Жеке карточка



Pdf көрінісі
бет59/64
Дата04.04.2024
өлшемі25,48 Mb.
#200509
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64
Байланысты:
Публикация на каз

БАЛАНЫҢ ДАМУЫНА КӨМЕК


97
Әрине, балаларға арналған кітап баланың жасына сай болуға тиіс. Бүлдіршін 
жастағы балалар үшін ол қатты, түрлі-түсті суреттері болуы, қолға ұстағанда 
жеңіл болуы керек. 
Баланың физикалық белсенділігін бүлдіршін кезінен мадақтаудың маңызы зор, 
мысалы, сәби еңбектеу үшін ашық кеңістік болуы қажет, бала ойыншықтарды алу 
үшін белгілі бір қимыл жасап, қолына алу талап етілетіндей етіп ойыншықтарды 
қойып шығыңыз. Бала жүре бастаған кезде оған көмектесу қажет және сүйеніш 
болатын нәрсені беру керек. Бүлдіршін жастағы балаға жаттығу жасағанда 
оның басын төмен салбыратуға, аяғынан немесе бір қолынан көтеруге болмай-
ды. Сондай-ақ, 5 жасқа дейін ұйымдасқан спортқа бермеген дұрыс. Бұл жаста 
дұрысы, серуендеу, доппен ойнау т.б. Сурет салу, жапсыру, түрлі ойыншықтармен 
ойнау өте маңызды. 
Есіңізде болсын, бала үшін ойын – ол тек көңіл көтеру ғана емес, бұл оның ақыл-
ой дамуының және қоршаған ортаны тануының міндетті шарттары. Сондықтан 
ата-анасы баланы ойыншықпен қамтамасыз етуі, ойыншықты және ойнайтын 
ойын түрлерін баланың жасына сәйкес таңдау қажеттігін ескеруі тиіс. Ойыншық 
бала ойнайтын орын сияқты қауіпсіз болуы тиіс. Сондай-ақ, баламен бірлесіп 
отырып ойыншықты қолдан жасаудың да үлкен маңызы бар. 
Бір сөзбен айтқанда, баланың өз бетімен әрекет етуіне мүмкіндік беріңіз. Ол 
ерік-жігерін тәрбиелеуге көмектесетін алғашқы қиындықтарды жеңуді үйренеді. 
Балаға түсініксіз және жиі тыйым салатын ережелер орнату қисынсыз: балаға 
ескертуді уақытында беріңіз, ол өзінің қылығын ескертумен байланыстыра 
алатындай болсын. Баланы ешқашан ұрып-соқпаңыз! Оны жәбірлемеңіз және 
қорқытпаңыз! Оның жаман немесе жақсы қылығына Сіздің уақытылы назар 
аударуыңыз қажет (мысалы, бала Сіздің «үйге барайық, сосын мен сенімен 
сөйлесемін!» дегеніңізді түсінбейді). 
Есіңізде болсын, төменде келтірілген белгілер баланың дамуын тоқтатады! 


98
Сіздің балаңыз күн сайын жаңа білім мен дағдыны игере отырып, өсіп және да-
мып келеді. Әрбір жас ерекшелігі бойынша топтардағы балаларға бала нақ сол 
ойыншық арқылы қоршаған ортаны оңай тани алатындай ойыншықтар қажет. 
Бұл бөлімде болжамды түрде алғанда Сіздің балаңыздың үйлесімді дамуы үшін 
қажет болатын ойыншықтар жиынтығы келтірілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет