Қарағанды облысының білім басқармасы Қарағанды облысында білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы



Pdf көрінісі
бет13/48
Дата02.04.2024
өлшемі0,95 Mb.
#200472
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   48
Байланысты:
ТЖО КІТАП

ТӘРБИЕ ЖҦМЫСЫН ЖОСПАРЛАУ 
 ӘДІСТЕМЕСІ ЖӘНЕ ТЕХНИКАСЫ
Тәрбие жетістігі кӛбінесе жоспарлауға байланысты. Әрине, оқушылардың 
күнделікті ӛмірі мен қызметін, сынып жетекшінің және педагогтердің барлық 
әрекеттерін, тәрбие үдерісінің барлық қарама қайшылықтарын және 
жағдайларын жоспарға келтіріп, ескеруі мүмкін емес. Дегенмен жоспар
белгілі жағдайда бұл үдерістің алдын алып, оның жолдары мен бағытын 
айқындап,сынып жетекші мен педагогтің ұстанымдарын кӛрсетеді. 
Жоспар – тәрбие жұмысы сапасын арттыратын құрал бола алады. Оның 
мағынасы терең, ӛзі қысқа да нұсқа және нақты болуға тиісті. Есіңізде болсын -
педагогтердің жұмысы «тек жоспар үшін» үшін болмағаны абзал.
Жоспарлау ережелері 
Тәрбие жұмысын жоспарламас бұрын, директордың орынбасары келесі 
ережелерді ұстануға тиісті: 
Бірінші ереже.
Жоспарланатын іс-шаралар оқушылардың жас 
ерекшелігіне байланысты болғаны жӛн, ӛйткені әрекеттегі қызметтің 
ерекшеліктерін осы жастың психологиялық негізі ретінде қарастырған дұрыс. 
Екінші ереже.
Әрбір жоспарлайтын іс-шара белгілі бір түпкілікті 
нәтижені кӛздеп және қойылған мақсаттарды шешуі қажет. 
Үшінші ереже.
Сынып тыс іс-шаралардың жоспарлануы аяқ астынан емес, 
жүйелі түрде болуы керек . 
Төртінші ереже.
Жоспар құрғанда мектептегі тәрбие жүйесінің 
мақсаттары мен міндеттерін, оқушылардың және олардың ата-аналарының 
пікірлерін ескеруге тиістіміз. 
Бесінші ереже.
Егер ТЖ бойынша директордың орынбасары жұмысын
бірінші рет бастаса, онда ол ТЖ бойынша оның алдындағы директор 
орынбасарының тәрбие жұмысын зер салып зерттеп шыққаны дұрыс болады 
және мүмкіндігінше соның мектепте бастағанын жалғастырып, ӛзінікін қосып, 
жетілдіре түскені жӛн.
Алтыншы ереже.
Жоспарлауда мектептің дәстүрлі негізгі іс-шараларын 
басты назарда ұстау керек, осы арқылы біз оқушылардың қатысу белсенділігін 
кӛтере аламыз. 
 Жетінші ереже.
Осы жылдың тәрбие жұмысына талдау жасағанда ТЖ 
бойынша директор орынбасары келесі жылда шешетін мектеп мәселелерін 
айқындап алуы қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет