Алеуметтик педагогика indd



Pdf көрінісі
бет27/103
Дата26.03.2024
өлшемі3,85 Mb.
#200307
түріОқулық
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   103
Байланысты:
Atemova-Aleumettik-ped

Пайдаланылған әдебиеттер
1. Галагузова И. Г. Социальная педагогика: Курс лекций: Учебное посо-
бие для студ. высших. уч. завед. /под ред. М. А. Галагузовой. – М.:Гуманист. 
Изд.центр ВЛАДОС, 2003. – 416 с.
2. Мудрик А. В. Социальная педагогика. учебник для педагогичеких 
вузов /под. ред. В. А. Сластенина – М., 2000
3. Мустаева Ф. А. Социальная педагогика. – М.: Академический Про-
ект, Екатеринбург: Деловая книга, 2003. – 528 с.
4. Атемова Қ. Т. Педагогика негіздері. – Астана: Л. Н. Гумилев атындағы 
ЕҰУ, 2006. – 118 б.


79
ІI т а р а у.
ТҰлғАНы ӘлЕУМЕТТІК ҚАлыПТАсТыРУ
2.1 Әлеуметтендіру процесіндегі жеке адам және оның 
әлеуметтенуіне әсер етуші факторлар
2.1.1 Әлеуметтендіру жүйесіндегі жеке адам туралы түсінік
2.1.2 Әлеуметтену үрдісіндегі ықпал етуші факторлар және 
оларға сипаттама
2.1.3 Әлеуметтендіру факторлары мен тәрбие факторлары 
арасындағы байланыс және ерекшеліктер
Әрбір адам, әсіресе, балалық шағында және ерте жастық шағының 
қарсаңында әлеуметтендіру процесінің негізгі объектісі болады. Оған 
дәлел жастардың осы қоғамға сай тәрбиеленуі, заңға мойынсынуы, 
берік отбасын құруға біртіндеп дағдылануы және т.б. әрекеттерге 
қызығушылық танытып, ынтамен дағдылануға талпынуы бола ала-
ды.
Әлеуметтендіру процесі тек қоғамдық мекемелер қызметіне ғана 
емес, онда өмір сүретін жекелеген адамдарға, тіпті ұйымдарға өзіндік 
талап қояды. Осы тұста Эмиль Дюркгейм әлеуметтендіру процесін 
қарастыра отырып, әлеуметтендірудің бастамасы қоғамға байланыс-
ты, әсіресе, ол әлеуметтендірудің субъектісі болып табылады дейді. 
Сондықтан ол адамды дәл өзінің талаптарына сай тәрбиелеуді қажет 
етеді.
«Әлеуметтендірудің міндеті – қоғамда жаңа ұрпақтарды тәр-
биелеу» деген Э. Дюркгейм мен Т. Парсонстың теориялары көптеген 
зерттеушілерге түрткі болды. Сөйтіп, педагогикалық терминдер сөз-
дігінде «әлеуметтендіру – бұл отбасымен және қоғаммен қарым-
қатынас кезінде адамдардың рөлдерінің алмасу процесі» деп сипат-
тама берiледi.
Адам өзiнiң дамуы мен қалыптасуында толыққанды қоғамның 
мүшесі болады. Бүгінде әлеуметтену процесінің әрбір кезеңіндегі үш 
топтың міндеттері төмендегідей анықталған: 


80
1.
Мәдени-жаратылыстану міндеті
– бұл дене және жыныстық 
дамудың белгілі бір деңгейге жетуiмен сипатталады;
2. 
Әлеуметтік-мәдени міндеті
– танымдық, адамгершілік-мо-
ральдық, құндылық қасиеттердiң әртүрлі жастағы адамдарға тән 
болуымен сипатталады. Бұл міндеттер қоғамда тұтас және адамды 
қоршаған этногумандық ерекшеліктермен айқындалады.
Адамның әлеуметтік-мәдени міндеті: 
а) институттар мен басқа да жоғары оқу орнындағы тәрбиелік 
жұмыстар арқылы жүзеге асырылады;
ә) ол адамның өз практикасынан, өмірдегі көрген-білгенінен 
тұрады.
3.
Әлеуметтік-психологиялық міндеті
– жеке адамның өзін-өзі 
танып білуi немес өз идеяларын болашақта жүзеге асыруға қабілетті 
бола білуi арқылы анықталады. Бұл да адамның әр жас кезеңінде 
әртүрлi жүзеге асырылып отырады. Мысалы, мектеп қабырғасында 
жүргенде балалардың өз құрдастары арасында тіл табысуы, өз 
жоспарларын жүзеге асыруы, содан кейiн ойындағы қалап жүрген 
оқуына түсуі, оны ойдағыдай бітіруі және т.б. Бұлар өздігінен 
жүзеге асыру болып саналады. Өздігінен іске асыру әртүрлі формада 
көрінеді яғни олар әлеуметтік құнды, әлеуметтiк пайдалы, әлеуметтiк 
тұрғыда өте қолайлы, сондай-ақ әлеуметтік және антиәлеуметтік бо-
луы мүмкін.
Өзіне-өзі сеніммен қарау – өздігінен жүзеге асырған жұмысының 
нәтижесінен рахаттану сезімі немесе қанағаттану сезімінің 
қалыптасуымен айқындалады. Тіпті, кейде адам әлеуметтенудің 
құрбаны да болып кетеді. Ол әлеуметтену нәтижесінің адамның ішкі 
сезімдері мен жан дүниесіне қайшы келгенде орындалады.
Әлеуметтену процесінің тиімді жүзеге асырылуы адам қоғамға 
өзін бейімдеп отыра алғанда ғана болады. Ал егер адам қоғам 
өзгерістеріне сай пайда болған жаңа талаптарға сәйкес бейімделе 
алмаса, онда ол әлеуметтенудің құрбаны болады. Мысалы: қазіргі 
уақыттағы жұмыссыз жүрген адамдарды алайық. Олар өз кезінде 
жақсы маман иелерi болған. Бірақ бүгінгі күннің талабына сай келмей 
қалуына байланысты, яғни қоғам талаптарына сай өз мүмкiндiкте-
рiн жетiлдiрiп, дайындалмауынан әлеуметтену құрбанына айналып 
отыр.
Сонымен қатар адам қолайсыз жағдайлардың да құрбаны болуы 
мүмкін. Мысалы, ата-анасы ішімдікке салынып кеткен отбасындағы 
балалар, медициналық қателіктің нәтижесі, экологиялық орта және 


81
т.б. да баланың қалыптасуында оның әлеуметтену құрбаны екендігін 
көрсетеді.
Мектеп жасына дейінгі кезеңде аурушаңдық, рухани соққы алу, 
отбасындағы жоқшылық, кедейшілік те кейде әлеуметтiк ауытқуға 
алып келедi. Бастауыш мектеп жасында ата-анасының ішімдікке са-
лынуы, өгей әке мен шешенің болуы, тәрбиеде дұрыс қамқорлық-
тың болмауы баланың тілінің дұрыс дамымауына әкеліп соқтырады.
Сондай-ақ, ата-аналардың ажырасуы, мұғалімнің қатал қарым-
қатынасы бала дамуында, яғни әлеуметтенуінде үлкен рөл ойнайды.
Сонымен, адам әлеуметтену процесі кезінде оның объектісі де, 
субъектісі де және құрбаны да болады екен. Соның ішінде, әсіресе, 
мақсатты бағытталған тәрбие процесінің мәні зор. Әлеуметтенудің 
тиімділігі көбінесе тәрбиенің гумандық бағытының негізгі прин-
циптерін бiрiздi де жүйелі жүзеге асыруына байланысты болады.
Қоғамның қай кезеңінде болсын тұлғаны өзі өмір сүріп отырған 
қоғамына лайықты азамат етіп тәрбиелеу, қоғамның адам тәрбиесі-
не қоятын талаптарын қанағаттандыру мәселесі күн тәртібінен 
түскен емес. Осы мақсатта біз ерте кездердегі бабаларымыздың 
тәрбие тәжірибелерінде әлеуметтендіру мәселесінің қалай қойы-
лып келгендігіне назар аударып көрейік. 
Ғұламалардың бірі әл-Фараби араб халифатында ертеден қа-
лыптасқан дәстүр бойынша мемлекет басқаруға лайық, білім-пара-
саты мен мінез-құлқы барынша кемел азаматтың болуы сол 
қоғамдағы тәрбиенің ең бірінші міндеті деп қарастырады. Бұл – сол 
қоғамның өркениеті үшін қажетті тұлғаның моделі ретінде сипат-
талды. Олай болса, ғалым ғұлама пікірінше, әрбір отбасында тәрбие 
алатын азаматтың бойында болашақ мемлекет басшысы, әміршісі 
ретінде болуға тиісті сапалар қалыптастырылуы керек деп біліп, 
қоғам талап етіп отырған қасиеттерді қалыптастыруды ұсынады.
Ғұлама осы тұста өзінің «Философиялық-әлеуметтік трактатын-
да» мынадай тұжырымдар мен қағидалар ұсынады: «Ешбір жанға 
бағынбайтын басшы адам өз бойына туа біткен мынадай он екі 
қасиетті ұштастыра жетілуі қажет деп көрсетеді. Олар:
– адамның


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет