87
Сіз баланы қанша реет сұраса, сонша реет емізуге тиіссіз,
бірақ тәулігіне кемінде
6 рет. Бірақ 6 ай толғаннан кейін емшек сүті баланың барлық энергетикалық
қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайды. 6 айда балаңыз Сіздің сүтіңізге
қосымша басқа тамаққа мұқтаж бола бастайды. Мұндай тамақ ана сүтін
толықтыратын болғандықтан, қосымша тамақ деп аталады.
• Балаңызға 6 ай толған кезде Сіз оған бірте-бірте тағамның мөлшері мен
жиілігін көбейте отырып, күніне 1-2 ас қасықтан бере бастауға тиіссіз. 12
айға қарай қосымша тамақ негізгі энергия көзіне айналады.
• Егер балаңыз емшек еметін болса, онда оған қосымша тамақты күніне 3
рет беріңіз.
• Егер балаңыз емшек ембесе, күніне 5 рет тамақ беріңіз.
Жақсы қосымша тамақ нәрлі әрі жергілікті жерде қолжетімді болуға тиіс.
Құнарлы және нәрлі тамақтар: сүт және өсімдік/сары
май немесе қолдың
қаймағы қосыоған қою ботқа, жемістер,
көкөністер, бұршақ тұқымдастар, ет/
ішкі ағзалар (бауыр, өкпе, жүрек), жұмыртқа, балық және сүт өнімдері.
Баланы белсенді түрде тамақтандырудың маңызы зор.
Баланы белсенді
тамақтандырған кезде оны тамақ жеген сайын көтермелеп отыру керек. Бала
өзінен үлкен ағаларымен және апаларымен ортақ тәрелкедегі тамақты тауысу
үшін жарысуға тиіс. Баланың өзіне тиесілі үлесі бар өз тәрелкесі болуға тиіс. Ба-
рабар порция дегеніміз – бала белсенді тамақтанғаннан кейін тамақ сұрамайды
деген сөз. Бала әзірге өз бетімен
тамақ жей алмайтындықтан, Сіз бала тамақ ішіп
жатқанда оның қасында отырып, аузына қасығын апаруға көмектесуіңіз қажет.
Сіз баланың
тамаққа қызығушылығын оята, күлімсіреп, тағы бір бөлігін ұсына
отырып, оны тамақ жеуге ынталандыра аласыз. Егер бала тамақ жеуден бас тар-
татын болса,
оны қорқытудың, тамақ жеуге мәжбүрлеудің немесе өзіңнің азу-
ызаңды көрсетудің қажеті жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: