Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі


Танымның практикалық табиғаты



Pdf көрінісі
бет13/35
Дата30.12.2023
өлшемі1,19 Mb.
#199882
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35
Байланысты:
философия по вопросам

Танымның практикалық табиғаты 
Практика (practіkos,- грек сөзі,- белсенділік, іс-әрекет) ұғымы жағалай қоршаған 
ортаны өзгертудегі адамның саналы, мақсатқа лайықты іс-әрекетін бейнелейді. Әрине, адам 
да қайсыбір тіршілік секілді жағалай ортасыз өмір сүре алмайды. Қайсыбір жануар өзінің 
дене құрылысы, табиғатына байланысты жағалай қоршаған ортаның шеңберінде өзінің 
орнын тауып өмір сүреді. Ол тек қана өз тіршілігіне тікелей, я болмаса, жанама қатысы бар 
заттар мен құбылыстарды ғана сезініп қабылдай алады. Яғни, оның мүмкіндіктері 
әрқашанда шектелген. Ал адамға келер болсақ, ол қоршаған ортамен универсалды, жан-
жақты қатынасқа түседі. Жағалай қоршаған орта нақтылы-тарихи өмір сүріп жатқан 
адамның игеру мүмкіндігінен әрқашанда басым болғаннан кейін, адамның шексіз 
дүниетану мүмкіндігін тудырып, оның жаңа күш-қабілеттерін оятады. 
Білімнің шынайы мән-мағынасы оның өмірге еніп қоғамның материалдық және 
рухани жақтарын жетілдіруде емес пе? Танымның негізгі мақсат-мұраты тек қана білімді 
жетілдіру ғана емес, сонымен қатар, қоғам мен адамның үне бойы өзгерістегі материалдық 
және рухани қажеттіктерін өтеуде болса керек. 


Осы тұрғыдан алып қарағанда, ғылымның қайнар көзінің өзі осы адамзат 
практикасының қажеттіктерінен шыққанын байқауға болады. Мысалы, көне заманда 
көшпенділер аспандағы жұлдыздар мен планеталарға қарап, көш жолдарын анықтай 
бастады. Көне Мысыр мен Қытайда суармалы егін егу қажеттігі үлкен каналдарды қазып 
тартуға мәжбүр етті, ал ол үшін жер бетіндегі кеңістікті зерттеу қажет болды. Соның 
нәтижесінде геометрия мен математиканың негіздері жасала басталды. 
Қазіргі адамзат практикасына келер болсақ, оның қажеттіктері де ғылымның 
дамуының негізінде жатқаны сөзсіз. Мысалы, АҚШ Невада штатында жақында орасан-зор 
синхрофазатронды іске қосты. Ол осы мемлекетке 6 млрд. долларға түсті. Осыншама 
қаражат бірнеше аса дарынды физиктердің "білімқұмарлығы үшін" жұмсалды деп ойлау 
тым тұрпайы болар еді. Ресей, басқа да ірі мемлекеттер де ядролық физика саласын 
зерттеуге біршама қомақты қаражат жұмсауда. Ал оның негізгі себебі адамзат 
практикасынан шығатын энергияның жаңа көздерін ашу қажеттігінде жатқаны сөзсіз. 
Өйткені, органикалық шектелген энергия ресурстары (мұнай, газ, тас көмір) жылдан-жылға 
азайып қазірдің өзінде алаңдатушылықты тудырып отырғаны ешкімге де құпия емес. 
Сонымен, жаңа энергия көздерін ашу, оны игерудің арзан да қауіпсіз технологияларын 
жасау – бүгінгі таңдағы ғылымның негізгі мақсат-мұраттарының біреуіне айналып отыр. 
ХХ ғ. соңғы ширегінде дүниеге келген эволюциалық химияның да алдындағы зор мақсат – 
күн сәулесін электр тоғына айналдырудың арзан технологиясын жасау, судың фотолизін 
жасап, су тегін практикалық түрде шексіз де таза энергия көзіне айналдыру т.с.с. 
Бүгінгі таңдағы ең алдыңғы қатарлы ғылым саласы – биологияға келер болсақ, 
мұндағы ғалымдардың алдына қойған мақсат-мұраттары да бүгінгі адамзат практикасымен 
тығыз байланысты екенін байқаймыз. Генетикамен байланысты микробиологиялық 
зерттеулер тіршілікті клональды, яғни, бейжыныстық жолмен тудыру, өмірдің ең терең 
сырларын ашу – қазіргі адамзатқа ауадай қажет нәрселер. Өйткені, тек осы зерттеулердің 
негізінде болашақта тұқым қуу механизміндегі жиі кездесетін ауытқуларды емдеуге, 
сонымен қатар, мол өнім беретін жаңа өсімдіктер мен жануарлар түрлерін тудыруға, олай 
болса, жер бетіндегі аштыққа ұшыраған халықтарға тиімді көмек беруге жол ашылады. 
Енді ғарышты зерттеу мәселелеріне келер болсақ, олардың да адамзат практикасымен 
байланысты екенін байқауға болады. Мысалы, ғарыштағы орналасқан байланыс жүйелері 
арқылы теңізде апат болған кемені тез арада тауып алып көмек көрсетуге болады. Бүгінгі 
жер бетін толығынан шырмаған ақпарат жүйелері – интернетті - өмірге еңгізу, әр-түрлі 
құрлықтармен телефондық байланыс жүйесін орнату т.с.с. ғарыштағы жасанды серіктерсіз 
мүмкін болмас еді.
Жоғарыда келтірілген деректерді тағы да жалғастыра беруге болар еді. Бұлардың бәрі 
де таным үрдісінің әрқашанда адамзат практикасымен байланысты екенін көрсетеді. 
Дүниетаным адамзаттың ерекше рухани іс-әрекеті болғанымен, оның терең табиғаты 
практикада, оның әлеуметтік-тарихи мән-мағнасында жатқаны сөзсіз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет