Жеке карточка


ІІІ ТОП. Сүт және сүт өнімдері



Pdf көрінісі
бет56/64
Дата04.04.2024
өлшемі25,48 Mb.
#200509
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   64
Байланысты:
Публикация на каз

ІІІ ТОП. Сүт және сүт өнімдері
Бір порцияның мөлшері
1 стақан қаймағы алынбаған немесе қаймағы алынған сүт, 
айран, қатық немесе шұбат 
220 мл.
1 тілім қатты ірімшік 
45 гр. 
1,5 тәрелке ірімшік, сүзбе немесе үйде дайындалған ірімшік
250 гр. 
IV топ. Ет, балық, жұмыртқа және бұршақ тұқымдастар (үрме бұршақ, 
бұршақ, маш, жасымық)
Бір порцияның мөлшері
Пісірілген ет немесе балық порциясы 
(ересек адамның жарты 
алақанындай) 
70-100 гр. 
2 жұмыртқа
3/4 тәрелке пісірілген бұршақтар (үрме бұршақ, бұршақ, маш)
100-150 гр. 
3/4 тәрелке жаңғақ
100-150 гр.
V топ. Май, майлар және қант
Бір порцияның мөлшері
1 шай қасық үй қаймағы немесе сары май, маргарин
1 шай қасық мақта немесе басқа өсімдік майы
1 ас қасық майонез
2 шай қасық қант
1 толық шай қасық бал немесе тосап (джем)
1 батон шоколад
шамамен
60 гр. 
1/2 тілім торт
*екінші тамақтарға арналған тәрелке 


93
Бұл кезеңде Сіз бала қанша жиі сұрасы, сонша рет емізуге, 3 рет отбасы дастар-
ханынан тамақ беруге және 2 рет нәрлі жүрек жалғар тамақ беруге тиіссіз. 
Тамақты түрлендіру және мөлшерін көбейту керек. 
Отбасы дастарханындағы тамақ балаңыздың рационының маңызды бөлігіне 
айналуға тиіс. Баланың жеуіне оңай болуы үшін оны ұсақтау қажет. 
• Балаңыз қаншалықты жиі тамақ ішкісі келсе, соншалықты жиі тамақ 
беріңіз.
• Балаңызға ортақ дастарханнан күніне 3 рет нәрлі тамақ, қосымша екі 
жүрек жалғар тамақ беріңіз. 
Барабар порциялар мен белсенді тамақтандыру әлі де болса қажет.
• 2 жастағы және одан асқан бала ортақ дастарханнан күніне 3 рет әр түрлі 
иамақ ішуге тиіс.
• Бұдан бөлек, тамақ арасында балаға тағы екі рет тамақ беру керек.
Бұл жастағы балаларға кейбір тамақ ұнайды, ал кейбіреуі ұнамайды. Бала 
толыққанды өсіп, дамуы үшін әр алуан тамақты қажет ететін болғандықтан, 
бұл біршама қиын мәселеге айналуы мүмкін. Сіз тамақтың өзіңізге ұнайтынын 
көрсете және қатарынан бірнеше күн бойы осы тамақты аз-аздан бере отырып, 
баланы жаңа тамақты жеп көруге ынталандыра аласыз. Балаға мәжбүрлеп тамақ 
беру ешқашан жақсы нәтиже бермейді. 
Тамақты күн сайын белгілі бір уақыттарда беру баланың тәбетінің пайда бо-
луына көмектеседі. Үнемі бір орында тамақтандыру оның тамақтан басқаға 
алаңдамауына мүмкіндік береді. 
Балаға шай бермеңіз! Шайдың құрамындағы заттар (таниндер) тұтынатын 
тағамдардан темірді тартатын болғандықтан 3 жасқа дейінгі балаларға шай 
(қара шай да, көк шай да, шөп шай да) бермейді, бұл балада анемияның (қан 
аздығының) пайда болуына әкеп соқтыруы мүмкін. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет