31
қамтамасыз етеді. Олардын кӛпшілігінің ұшы сіңір болып бітеді. Қаңқа
сүйектен, шеміршектен және оларды байланыстырып
тұратын сіңірлерден
құралады. Қаңқаның
арқау
бӛлігіне
бас сүйек, омыртқа жотасы, тӛс сүйек,
дененің белдік, құйымшақ бӛліктері,
шеткі бӛлігіне
кеуде мен жамбас
ұштарымен жалғасатын сүйектер
жатады.
Бас сүйек пен ми бӛліктерге бӛлінеді. Бас сүйектің бет жақ бӛліктерінін
сүйектері тұмсық пен ауыз қуысын және кӛз ұясын, ал ми сүйегі бӛлігі бас
сүйектің ми жататын қуысын құрайды. Бас сүйек ұңғысын түзетін
қарақұс
мойын омыртқамен буын арқылы жалғасады. Тұлға қаңқасының негізі омыртқа
жотасы, яғни, омыртқа желісі 7 мойын, 18-19 арқа, 7 бел, 5 сегізкӛз (құйымшақ)
және 17-19 құйрық омыртқаларынан құрылады. Омыртқалардың тесігінен
омыртқа жотасының ӛзегі ӛтеді де, онда жұлын орналасады. Ал омыртқа
қанаттарына бұлшық еттер бекітіліп, омыртқа жотасын қозғалысқа келтіреді.
Дене қаңқасынын кеуде бӛлігіне қабырғалар мен тӛс сүйектері кіреді.
Қабырғалар мен тӛс сүйектері
арқа омыртқалармен жалғасып, кӛкірек қуысын
құрайды. Кӛкіректе жүрек пен ӛкпе сияқты маңызды мүшелер орналасады.
Омыртқаның құйымшақ бӛлігі омыртқалармен тығыз қосылыса біткен
құйымшақ сүйектерінен тұрады.
Кеуде қаңқасына жауырын,
тоқпан жілік, алдыңғы сан сүйектері, тізе,
жіліншік пен бақай сүйектері кіреді. Жылқының әрбір сирағында тіреу қызметін
атқаратын екі бақайы болады. Тоқпан жілікті жауырынмен жалғастырып
тұратын жауырын-иық буыны иық сүйегінің әр жаққа қозғалып тұруын
қамтамасыз етеді. Шынтақ, тізе және бақай тұсамыс, топай және тұяқ буындары
ӛздерін құрап тұратын сүйектердің дененің он бойы бір бағытта иіліп-жазылып
тұруына мүмкіндік береді. Жауырын және тоқпан жілік денемен бұлшық еттер
арқылы жалғасады.
Бӛксе бӛлігі жамбастан,
ортан жілік, асық жілік сүйектерінен, тірсек,
артқы жіліншік пен бақай сүйектерінен тұрады. Жамбас құрамына құйымшақ
пен бірінші құйрық омыртқасымен жалғасып, жамбас қуысын құрайтын мықын,
шат, шонданай сүйектері кіреді. Жамбас сүйегі ортан жілік сүйегімен жалғасып,
ұршық буынын құрайды. Ортан жілік, тобық пен асық жілік тізе буынын
біріктіреді. Асық жілік тірсек және артқы жіліншікпен қосылып, тірсек буынын
құрайды. Артқы жіліншік пен бақайларының құрылысы алдыңғы жіліншік пен
бақайларының құрылысымен бірдей болады.
Сирақ буындарында буын
капсуласы мен байланыстырғыш сіңірлер болады.
Бұлшық ет.
Қ
аңқамен қосылып
қозғалыс-қимылды
қамтамасыз ететін
жылқыда ӛте жақсы жетілген
250
қаңқа бұлшық
еттері
болады. Олардың
кӛлемі жылқының жасы мен дамығандығына, атқаратын жұмыс түріне
байланысты болады: салт мініс аттарінікі тығыз, ұзын және жіңішке болса, ауыр
жүк тартатын жылқынікі жұмсақ, бос, қысқа және жуан келеді.
Орналасуына
32
қарай олар дене бӛліктерінің иілуін не жазылуын қамтамасыз етеді: омыртқа
жотасының үстіңгі жағына бекігендері оны жазады да, астыңғы жағына
бекігендері иеді. Кӛкірек қуысын құрсақ қуысынан бӛліп
тұратын диафрагма
(кӛк ет) бұлшық еттері кӛкірек қуысының кӛлемін ұлғайтып не кішірейтіп
тыныстануды, ал аяқ-қол бұлшық еттері жүріс-тұрысты қамтамасыз етеді.
Бұлшық еттердің сырты шандыр деп аталатын дәнекер ұлпамен қапталады.
Бас.
Достарыңызбен бөлісу: