болды. Сонымен съездің қарарында: "Қазақ облыстары территориялық-ұлттық автономия
құқығын алуы тиіс" деп жазылды.
208.
1920 ж. Қазақ Советтерінің Құрылтай съезінде негізгі мәселе не болды
Кырғыз АКСР
құру
209.
НӘП-ке көшу қай жылы басталды?
1921
210.
НӘП-ке көшу деген не?
Кеңес үкіметі мемлекеттің қолында ірі өндіріс орындарын,
банкті қалдырып, жеке капиталды өндіріске ендіруге рұқсат берді. Мемлекеттік жерлер,
кішігірім мемлекеттік кәсіпорындар белгілі мерізімге жеке шетел ұйымдары мен тұлғаларға
жалға беріледі. Сауда бостандығы жүзеге асырылады, яғни мемлекеттің бақылауымен жеке
саудаға рұқсат беріледі. Сауда негізінен ауыл мен қаланың ортасындағы негізгі байланыс
көзіне айналуға тиіс болды. Сонымен қатар мемлекеттік және кооперативтік сауда да
дамуы тиіс болды. Жеке ауыл шаруашылық қожалықтарына, жеке меншіктегі кішігірім
кәсіпорын иелеріне жалдамалы еңбекті пайдалануға рұқсат беріледі. Еңбекке деген
міндеткерлік және еңбек армиялары жойылады. Өндіріс орындарын жұмысшы күшімен
қамтамасыз ету еңбек биржалары арқылы жүзеге асырылатын болады. Елдегі ақша
жүйесін нығайту, ақысыз қызмет көрсетуді жою, еңбекке ақшалай жалақы төлеу
міндеттелді.
211.
1921 ж. Жер-су реформасының негізгi мақсаты неде:
Реформаның негізгі міндеті 1920 жылы құрылған ҚАКСР-нің территориясында қазақ
жерлерін біріктіру болды. Патшалық биліктің жүргізген саясаты нәтижесінде Қазақстанда
жер мәселесі өте күрделі мәселелердің біріне айналған еді. Осыған байланысты қазақ
автономиясы құрамында жер саясатын жүргізуші жетекші орган – Жер комитеті құрылды.
Достарыңызбен бөлісу: |