82
сөзді сөйлеушінің ойындағысындай
және істің жай-жапсарына
сәйкес
ұғып алатын
болуы керек;
– өзі түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін
жадында жақсы сақтайтын,
бұлардан ешнәрсені ұмытпайтын бо-
луы керек;
– әйтеуір бір заттың кішкене ғана белгісін байқаған заматта сол
белгінің ишаратын іліп әкетерліктей
алғыр да аңғарымпаз ақыл иесі
болуы шарт;
–
өткір сөз иесі
және ойына түйгеннің бәрін айдан-анық айтып
бере алатын тілмар болуы шарт;
–
өнер-білімге құштар болу,
ақыл үйренуден шаршап-шалдықпай,
осыған жұмсалатын еңбектен қиналып азаптанбай, оңай жететін
болу керек;
– тағамға,
ішімдік ішуге келгенде
қанағатшыл
болуы керек,
жаратылысынан сауыққұмарлықтан аулақ болып, бұдан алатын
ләззатқа жирене қарауы шарт;
–
шындық пен шыншыл
адамдарды сүйіп, өтірік-жалған мен
суайттарды жек көру керек, жаны асқақ және ар-намысын
ардақтайтын болуы шарт;
– оның жаны жаратылысынан пасық істердің бәрінен жоғары бо-
лып, жаратылысынан
игі істерге ынтызар
болуға тиіс;
– дирхем, динар атаулыға, жалған дүниенің басқа да төл нәрселеріне
жирене қарап, жаратылысынан
әділеттілік пен әділеттілерді
сүйіп,
әділетсіздік пен озбырлықты және осылардың иелерін жек көретiн
болуы керек, жақындарына да, жат адамдарға да әділ болып, жұртты
әділдікке баулып, әділетсіздіктен зардап шеккендердің залалын өтеп,
жұрттың бәріне өз білгенінше
жақсылық пен ізгілік көрсетіп оты-
руы
қажет;
– әділ болу керек, бірақ
қыңыр болмау
керек, әділеттілік алдында
қияс мінез
көрсетіп қасарыспау керек;
– әділетсіздік пен пасықтық атаулыға мүлдем рақымсыз болуы
шарт, өзі қажет деп тапқан істі жүзеге асырғанша
шешімпаздық
көрсетіп, бұл ретте қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін
ба-
тыл, ержүрек
болу керек».
Осы қасиеттердің бәрін бала бойында қалыптастыра отырып,
мінсіз адамды
тәрбиелеп шығаруды қоғамдық мәні зор міндет етіп
қойды. Дегенмен әл-Фараби бұл
қасиеттердің барлығы бірдей
бір кісінің бойына бітіп, дари қоюы сирек болатын құбылыс екенін
ескерте отырып, мұндай жағдайда олардың бойында барының
83
негіздерін, нышандарын жетілдіруге кеңес береді. Оны ғалымның
мынадай айтқан сөзінен аңғарамыз: «Осының бәрінің бір адамның
бойында болуы қиын нәрсе, сондықтан да жаратылысынан осындай
қасиет дарыған адамдар өте сирек кездеседі. Сондықтан егер біз өмір
сүретін ортадан немесе отбасынан осындай адам табыла қалса және
өзі өсіп-жетілген кезде жоғарыда аталған шарттардың алтауы неме-
се бесеуі оның бойына біткен болса, онда қиялдау қабілеті жағынан
теңдесі болмағандықтан, ол осы қаланың айтулы басшысы болмақ»
– деп осындай қасиетпен туылған адамның өзінің аса қабілетті әрі
дарынды тұлға болатындығын сипаттайды.
Осы айтылған мәселелерге салыстырмалы
талдау жасай келіп,
баланың жеке тұлғасын әлеуметтендіруде Жүсіп Баласағұнның
көзқарасы да әл-Фараби идеяларанынан туындаған деп тұжырым
жасауға болады. Өйткені ақын Ж. Баласағұн да жеке тұлға тәрбиесін
мемлекетті басқаруға лайықты азаматтық қасиеттермен байла-
нысты қарастырады. Онда ғұлама
адамдықты сипаттайтын төрт
қасиет: әділдік, ақыл, дәулет, қанағатты бөліп көрсетіп, олардың
қоғамдық-әлеуметтік мәніне сипаттама берген.
Достарыңызбен бөлісу: