Дiни ұйымдардың қызметі
де қай кезде болмасын әлеумет-
тендірудің бір факторы болып келген, бүгінгі күні де оның
әлеуметтендірушілік ықпалы басымдық алып келеді.
Дiн
– қоғамдағы әлеуметтендiру институттарының iшiндегi,
мекемелер арасындағы ең маңызды рөл атқаратыны болып табы-
лады. Дiн
– адамды әлеуметтендiруде отбасы факторынан кейiнгi
екiншi орындағы фактор. Дiннiң мемлекеттен бөлiнуiне байланысты
қоғамда дiннiң рөлi бiршама төмендеп кеткен болатын. Ал қазiргi
кезде керiсiнше ол маңызды орынға көтерiлiп отыр, екiншiден, дiн
әр елдегi халықтардың сенiмiне сәйкес әртүрлi әрi ол барған сайын
өсiп келедi. Әрбiр дiн ұйымдары өз қатарларын көбейте түсу үшiн
барынша жұмыс жүргiзiп келедi. Дiни ұйымдар құдайға сенетiн
адамдарды әлеуметтендiру процесi кезiнде мынадай қызметтi жүзеге
асырып отырады:
1.
Құндылық бағдар қызметi.
Онда дiни мекемелер өз мүшелерi-
нiң бойында белгiлi бiр сенiм жүйесiн, дiни құндылықтарға деген
ұнамды қарым-қатынасы мен қызығушылығын қалыптастыруды
111
мақсат етедi. Ол құдайға сыйыну, құлшылық ету кезiнде насихаттар
оқу арқылы және әртүрлi дiни мерекелер кезiнде қалыптастырылады.
2.
Реттеушiлiк қызмет.
Дiни ұйымдар адамның мiнез-құлқын,
жүрiс-тұрысын дiни ережелерге сай реттеп отырады. Ол ұжымдық
мәдени әрекеттер мен әртүрлi бақылау формалары арқылы жүзеге
асырылады.
3.
Коммуникативтiк қызмет.
Бұл қызмет адамдардың өзара
қарым-қатынасы арқылы қалыптастырылады. Ол дiни сабақтан
дәрiс беретiн мұғалiмдердiң оқыту қағидалары арқылы бiртiндеп
қалыптастырылады.
4.
Қайырымдылық қызмет.
Онда дiни ұйымдардың мүшелерi өз
тәжiрибелерiне сәйкес әртүрлi қайырымдылық жұмыстарын жүргi-
зiп отырады. Мысалы, мешiтке түскен жалпы қаржыдан жетiмдер
мен тұрмыс жағдайы нашар отбасыларына материалдық және
моралдық көмек көрсету және т.б.
5.
Ынталандыру қызметi.
Қандай қиыншылық туындағанда да
адамдардың өмірге, жаратушыға деген сенімдерін жоғалтпай, ары
қарай тіршілік етуіне деген сенімдерін ындаландырып отырады. Сол
бағытта көптеген шарттар мен ережелер бар.
6.
Тәрбиелеушілік қызмет.
Онда адамдардың дiнге сенiмiн
тәрбиелеп шығарады.
Сенушiлердi дiнге тәрбиелеу процесiнде жеке адам немесе топқа
мақсатты бағытталған және жоспарланған түрде сендiру, көзқарасын
қалыптастыру, әлемдi танып бiлу, мiнез-құлқын қалыптастыру
жүзеге асырылады. Дiни тәрбие құдайға қызмет етушiлер,
әлеуметтендiрудiң агенттерiмен, дiн оқытушыларымен, әртүрлi дiни
бiрлестiктермен және т.б. ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Дiни
тәрбие негiзiнде қоршаған ортадағы басқа адамдарға ағарту жұмы-
сы жүргiзiледi. Дiни тәрбиенiң екi деңгейi анықталған. Олар: рацио-
налды және мистикалық.
Рационалды деңгей үш негiзгi компоненттен тұрады: инфор-
мациялық, адамгершiлiк және iс-әрекеттiк. Информациялық
–
тәрбиеленушiнiң дiни мекемелердiң тарихы, құдайлар мен киелi
тарих туралы мәлiмет алуы. Ал адамгершiлiк бұл, дiни мораль та-
лаптарына сай алған бiлiмдерi негiзiнде жоғары адамдық қасиеттердi
игеру арқылы айқындалады. Iс-әрекеттiк
– сыйынуға қатысу, дiн
мәдениетiн меңгеру мен қайырымдылық iстер атқару.
Мистикалық деңгей рационалды деңгеймен тығыз байланыс-
та болады. Мистикалық деңгей рационалды деңгейге қарағанда
112
ауқымды. Мысалы, мистикалық деңгей мынадай мәселелердi
анықтайды: үйде құдайға сыйыну жұмысына үйрену, дайындау, дiни
мерекелердi ұйымдастару мен қатысу, қайырымдылық сезiмдердi
қалыптастыруға дайындау. Әлеуметтендiру процесi кезiнде әртүрлi
әлеуметтiк тәрбиелеу әдiстерi мен формалары қолданылады. (Сабақ
жүйесi, семинар, лекция және т.б.).
Сонымен қатар діни еңбектер мен хадистерде балаларды
қоғамдық талаптарға сай қалыптастыру мәселесі сөз болады. Онда
әрбір адам өз қоғамына лайықты тәрбие алуы тиіс.
Осы тұста Хазiрет Али былай деген екен: «Балаларыңды өздерiң
болмайтын уақыт үшiн тәрбиелеңдер, өйткенi олар сендер бол-
майтын уақыт үшiн жаратылған». Мұндай көзқарастар қазақ
халқының зиялыларының бірі М. Жұмабаевтың педагогикалық
еңбегiнде ата-аналарға бала тәрбиесiнде берген кеңесiнде былай
беріледі: «Ата-аналар балаларын дәл өзiндей етiп тәрбиелемеуi ке-
рек, одан да күштi етiп тәрбиелеуi тиiс, себебi олардың өмiр сүретiн
заманы ата-аналардың заманына қарағанда әлдеқайда талапшаң
болмақ» деп айтқан болатын. Мұның өзi хадистердегi тәрбие
талаптарының кейiнгi ұрпақ тәрбиесiндегi ғылыми тұжырымдардан
кем түспейтiндiгiн, керiсiнше, ғылыми тұжырымдардың негiзi сол
мұсылмандықтың шарттарында жатқандығын дәлелдей түседi.
Сондай-ақ, ислам діні қағидалары қоғамның бүгінгі күнгі адам
тәрбиесіне қоятын талаптарына сай келеді. Діни еңбектердегі өсиет-
хадистерде отбасындағы және қоғамдық орындардағы қарым-
қатынас ережелерi насихаттала отырып, оның бүгінгі мәні де
қарастырылады. Мысалы, адамдықтың негiзгi көрiнiсi сәлемдесуден
басталатынын: «сәлем берiп кiрмеген адамды көзге iлмеуге де бо-
лады» деп айтады. Осындай ой-тұжырымдары арқылы діннің
адамдықтың бірінші белгісі амандасу деп түсінсек, қоғамның бүгінгі
талабы бәсекеге қабілетті маман мен адамның тұлғалық болмысы
жоғары мәдениеттілікті қажет етпей ме? Осы тұста әрбір адам ба-
ласын жоғары мәдениеттілікке шақыратын мұндай талап дін аста-
рында қарастырылады. Осы тұста қазақ халқы «Әдептiлiктiң басы
– сәлемдескеннен, бәленiң басы – ерегiскеннен» деп текке айтпаған
болса керек.
Отбасында балаларды әлеуметтендіруде де хадистер мазмұнында
құнды насихаттар беріледi. Мәселен, «Кiмде-кiм үш қыз өсiрiп,
бағып-қағып, дұрыс тәрбие берiп, құтты орнына қондырса, оған Ал-
ладан тиер сый
– жаннат болмақ» – деп айтуы арқылы, қыз бала
113
тәрбиесiнiң өте күрделi екендiгiн ғылыми педагогика теория-
ларымен тепе-тең талаптар қоя отырып баға бередi. Сондай-ақ
«Мұсылмандарға былапыт сөйлеуге болмайды»
– деп жарасымды
мiнез-құлық пен тәрбиелi әрекеттi насихаттаса, «Перзенттерiңiзге
iзет-әдеп үйрету керектiгiн ұмытпағайсыз»,
– деп ата-аналарға
тәрбиелiк кеңестер бередi. Мұның өзі ислам дінінің негізгі ұстанған
бағыты адамзат баласын жарасымды мінез бен іс-әрекетке тәриелеу
екендігін тағы бір дәлелдей түседі.
Хадистер мазмұнында отбасындағы ата-аналардың тәрбиелiк
өнегелерi ғана емес, бала тәрбиесiнде қолданылатын әдiстері де
әлеуметтендірушілік қызметте маңыздылығы кеңiнен қарастырылған.
Онда «Балаларды суда жүзуге және оқ атуға үйретiңдер. Оларға
адамдар сүйетiн сөздердi айтыңдар. Ашу келген мезет бiр уақыт
үнсiз қалыңдар» деп, тәрбиеде ата-аналар мен балалар арасындағы
қарым-қатынас ынтымақтығын бұзбай тәрбие тиiмдiлiгiне жетудiң
жолдарын ұсынады. «Ешбiр ата-ана өз перзентiне жақсы мiнез-
құлықтан артық мұра бере алмайды» деп, рухани байлықтан асқан
мұраның жоқтығын дәлелдейдi. Мұндағы ата-аналардың бала
болашағын бүгіннен ойластыруы қоғамның бәсекеге қабілетті тұлға
қалыптастырудағы міндеті екендігін, әрбір отбасындағы балалардың
күн ұзаққа әртүрлі тәрбие мекемелерінде білім алып тәрбиеленіп
жатқандығынан дерек береді.
Егемендi елiмiздiң еркiн болашағын тәрбиелеуде оның ұлттық
құндылықтарын, дiнiн және дiлiн ескеру қажет. Осы тұста
ұлттық тәрбие берудiң дiңгегi мен қанат жаяр өрiсi ислам дiнiнiң
қағидаларынан бастау алуы орынды. Ислам мұсылмандардан
көркем мінез-құлық пен адамгершілік қасиеттерін ұстауды талап
ете отырып, ер кісі мен әйелдің арасын алаламады [Хужурат сүресі,
13 аят]. Ислам шариғаты әйел құқығын барлық жағынан қорғау
мақсатында ер мен әйелдің міндеттерін анық бөліп көрсеткен [Әли
Бимран сүресі, 195 аят, Ниса сүресі, 32 аят]. Әйел кісі өзінің ша-
масына қарай қоғамдық өмірге араласып, ғылымның түрлі саласын-
да қызмет жасауға құқылы делiнген (Тәуба сүресі, 71 аят). Мұнда
да қоғамымыздың бүгінгі гендерлік саясатының сол қоғамда орын
алғандығын, әр адамның қоғамына лайықты білім алып, тіршілігіне
қажетті іс әрекетпен айналысуына мүмкіндігі шектелмегендігінен
дерек береді.
Ислам шариғатында отбасы басшылары ата-аналардың жеке
басының өнегесi мен жауапкершiлiгi, сондай-ақ ерлi-зайыптылардың
114
өзара қарым-қатынасы мен бiр-бiрiнiң алдындағы сыйластық
жарасымдылығы отбасында өсіп келе жатқан балалардың
қалыптасуына өнеге. Өйткенi отбасындағы өскелең ұрпақ ата-ана
өнегесiн көрiп өседi емес пе. Ислам шарттары бойынша отбасында
тәрбие мәселесiмен әйел-ана айналысқанымен, жалпы отбасындағы
тәртiп пен тәрбие нәтижесi отағасының жауапкершiлiгiнде болып
саналады. Ата-аналардың өзара түсiнiстiк пен сыйластыққа алып
баратын мiндеттерін нақтылап, оларды мына төмендегiдей етіп
көрсетеді:
1. Ең алдымен ерлi-зайыптылар арасында өзара сүйiспеншiлiк
болуы керек.
2. Отағасы отбасының тамағын, киiмiн және басқа да
қажеттiлiктерiн қамтамасыз ету үшiн еңбектенуi керек, адал ақша
табуы тиiс.
3. Отағасы отбасының дiни және адамгершiлiк мiндеттерiнiң
орындалуына жәрдемшi, ұйытқы болып, игiлiктерiн толықтырып
отыруы керек.
4. Ер адам әйелiне нәзiк, жұмсақ болуы, дөрекi болмауы және
ренжiтпеуi шарт. Бұл жайында пайғамбарымыз былай дейдi:
«Муминдердiң iшiндегi иманы ең кәмiл дәрежеде болғандар,
сендердiң iштерiңдегi ең жақсы адам – әйелдерiне жақсы қараған
адам», – деп айтқан.
5. Ер кісі отбасы тәрбиесі үшін жауапты, – деп көрсетiледi ис-
лам шартында.
6. Жігіттің өмірлік жарын тауып, шаңырақ көтеруі, өз отауын
тігуі оның ғұмырындағы ең қуанышты, ең елеулі, сонымен қатар ең
жауапты қадам болып табылады.
Діни көзқарастарды тұжырымдай келе баланың өмір сүріп отырған
қоғамына еніп, заманына лайықты азамат етіп қалыптастыруда ата-
аналар бала алдында мынадай қызметтерді атқаруы тиіс деп атап
көрсетіледі:
Біріншіден, балаға әдемі ат қою. Бірде пайғамбар бір сахаба-
сымен кездескенде, одан:
Достарыңызбен бөлісу: |