99
мен болмыс
бітімін салыстыра отырып, тұлғаның қорытылған
әлеуметтік-психологиялық портретін жасаған (Ю. М. Мастюкова,
Е. М. Мастюкова, Г. В. Грибанова, А. Г. Московкина).
Қала мектептеріндегі оқушы интеллектуалдық даму жағынан
мүмкіндігі өте жоғары. Өйткені қалада ақпараттық көздер (теле-,
бейне-, аудио-жүйелер, басылымдар, әртүрлі
көптеген қосымша
білім беру және мәдени мекемелер) жеткілікті. Қала баласының
мүмкіндігіндегі ақпарат көздерінің көптігі соншалықты, кейде тіпті
көзқарасында әлем туралы теріс пікірлер қалыптасады.
Оқу барысында оқушы адамзат мәдениетінде жинақталған
көптеген ақпараттармен қарым-қатынасқа түседі. Ал адамның ішкі
дүниесі мектеп бағдарламасының сыртында қалып қояды. Мектеп
баланы білім әлемінде өмір сүруге үйретеді, бірақ қоғамда өмір
сүруге үйретпейді. Мұғалім шын көңілден сырын ақтаратын қарым-
қатынас субъектісі немесе ересек досы ретінде емес, мұғалім бала-
мен нақтылы бір ғылыми білімдер қорын тасымалдаушы рөлінде
қарым-қатынасқа түседі. Қазіргі қала мектептеріндегі тәрбие
жұмысының мәні төмендегендіктен, көп жағдайларда оқушыларда
жеке-даралық, эгоистік
тенденция, мұғалімдермен жиі қақтығысқа
бару жағдайлары орын алады.
Бала өздігінен мектеп тапсырған көптеген ақпараттарды мең-
геруге қабілетті емес. Ал мектеп мұғалімімен қарым-қатынасы
жоғарыда айтылғандай ынтымақты-сенімді қарым-қатынасқа
құрылмаған. Осыдан келіп, ақпараттық – шаршаушылық, эмоцио-
налдық қанағаттанбаушылық, оқшаулану күйі немесе сезімі пай-
да болады. Баланың микроортасы
болып табылатын отбасы-
мен, құрбы-құрдастарымен, табиғат ортасымен, тіпті, өзіндік
«Мен» түсінігімен байланыстың үзілуі психикалық шаршауға
және эмоционалдық қанағаттанбаушылыққа алып келеді. Соның
нәтижесінде көп жағдайда ата-аналар балаларымен конфликттік
жағдайларға барады,
отбасылық байланыстар бұзылып, ата-ана-
лар тәрбие міндеттерін шешуде қиналады. Бұл отбасындағы тәрбие
стилінің гиперқамқорлыққа ұласуын немесе толық бейтараптық
күйдің қалыптасуын қамтамасыз етеді. Мұндай жағдайдан соң өсіп
келе жатқан балада бұрмаланған немесе тұрақсыз құндылықтар
қалыптасады. Осы кезде отбасы баланы тура жолды таңдауға
бағыт бағдар беруші бірден-бір орта болып табылады. Осы тұста
ғұлама ақын әл-Фараби бала дүниеге келгенде алдағы өмірінде
бақытты болуға жетелейтін қасиеттерді
игеруде өздігінен жетiле
100
алмайтындығын айта келіп, ол үшін арнайы тәрбие ортасының
болуын қажет деп санайды. Ондай ортаның негізгісі, әрі баланың
бақытқа қол жеткізудегі қасиеттерінің негізі қаланатын тәрбие ин-
ституты
Достарыңызбен бөлісу: