86 Стандарттау, сертификаттау жэпе метрология негидері
байтын болды. Сонымен қатар осы үш ел Кеден Одағына біріккен
соң өздерінен тыс үшінші бір елге қатысты бірыңғай сауда саяса-
тын жүргізуге тиіс. Бүл саясат төмендегідей бағыттардан түрады:
бірыңғай кеден тарифтерін қарастыратын бірыңғай кеден-
дік тарифтік саясат;
■ тарифтік емес реттеудің бірыңғай шараларын бірлесе оты-
рып қабылдап, өмірге енгізу;
елдердің ішіндегі кеден заңдылықтарының біріздендірілуі.
Кеден Одағын құру барысында аталған үш мемлекет
басшыларының алдын ала жасалынған келісіміне сәйкес онда
Қазақстанға өтпелі кезең қарастырылған. Осы өтпелі кезең бойын-
ша Қазақстан еліміз үшін неғүрлым қажетті деп табылатын 400-
ге тарта импорттық тауар түрі бойынша неғүрлым төмен кедендік
баж салығын белгілеу қүқығын өзінде қалдырып отыр. Мұның
өзі дәрі-дермек секілді бірінші кезектегі қажетті болып табыла
тын тауарлардың Кеден Одағына кірмейтін шет мемлекеттерден
елімізге бүрынғысынша арзан бағамен келуіне мүмкіндік береді.
Достарыңызбен бөлісу: