«Атың кім?»
– деп сұраған. Ол:
«Хузн
(яғни қайғы)»
, – дегенде Мұхаммед пайғамбар:
«Сенің атың –
Сахл (мағынасы «жеңілдік») болсын»
, – депті. Сахаба: «Жоқ. Әкем
қойған атты өзгертпеймін», – деп өлгенше сол атпен жүріпті. Ал
Хузнның баласы кейін:
«Әкем қойған атын өзгертпеді. Біз ешқашан
қайғыдан құтылмадық»
, – деген екен.
115
Бұдан шығатын тұжырым бала атына тартады, яғни балаға
берiлген ат оның тағдыры мен болашағына әсер етедi деген түсiнiктiң
қалыптасқандығын дәлелдейдi. Сондықтан нәресте дүниеге келген-
де әрқашан оған мағыналы да көркем ат қою ата-ананың парызы.
Өкінішке орай, бүгінгі күні көптеген отбасыларында қоғамымызда
болып жатқан құбылыстар мен оқиғаларға байланысты балаға ат қоя
салатындар да жоқ емес. Мысалы, балаларын «Азияда», «Дағдарыс»
деп атап қойғандар да бар. Олар балаларының өскенде өз аттарына
қаншалықты қанағаттанатындығын тіпті елестете алмайды.
Екіншіден, әкенiң бала алдындағы екiншi мiндетi - балаға зама-
нына сай жақсы тәрбие беру болып табылады. Осы тұста әдептiлiк
- әкеден, әкенiң баласы үшiн жақсы тәрбие беруден артық сыйы
жоқ,-деп түсіндіріледі.
Үшіншіден, баланы еркелетiп сүю, оларға мейiрiмдi болу.
Діни түсініктерде балаларды жақсы көрiп, оларға әр уақыт көңiл
бөлуді қажет деп табады. Өйткенi олар iшiп-жеудi керек еткені
сияқты сүйiспеншiлiктi де қажет етедi. Ислам дінінің шариғаты:
«Жастарымызға мейірімді болмаған және үлкендерді сыйламаған -
біздің үмбеттен емес»,
– дейді.
Төртіншіден, баланы шектен тыс еркелетпеу керек. Өйткенi
шектен тыс еркелету ерiккеннiң ермегi болып табылады дейдi
діни еңбектерде. Мұнда балаға мейiрiмдi болумен қатар оның жас
мөлшерiн ескеру қажет болатындығын ескертедi. Мұндай талаптар
бүгiнгi күннiң тәрбиеге қоятын талаптарымен астасып жатыр.
Кеңес педагогтары, соның iшiнде қазақстандық С. Көбеев
пен орыс педагогі В. А. Сухомлинскийдiң «Бала мейірiмдiлiктiң
аздығынан ғана зардап шекпейдi, ол оның ұшан-теңiз молдығынан
да зардап шегедi»,
– деген тұжырымын еске түсiредi. Отбасында
мейiрiмдiлiктi аз көрген бала өскенде жасық, тұйық, дөрекi, өзiне
сенiмсiз және т.б. терiс қасиеттермен өссе, мейiрiмдiлiктi ұшан-теңiз
молынан көрген бала шолжаң, тәкаппар, өзiмшiл, өр көкiрек болып
өсетiнiн ғылыми педагогика дәлелдеп, ата-аналарға ескертуiнің
негізгі идеяларының дiн талаптарынан бастау алғандығын дә-
лелдейдi.
Бесінші міндет,
қыз балаға жақсы тәрбие беру
болып табыла-
ды. Пайғамбар «Кімнің үш қызы болып, ол қыздарға дұрыс тәрбие
берсе, маңдай терімен тапқанымен киіндіріп бақса, оларға әлбетте
жәннат нәсіп етеді»,
– деген сөздері арқылы қыз баласының тәрбиесі
ер балаларға қарағанда күрделі әрі өте жауапты дегенді білдіргісі
116
келеді. Мұндай талаптар қоғамның дәл бүгінгі сұранысына жа-
уап беріп, заманына адамын лайықты бейімдеуді әлеуметтендіру
процесімен байланыстырады.
Алтыншы міндет,
баланың тәрбиесi мен бiлiм алуы үшiн мал-
мүлiктi аямау
деп көрсетіледі. Пайғамбарымыз бұл туралы былай
айтады: Алла жолында жұмсалған қаржылардың ең сауаптысы
– от-
басы мүшелерi үшiн жұмсалғаны деп насихаттайды.
Жетінші міндет, бала шыр етiп жарық дүниеге келген күннен бас-
тап бiрiнен кейiн бiрi ретiмен келiп жататын
балаларға арналған
үлкендi-кiшiлi той-томалақтар жасау.
Сегізіншіден,
балалардың арасын бөлмеу,
яғни бәрiне бiрдей
қарап, әдiл болу міндеттеледі.
Тоғызыншы міндет,
балаларды денi сау етiп өсiру,
оның тәнi мен
жан саулығын қорғау.
Оныншы міндет,
балаларына арам нәрселердi жегiзбеу.
Он бірінші міндет, балаларын оқытып, күнiн көре алатындай
мамандық иесi етiп қалдыру.
Он екінші міндет, ата-ананың өз отбасын нығайта отырып, жасы
жеткен
балаларын үй болуға, өз шаңырағын көтеруге әзiрлеу
болып
табылады.
Жас отаудың түтiнi түзу шығып, онда махаббат пен татулықтың,
ынтымақтың, береке бiрлiктiң орнауы, босағаларының берiк,
болашақтарының нұрлы болуы әке-шешеден алынған тәрбиеден,
олардан көрген өнегеге байланысты болмақ.
Мысалы, қазақтың ғұлама ақыны Абай өзiнiң 38-шi қара сөзiнде:
«… қашан бiр бала ғылым-бiлiмдi махаббатпен көксерлiк бол-
са, сонда ғана оның аты адам болады» деп көрсетуi адамдықтың
белгiсi оның санасы мен iлiмiнде, тәрбиесiнде екендiгiн бiлдiрсе,
Мұхаммед пайғамбардың хадистерiнде: «Тiптi, Қытайда болса
да бiлiм алуға ұмтылыңдар, неге дегенде бiлiм алуға әрекеттену
–
әрбiр мұсылманның парызы»
– деп көрсетуі адамның білім арқылы
ғана адамдық сипатқа ие болатындығын насихаттайды. Мұнда
әрбiр адамның бiлiмдi болуы арқылы ол адамдық қасиетке ие
болатындығын айтады, сөйтіп, бiлiм алу мұсылмандық парыздың
iшiндегi ең маңыздысы екендiгiн төмендегiше дәлелдейдi: «Бiр
сағат iлiм үйрену бiр кеш бойы құлшылық етуден жақсы, бiр күн
бойы дәрiс алу
– үш ай нәпiл ораза тұтқаннан жақсы», – деп білім
ілім алуды насихаттайды. Бұл бүгінгі қоғамымыздың білім заманы-
на айналып отырған шағында жаңа технологиялар мен жаһандық
117
ақпараттарды алу арқылы қоғамға ену, әрбір азаматтың әлеуметтік
ортада өз орнын табуды көздейді. Осы тұрғыдан келгенде дін де,
әлеуметтендіру институттарының бірі ретінде қоғамда өмір сүретін
азаматтың өз орнын тауып, әлеуметтен бөлектенбей араласып өмір
сүруге бейімін қалыптастыруды көздейді.
Достарыңызбен бөлісу: |