107
қиын, сондықтан бұл жерде шағын аудандарды (мирорайондар)
микроорта деп қарастырады.
Әртүрлі жас кезеңінде адамның
әлеуметтену процесіндегі
микроортаның ықпалы оның объективтілік сипатына, ал адамның
өзінің субъективтілік сипатына байланысты болады. Микроортаның
объективтілік сипаты елді мекеннің типіне қарай аймақтық және
этномәдениеттік жағдайына байланысты әлеуметтендірудің мезо-
факторымен тығыз байланысты болады.
Бірінші кезекте микроортаның қаланың қай аймағында орна-
ласқандығы маңызды. Микроаудан қала шетінде, қаладан алыста,
орталықта орналасуына қарай да ақпарат пен қарым-қатынастың
сипаты ерекшеленеді. Микроортаның
адамның әлеуметтенуіне
ықпалы оның архитектуралық ерекшелігіне, көп жағдайда мәдени
мүмкіндіктеріне, атап айтқанда оқу-тәрбиелік мекемелеріндегі,
клубтардағы, кинотеатрлардағы, спорт залдарындағы, музейлердегі
жұмыстың сапасына да байланысты болады. Сонымен қатар,
микроортадағы адамдардың ұлттық құрамы мен бірыңғай ұлттан
тұруы, демографиялық жағдайы, отбасы құрамы мен халықтың жас
құрамы да өзіндік ықпал етеді.
Нақтылы бір адамның әлеуметтенуіне микроортаның ықпалы
осы адамның сол микроортаның
өміріне қаншалықты араласуы-
на да байланысты болады. Ауылда немесе шағын қалалардағы
адамдардың барлығы дерлік микроортадағы өмірге белсенді ара-
ласады. Үлкен қалаларда адамдардың өзара қарым-қатынасы
жас ерекшелігіне және әлеуметтік
мәдени айырмашылығына
байланысты қалыптасады. Егер жастар жағы азшылық болып,
микрортадағы адамдардың басым бөлігі қарттар болса, онда жастар
микроорта өмірінен бөлектеніп қалады. Ондай жағдайда микроорта
ақпараттардан аз хабары барлардың ортасына айналады да, білімді
де ақпараттардан хабары жеткілікті адамдар бұл өмірге аралас-
пай қалады. Әрине, ондай жағдайда азшылық адамдар тобының
көпшіліктің әлеуметтенуіне ықпалы елеусіз күйде болады.
Экономикалық жағдай
да әлеуметтендіру процесінің бір көзі бо-
лып табылады.
Өмір деңгейі
– адамдардың (халықтың) мәдени және
материалдық сұраныстарын қамтамасыз ету дәрежесімен сипатта-
лады. Оған тамақтанудан бастап, киім, құрал-саймандар, қозғалыс
құралдары (машина) жатады. Сондай-ақ, тәрбие процесінің өзі
де әлеуметтендірудің бір көзі болып табылады.
108
Тәрбие әлеуметтік институт ретінде қоғамдық өмірде нақтылы
қызметті қамтиды. Олар мыналар:
– мақсатты бағытталған жағдайды жасау арқылы қоғамның
мүшесін дайындау мен дамыту мәселесі тек тәрбие процесі арқылы
ғана жүзеге
асырылады;
– қоғамдық өмірдің тұрақтылығын қамтамасыз етуді мәде-
ниетті қолға алу және оны жаңартып, қолдануға ыңғайлы ету
арқылы жүзеге асыру;
– қоғам мүшелерінің қарым-қатынасы мен іс-әрекетін және тал-
пынысын иинтеграциялау.
Бұл мәселелер ата-бабаларымыз
мұраларында кезінде тамаша
баяндалып, өскелең ұрпақ тәрбиесіндегі кеңестері насихатталған.
Оған дәлел, әлеуметтік орта факторының екінші бір қыры ретінде
жора-жолдастардың ықпалын М. Қашқари жырындағы баяндау-
ларынан көреміз. Ол ер жігіттің қалыптасуында жолдастарының
тұлғалық қасиеттерінің, жүрген
ортасының, олармен қарым-
қатынасының маңыздылығын айта отырып, ата-аналарға бала
ортасының жағымдылығын қамтамасыз
етуге ықпал жасауды
ұсынады. Жақсы жігітке қашан да өзі секілді жақсы жолдас үйір
келеді. Олардың достығы мен жолдастығының беріктігіне адалдығы
мен адамдық жағымды қасиеттері, жоғары жауапкершілігі негіз бо-
лады деп санайды. Сондықтан ақын
Достарыңызбен бөлісу: