92 Стандарттау, сертификаттау жэне метрология негілдері
9. Бірыңгай кедендік тариф ставкаларынан ерекшеленетін жэне
ерекше жағдайда тасымалданатын тауарларға кедендік баж ставкала-
рын қолданудың жагдайлары және тэртібі жөніндегі хаттама;
10. Тарифтік жеңілдіктер жасау жөніндегі хаттама;
11. Кеден Одағының бірыңғай тарифтік артықшылықтар беру
жүйесі туралы хаттама;
12. Үшінші бір мемлекетке қатысты тарифтік емес реттеулер
жүргізу туралы бірыңгай шаралар туралы келісім;
13. Бірыңғай кедендік аумақта үшінші бір елдерге қатысты са-
уда жасаган кезде қолданылатын тәртіптер туралы келісім;
14. Тауарлармен сыртқы сауда
саласындағы тауарларды ли-
цензиялау ережелері туралы келісім.
Кеден Одагының техникалық регламенттері Кеден Одағының
кедендік аумағында тікелей қолданылады.
Айналымға шығарылагын өнімнің Кеден Одағы техникалық
регламенттерінің талаптарына сэйкестігін бағалау (растау) оны
айналымға шығарғанға дейін жүзеге асырылады.
Тараптар Кеден Одағының техникалық регламенттерінің та
лаптарына сәйкес келетін өнімнің айналымын өз аумағында Ке
ден Одағының техникалық регламентінде қамтылган талаптарға
қатысты осындай өнімге қосымша талаптар қоймай және қосымша
сәйкестікті багалау (растау) рәсімдерін өткізбей қамтамасыз етеді.
Өнімнің Кеден Одағы техникалық регламенттерінің та
лаптарына
сәйкестігін
бағалау
(растау)
нәтижелерінің
салыстырымдылығын болуын қамтамасыз
ету мақсатында өлшем
бірлігін қамтамасыз етуге багытталган келісілген саясат жүргізеді.
Техникалық реттеу саласында Кеден Одагының мүшелері
нормативтік қүқықтық базасын қалыптастыру мақсатында оған
қатысты Кеден Одағы шеңберінде міндетті талаптар белгіленетін
бірыңғай өнім тізбесін қалыптастырады.
Бірыңгай тізбеге енгізілген,
оған қатысты Кеден Одағының
техникалық регламенттері немесе Еуразиялық экономикалық
қауымдастықтың техникалық регламенттері күшіне енбеген өнім
үшін техникалық реттеу саласындағы Кеден Одағы заңнамасының
жэне мүшелерінің заңнамаларының нормалары қолданылады.