36
мүшелер мен ағзалар сол кезеңдегі жетіспеушіліктен кӛбірек зардап шегеді
"
екен. Айталық, туылғаннан кейінгі кезеңде тӛлдің сүйетері жылдам
дамитындықтан қоректік заттар жетіспеушілігінен оның қаңқасының дамуы
тежелсе, сақа малдың салмақ қосымы мен ӛнімділігі тӛмендейді.
Эмбрионалдық даму кезеңіндегі олқылықтардан туындаған ӛсіп-жетілу
кемістіктері мал бойында кейінде эмбрионализм түрінде, ал тӛл
азықтандыруындағы жетіспеушілік инфантилизм түрінде сақталап, мал
ӛнімділігіне кері әсер етеді. Беретін ӛніміне қарай бағыттап ӛсіру
арқылы
малдың дене бітімін, сыртқы пішімі мен ішкі ағза, мүшелерін жетілдіруге
болады. Ол үшін туылғаннан бастап түліктің түріне, жасына, ӛнімдік бағытына
байланысты қажетті мағлұматтар жинайды. Мысалы, ӛсу жылдамдығына
байланысты тез жетілгіш ұсақ мал тӛлін ірі малдікіне қарағанда жиі ӛлшейді.
Малды таңертен азықтандыру алдында ӛлшейді.
Малдың ӛсіп-жетілуін
оның салмағы мен бойын, кӛлемін ӛлшеп
анықтайды. Малды бір мезгілде – таңертең, малды азықтандырғанға дейін
ӛлшейді. Жылдам ӛсетін мал түлігін жиірек ӛлшейді. Мысалы, ірі қараны
туылғанда, 1-, 2-, 3-, 6-, 9-, 12-, 18-, 24-айлығында және одан ткейін жыл сайын
ӛлшесе, қойды – туылғанда, 1-, 4-, 12-, 24-айлығында, шошқаны – туылғанда, 1-,
2-, 4-, 6-, 9-, 12-, 24- айлығында ӛлшейді.
Ӛсу жылдамдығын абсолюттік және салыстырмалы салмақ қосуымен
немесе ӛлшедерінің ұлғаюымен есептейді. Мал
басының нақтылы абсолюттік
(А, кг) ӛсімін белгілі уакыт аралығында (ti - алдыңғы ӛлшеу уақыты; t
2
- соңғы
ӛлшеу уақыты) қосқан салмағының айырмашылығы (W, - бастапқы ӛлшеу, кг;
W
2-
соңғы ӛлшеу, кг) бойынша келесі теңдікпен шығарады: H = (W
2
-W
1
)
: (t
1
-t
2
)
Мал денесіндегі ӛзгерістер үздіксіз жүретіндіктен, оның дәл нақты ӛсімін
шығару қиын. Әсіресе жылдам ӛсетін жас мал ӛсімін есептеулі мерзімде
қосылған салмақ мӛлшерінің бастапқы салмағына (W
1
- бастапқы ӛлшеу, кг; W
2
- соңғы ӛлшеу, кг) пайыздық қатынасымен берілетін салыстырмалы ӛсімімен
(С, %) кӛрсеткен дұрыс: С = (W
2
– W
1
) : (W
1
) x 100
Ӛсу барысын кӛрнекті түрде
ӛсу сызығын
құрып бейнелейді. Ол үшін
графиктің абсцисс осына малдың жасын, ал ординат осына оның сол кездегі
салмағын салып, екі сызықтың кездескен жерін түктелеп
белгілейді де солар
арқылы ӛсу сызығын жүргізеді. Тӛл ӛсуі алдымен ататегінен берілген тұқым
қуалаушылық қасиетіне тәуелді болса, ол қасиетінің айғақталуы тіршілік ету
ортасына байланысты болады. Орта жағдайына бейімделу қасиеттері жоғары
тӛлдің жақсы ӛсіп жетілуге мүмкіндігі кӛп болады.
Тӛлді
бағыттап, болашақ ӛніміне сәйкестендіре ӛсіру қажет. Айталық, ет
тұқымды сиыр бұзауын енесінен бӛлмей еркін емізіп ӛсіріп, салмағы ауыр, еті
мол тӛртбақ мал ӛсіру кӛзделсе, бұзаудан болашақта сүтті сиыр ӛсіру жолы
37
басқаша. Алты ай сүт кезеңінде сүт тұқымының бұзаулары алғашқы екі айда
енесінің немесе жалпы жиналған сүттен еміп, екінші айдан бастап ол сүттің
берілу мӛлшері біртіндеп азайтылып, орнына майсыздандырылған кӛк сүт
беріле бастайды да жасынан бастап бұзау ас қорыту жолдарын кеңейтетін
кӛлемді жемшӛпке үйретіледі.
Бұзауды жазда кӛк балауса, ал қыста сапалы майда пішен, құрама сүрлем
мен пішендемені молынан жеуге үйретуде
оның ас қорыту жолдарын, оның
ішінде алдымен алдыңғы қарын бӛлімдерін (месқарынды) кӛптеп аумақты
ӛсімдік жемшӛпті сидырып, оны жоғары қорытуға бейімдеу кӛзделеді. Сӛйтіп
олардан жалпы ас қорыту жүйесі, оның ішінде алдыңғы қарын бӛлімдері
клетчаткалы арзан жемшӛпті молынан сидырып, кӛптеп қорытып, сүтке
айналдыратын, содан дене пошымы үшбұрыштанған сиыр ӛсіріледі. Сүтті
бағыттағы бұзауларды салқын қораларда ұстап, жазда жайылым отына жайып
шығады.
Осы секілді басқа мал түлігінің тӛлін де ӛсіру
мақсатына, болашақ
ӛнімділігіне сәйкестендіре азықтандырып, жаттықтырып, бағыттап ӛсіріп
тәрбиелейді. Мысалы, жылқы тӛлін ӛсіруде олардың болашақта мініске,
желіске, жегіске, сауынға, соғымға, спортқа
пайдалану мақсатын ескере
отырып, тұқымы мен ӛнімдік бағытына бейімдей ӛсіріп тәрбиелейді.
Достарыңызбен бөлісу: