
Глюкоза, натрий 
хлориді, магний 
сульфаты 
ерітінділері 
ЖМҚ нағыз 
ерітінділері 
Молекулалар 
1-100 нм 
Пепсин, желатин 
ерітінділері 
Коллоидты 
ерітінділер 
Мицеллалар 
1-100 нм 
Колларгол, 
протаргол 
ерітінділері 


148 
Суспензиялар 
Қатты заттардың 
бөлшектері 
0,1-50 мкм Күкірт, магний 
тотығы 
суспензиялары 
Эмульсиялар 
Сұйықтықтардың 
бөлшектері 
1-150 мкм 
Майсана, шабдалы 
майларының 
эмульсиялары 
Күрделі жүйелер 
Тұнбалар, 
қайнатпалар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   95   96   97   98   99   100   101   102   ...   387




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет