Жеке карточка



Pdf көрінісі
бет53/64
Дата04.04.2024
өлшемі25,48 Mb.
#200509
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   64
Байланысты:
Публикация на каз

ҚОСЫМША ТАМАҚ ҮШІН 
ҰСЫНЫЛҒАН АЗЫҚ-ТҮЛІК

Ет, балық, бауыр/ішкі құрылыс 
тағамдары

Көкөністер, жемістер (қою жасыл 
және қызғылт/сары-жасыл) 

Бұршақ тұқымдастар
Әр тамақтандырған сайын тамақтың 
алуан түрлі болуын қамтамасыз етіңіз
ҚОСЫМША ТАМАҚТЫҢ 
ҚОюЛЫҒЫ 


89
Тамақты біртіндеп, кезең-кезеңмен беру керек, 
мұның үстіне емізуді жалғастыра беріңіз, бала қанша 
рет сұраса, сонша рет беру керек. Бала жаңа тамаққа 
тезірек үйреніп кететін болғандықтан, тамақты 
емшек емерге дейін бере бастаңыз. Баланың 
тағамының мөлшері мен энергетикалық құндылығы 
әрбір кезеңде баланың жас ерекшелігі талап ететін 
қажеттіліктеріне сәйкес келуге тиіс. Бала тамақты 
қасықпен жеуді, еріндерін пайдалануды, тамақты 
ауыз қуысына салып, оны жұтуды үйренеді. 
Алдымен жарма тағамдарын (күріш, қарақұмық) немесе көкөніс езбесін 
(пісірілген картоп, сәбіз, шалқан, қырыққабат, езбе), жемістерді (банан, алма, 
алмұрт, шабдалыдан жасалған езбе), одан кейін ет (майсыз ет түрлерінен жен-
тектелмеген, езбе түрінде), бұршақ тұқымдастардан (қабығы алынып, әбден 
пісірілген) езбені қосыңыз. 
Езбе, ботқа, жемістер мен көкөніс балаға бірден ұнай қояды деп ойламаңыз. 
Баланың жаңа дәмге үйренуіне уақыт беру қажет. Балаға бірінші рет берілетін 
тамақтың әрқашан жылы, өте жұмсақ, әбден езілген, ешбір түйірсіз, езбе 
деңгейіне жеткізілген және қою емес болуы қажеттігін ұмытпаңыз. 
Басында бала қосымша тамақтан бас тартуы мүмкін. Бұл - тамақ оған ұнамайды 
деген сөз. Ол тамаққа кейіннен үйренеді, сондықтан жартылай қатты тамақтың 
түрімен ауыстыруға асықпаңыз. 
ҚОСЫМША ТАМАҚТЫ ҚАШАН БЕРУ КЕРЕК?
Бала
Ана
неғұрлым белсенді
Балаға көбірек көңіл бөле алатын 
қарны аш (баланы шамамен бір уақытта 
тамақтандыруға тырысыңыз және ем-
шек ембей тұрып) болатын
күннің неғұрлым ыңғайлы уақытын таңдаңыз.
Күнделікті тамақтану режимін белгілеңіз


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет