Алеуметтик педагогика indd



Pdf көрінісі
бет36/103
Дата26.03.2024
өлшемі3,85 Mb.
#200307
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   103
Байланысты:
Atemova-Aleumettik-ped

отбасы ортасы
екендігін мынадай сөйлемдер қатарлары 
арқылы тамаша келтірген: «Жаратылысында әрбір адамға өз тіршілігі 
үшін ең жоғары кемелділік дәрежесіне жету үшін көп нәрсе керек, 
ол мұны өзі жалғыз жүріп таба алмайды және бұған жету үшін ол 
қандай да бір адам қауымын қажет етеді. Осы қауымдағы адамдардың 
әрқайсысы оған қажетті нәрселердің жалпы жиынтығынан қандай 
да бір затты тауып беріп отырады. Оның бер жағында әрбір адам 
өзінен басқа екінші адам жөнінде де нақ осындай күйге түседі. Міне, 
сондықтан да бір-біріне көмектесіп отыратын, біреуі екіншісінің 
өмір сүруіне қажетті нәрселердің бір бөлігін тауып беріп отыратын 
көптеген адамдар бірлестіктері арқылы ғана адам өзінің жараты-
лысына сай кемелділік дәрежесіне жете алады», – деп отбасында 
өзара көмек пен ынтымақ болғанда ғана ортақ мүддеге қол жеткізуге 
болатындығын және сол арқылы әрбір отбасы мүшесі өз мүддесіне, 
бақытына қол жеткізетіндiгiн түсіндіреді. Басқаша айтқанда, отба-
сында адамдар бақыт жолында өзара көмек, достық, бейбітшілік 
қатынаста өмір сүруі ләзім дей отырып, «Адамдар туралы айтсақ, – 
деп жазады ғұлама, оларды қосатын және байланыстыратын дәнекер, 
тұтқа – адамгершілік. Сондықтан отбасыда адамзат тегіне жататын 
өзара бейбітшілік пен татулық сақталуы керек», – деген тұжырым 
жасайды.
Осылайша ғұлама өз заманында әлеуметтендіру үрдісіндегі бала 
тұлғасының қалыптасуына отбасы мүшелерінің қалай көмекке 
келуі керектігін сипаттаған.
Қала мектебіндегі баланың құрдастарымен қарым-қатынаста 
үлкен қиыншылықтар байқалады, оның адамдардың түсіне 
білетіндігіне сенімсіздігі басым болады, осыдан келіп тұйықталу, 
оқшаулану секілді қасиеттер қалыптаса бастайды. Сонымен қатар, 
оқуға деген ықылас пен танымдық әрекеттегі белсенділік төмендейді.
Қала балаларының табиғатпен, туған елмен байланысына өте аз 
көңіл бөлінеді, жануарлармен, өсімдіктермен байланыс ауыл балала-
рына қарағанда едәуір аз болады. 
Ауылда өскен бала өмірінің едәуір білігінің табиғатпен тікелей 
байланыста құрылуының арқасында, күшті отбасылық, халықтық 
дәстүр мен қарым-қатынастың арқасында өзін анағұрлым сенімді де 
қоршаған ортада еркін сезінеді. Ата-аналарымен қарым-қатынасы 


101
үлкенге құрмет принципі негізінде құрылып, отбасылық дәстүр-
лер баланың дара қасиеттермен қалыптасуына негізгі фактор ретінде 
ықпал етеді.
Сондай-ақ, қазақ отбасында перзенттiң үлкенінің жауапкершiлiгi 
қашан да жоғары болған. Өйткенi отбасында үлкеннiң үлкендiгiн 
ескертiп, оның кiшiлерге өнеге екендiгiн, соның үлгiсi артынан ерген 
бауырларына жол салатынын 
«Аға iшкен бұлақтан, iнi де су iшедi», 
сондай-ақ, «Ағадан қалғанды iнi киiп өседi, Ападан қалғанды сiңлi 
киiп өседi. Көргендерiн бойына түйiп өседi»
, – деп отбасындағы 
апа-сiңлiлер мен аға-iнiлердiң өзара қарым-қатынасы мен жүрiс-
тұрысының бiр-бiрiне өнеге болатындығын, соған сай үлкенді 
құрмет тұтуды перзенттерiнiң құлағына құйып отырған.
Қазақ ауылында бала тәрбиесіне бүкіл ауылдың үлкендері, 
әсіресе, қарттары араласқандығы белгілі. Үлкендер ауылдастары-
ның балаларының өрескел мінез-құлқын көрсе, ұрсып, тыйым салуға, 
ақыл айтуға құқылы болған. Ақсақалдар мен кіші ұрпақ міндеттерін 
қазақ халқында бала туған-туыстарымен қарым-қатынасы барысын-
да үйреніп, мәнін түсінеді. Мұндай қарым-қатынастың мәні «сыйла-
су» түсінігімен байланысты анықталады.
Халқымыз: «Ағасы бардың жағасы бар, iнici бардың тынысы бар», 
«Үлкен тұрып, кiшi сөйлегеннен без, апa тұрып сiңлi сөйлегеннен 
без», «Aғaғa қарап iнi өсер, aпaғa қарап сiңлi өсер» деп тегін 
айтпаған. Туысқандар арасындағы өнегелі қарым-қатынас үлкенді-
кішілі адамдардың өзара сыйласуынан, қайырымдылығынан, 
кішіпейілділігінен, адалдығынан туындайды. Жас ұрпақтың ақыл-
есінің, мінез-құлқының қалыптасуы өскен ортасының өнегесi мен 
алған тәрбиесіне байланысты. Сондықтан да қазақ ежелден ағалы-
інілі, апалы-сіңлілі адамдар арасындағы татулықты, бауырмалдықты 
насихаттап отырған. Дастархан басында отырғанда дәмнен ауыз 
тиюді бастау ең алдымен үлкен ер адамдерға тиесілі деп түсiнген, 
егер ер азаматтар арасында ересек болмаса, онда үлкен әйел азамат 
бастайды. Тек содан кейін ғана жастар табаққа қол салады.
Қазақ қоғамында үлкен кісілер отырмайынша жастарға отыруға 
болмайды. Бұл жастардың әдептілігі мен тәрбиесін көрсеткен. Со-
нымен қатар үлкендерді сыйлай білетін әрбір жас үлкен кісілерден 
жоғары отырмауы тиіс. Бұл, әсіресе, дастархан басында отырғанда 
ерекше назарда болатын жағдай. Жастардың ересектердің көзінше 
жантайып жатуы да қазақтың әдебінің ережелері бойынша ерсі бо-
лып саналады. Ал қыз балалары үшін үлкен кісілер ғана емес, өз 


102
ағалары мен ер балалар алдында шалқасынан түсiп жатуына бол-
майды. Сол секілді үлкен кісі түрегеп тұрғанда, жастардың отыруы 
да әдептілікке жат.
Қазақ халқының этикет салттары бойынша үлкендер сөйлегенде 
сөзді бөлуге де болмайды. Үлкендердің айтқан өтініштерін 
бұлжытпай орындау жастырға міндет болып саналған. 
Ауыл баласы үшін табиғатпен байланыс орнату оның болмысының 
бір бөлігі іспетті. Адам – табиғаттың бір бөлшегі. Сондықтан 
адам мен табиғат өзара байланысты болғанда тұлға гармониялы 
қалыптасады және бала табиғатпен байланысуды қажетсінеді, жас-
тайынан тәрбиесіне сіңген құбылыс ретінде көрініс тапқан. Табиғат 
баланың ішкі бөліп алғысыз бір бөлшегі, қарым-қатынас субъектісі 
болып табылады.
Баланың микроортасы болып табылатын отбасы, үйі, достары, 
туыстары мен ауылының табиғаты баланың жас күнінен таныс, 
ол баланың ішкі жан дүниесінде тұрақтылықтың кепілі бола оты-
рып, сыртқы жаңа білімдерді, әсерлер мен ықпалдарды қабылдауға 
мүмкіндік береді. Сезімдік әлемінің бай, жаңа сезімдерді қабылдауға 
дайын болу, психологиялық тұрғыдан қорғалғандықты сезіну, 
эмоционалдық тұрғыдан тұрақтылық пен өз күшіне деген сенімнің 
болуы баланың шығармашылық дамуы үшін өте маңызды. Ауыл 
баласының әлемге, адамдарға деген қатынасына ашық-жарқын 
мінезділік, достық қарым-қатынас және тез қабылдағыштық сипат-
тар тән.
Ауыл баласы немесе оқушысы мектеп мұғалімін көмек қажет 
болған кезде ақылдасуға тұрарлық ересек досы ретінде қабылдайды. 
Ал мектеп мұғалімі үшін мектеп оқушысы туралы көзқарасы оның 
мектепке оқуға келуінен әлдеқайда ерте қалыптасады, өйткені олар 
бір ауылда, бір көшеде, тіпті мүмкін көрші тұратын болуы да мүмкін. 
Сондықтан бәрі де көз алдында қалыптасады. 
Ауыл оқушысы үшін әлем туралы алатын негізгі ақпарат 
көздеріне радио, теледидар, бірге оқитын құрбылары секілді 
ақпараттық қажеттілікті сезінетін мектеп мұғалімін де жатқызуға 
болады. Мұғалім қызметіндегі маңызды әрекет бағыты тәрбие 
жұмысы болып қала береді. Өйткені бірыңғай халықтық орта бала 
мен ересектердің тұлғасын әлеуметтендірудің бірден-бір факторы 
болып табылатын адамның барлық сезімдеріне ықпал етеді.
Бұқаралық қарым-қатынас құралдары (БҚҚ) – сандық жағынан 
үлкен аудиторияларға ақпараттарды таратуды жүзеге асыратын 


103
техникалық құралдар (басылымдар, радио, теледидар және т.б.). 
Мыңдаған жылдар бұрын адамдар тек сөйлеу, жазу, музыка, сурет 
салу арқылы қарым-қатынас жасай алған болса, қазіргі уақытта 
баланың туылған күнінен бастап-ақ көптеген адам өмірінде маңызды 
рөл атқаратын бұқаралық қарым-қатынас құралдарын пайдалана-
ды. Соның ішінде бірінші кезекте жазба құралдарын ығыстырып 
жіберген электрондық құралдар алға озып шықты.
Бүгінгі таңдағы БҚҚ, әсіресе, теледидар планетарлық сипатқа 
ие болды, миллиондаған адамдарды өзіне қаратып, мәдениеттің 
аудиовизуалдық жаңа типін қалыптастырды. 
Әйтсе де, бұқаралық қарым-қатынас құралдарының да әлсіз 
тұстары бар. Біріншіден, жиналған ақпараттарды интрерпретациялау 
мен бағалау, жеке-дара және топтық іріктеу механизмдерінің көптігі. 
Бала экран алдында ұзақ уақыт отырады және бәрін бірдей көре ал-
майды, оның үстіне олардың көргендерін қабылдауы мен іріктеуі 
отбасында алған әсерлерінің алғашқы нәтижелерімен байланысты 
болады. Екіншіден, ақпараттың көптігі және теледидарлардағы 
ақпараттардың кейбір нәрселерге шектеу қоятындығы. Үшіншіден, 
жеке тұлғаның шығармашылық даралық дамуы мен әлеуметтік 
белсенділігіне теріс әсер ететіндігі.
Бұқаралық қарым-қатынас құралдарын (БҚҚ) әлеуметтендірудің 
мезофакторы ретінде қарастырғанда ақпараттар ағымының объектісі
жекелеген индивид емес, үлкен әлеуметтік топтың санасы мен 
мінез-құлқы деп түсіну керек. 
Бұқаралық қарым-қатынас құралдарының негізгі қызметтерін 
қарастырайық:
1. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   103




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет