Омарқожаұлы Н. Шуркин А. И. Мал шаруашылығы негіздері



Pdf көрінісі
бет8/82
Дата08.04.2024
өлшемі3,77 Mb.
#200620
түріОқулық
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   82
Байланысты:
Мал шаруашылығы негіздері by Омарқожаұлы Н., Шуркин А.И. (z-lib.org)

а - тостаған тәрізді; ә - кесе тәрізді; б - ешкі желін 
Желін альвеолаларында түзілген сүт жіңішке түтікшелер тәріздес шығару 
жолдарымен сүт каналдарына құйылады да, олардан барып кеңірек сүт 
жолдарына 
жиналады. 
Сүт 
жолдары 
емшектерде 
орналасқан 
сүт 
цистерналарына жалғасады. Осы цистерналарда жиналған сүт сауу кезінде 
емшек каналы арқылы шығарылады.
Альвеолалардағы жиналған сүт каналдарға ӛздігінен емес, сауылу кезінде 
оларды қоршаған бұлшық еттер жиырылғанда шығарылады. Альвеола бұлшық 
еттерінің жиырылуы малдың орталық жүйке жүйесіне бағынатындықтан, 
сиырды сүт шығаруға жақсы бейімдеп, иітіп барып сауудың физиологиялық 
маңызы зор. Сиырды тез иітіп, мол сүт шығару үшін саууды бір жерде, белгілі 
уақытта, үйреншікті жағдайда жүргізеді. Белгілі күн тәртібіне үйренген малдың 
жүйкесінде
 
динамикалық стереотип
, яғни, шартты және шартсыз 
рефлекстердің мерзімімен реттестірілген тізбегі орнатылып, мал мол 
ӛнімділікке бейімделеді. 
Сиыр желіні жұмсақ, ал емшектерінде жарақат ізі, жарылғандың болмауы 
тиіс. Осындай жоғары ӛнімді сүтті сиырлардың осыдан он ғасыр бұрын ежелгі 
Мысыр елінде ӛсірілгенін перғауындар пирамидасындағы сиыр саууды 
бейнелеген барельефтен кӛруге болады (1.12-сурет). 


20 
1.12-сурет – Сиыр сауу (пирамида барельефі) 
Сиыр сүттілігі мен жалпы ӛнімділігін болжайтын халық арасында тараған 
кейбір белгілер де бар. Мысалы, сиыр танауының үстіндегі тер моншақтары мен 
құлағының тері сүт бездерінің қызметі жақсы жетілгенінің белгісі ретінде 
қабылдайды. Сондай-ақ, олардың құйрықтары ұзын, жерге сүйретіліп жатады. 
Ал құйрық ұшындағы қайызғақ мол да майлы сүт шығатын сиырлар 
ағзасындағы зат алмасу процесінің жедел жүретіндігін байқатады деп 
есептелінеді.
Атбегі, құс бегі аталған тәжірибелі сыншылар сырт кӛзбен шолып-ақ сырт 
пішіні бойынша малдың дене бітімін бағалап, оның дамыған немесе дамымаған 
жақтарын анық ажырата алады. Бірақ тек сыртынан қарап, кӛзбен бағалауда 
әркімнің ӛзіне тән субъективтік кӛзқарасы орын алатындықтан, малдың сырт 
пішіні мен дене бітімін бағалауда баллдық жүйе қолданған жӛн болады.
Малдың сырт пішінін денесінің сыртқы келбетіне, мүшелерінің даму 
кӛрнектілігіне, үйлесімдігі мен жарасымдығына, ӛнімділігі мен тұқымына 
сәйкестігіне кӛзбен қарап (визулды), бақылап және суретке түсіріп, жекелеген 
сырт мүшелерін (статьттарын) ӛлшеп, үйлесімді, морфо-физиологиялық 
байланыстағы мүшелерінің қатынасын (дене бітімі индекстерін) есептеп 
бағалайды.
Малдың сыртқы пішінін кӛзбен бағалауды 
баллдық жүйе
арқылы 
бағалаумен толықтырып, дәлдігін арттырады. Бұл жүйе бойынша малдың 
жекелеген немесе бір топ дене мүшелеріне жекелеген баллдар беріледі де 
соларды қосумен қорытынды баға шығарылады. Мал түлігінің тұқымына, 
жынысына, жасына байланысты 5-, 10-, 100-баллдық жүйелер қолданылады. 
Баллдық бағаның басым үлесі малдың негізгі ӛнімділігін айғақтайтын 
белгілеріне тиеді. Ол үшін дененің маңызды мүшелеріне бағалау баллдарын 
беріп шығады да олардың қосындысы бойынша жалпы баға шығарылады. 
Әдетте, мал түлігін 10 немесе 100 баллдық жүйемен бағалайды: әрбір жеке 


21 
мүшеге берілген 0–5 балл мүше маңыздылығы бойынша алынған арнайы 
күшейткіш коэффициентіне кӛбейтіліп, қорытынды қосындысы шығарылады 
(1.1-1.4-кестелер). 
1.1
Сүтті және сүтті-етті бағыттағы сиырдың сырқы пішінін
бағалау жүйесі 
Дене 
мүшелері 
Бағаланатын кӛрсеткіштері 
Берілетін 
жоғары 
баллы 
1 Жалпы 
түр-
тұлғасы 
мен
жетілуі 
2 Желіні 
3 Аяқтары 
Дене мүшелерінің үйлесімделігі, жалпы келбетінің 
келістілігі, дене бітімінің мықтылығы, тұқымына 
тән пішін ұқсастығы 
Кӛлемі, бӛлімдерінің біркелкілігі, денеге бекіген 
аумағының кӛлемі, сүт бездерінің жетілуі, 
емшектерінің жетілуі мен орыналасуы 
Алдыңғы және артқы аяқтарының жетілу дәрежесі, 
орыналасуы және тұяқтарының пішіні мен жетілуі
 



Жалпы баллы 
10 
1.2-кесте – Сүтті және сүтті-етті бағыттағы бұқаның сырқы пішінін 
бағалау жүйесі
Дене 
мүшелері 
Бағаланатын кӛрсеткіштері 
Берілетін 
жоғары 
баллы 
1 Жалпы 
түр-
тұлғасы 
жетілуі 
2 Дене 
мүшелері: 
Дене мүшелерінің үйлесімделігі, дене бітімінің 
мықтылығы, тұқымына тән пішін ұқсастығы, бұқаға 
тән қайраттылығы, бұлшық еттері мен сүйегінің 
жетілуі 
а) Бас пен мойын, кеудесі мен иығы, арқасы мен 
белі, бӛксесі 
б) Алдыңғы және артқы аяқтарының мықтылығы 
мен орыналасуы, тұяқтарының пішіні мен жетілуі
 



Жалпы баллы 
10 
1.3-кесте – Сүтті-етті мүйізді ірі қара малдың баллдық бағасы 
Кӛрсеткіш 
Жоғары балл қою талаптары 
Баллдық баға 
Негізгі Коэф Жалпы 


22 
Балдық жүйе пайдалануға ыңғайлы қарапайым болғанмен оның да кӛзбен 
шолып бағалаудағыдай жанама таным кемістіктері болуы мүмкін. Жүйені ол 
кемістіктерден арылту үшін малдың сыртқы пішінін қосымша кӛрсеткіштер 
бойынша толықтырады (4-кесте).
1.4-кесте – Сүтті-етті бағыттағы сиыр пішінінің бағалауын кемітетін
кемістіктері 
Кӛрсеткіш 
Кемістіктері 
Жалпы дамуы: 
Жалпы дене бітімінің дамымауы. Сүйегі босаң, қатаң немесе тым дамып 
кеткен. Бұлшық еттері босаң немесе нашар дамыған. Дене бітімі тепе-тең 
емес және ӛнімділігінің бағытына сәйкес келмейді. Тұқым түрі айқын 
білінбейді. 
Жалпы дамуы: 
Тұқымның дене бітімі айқын, пішімі тең жақсы 
дамыған, ұнамды түрі 


10 
Бұлшық еті тығыз, жақсы дамыған; сүйек бітімі 
мықты, қатаң емес 


10 
Пішін мүшесі: 
- басы, 
мойны 
Тұқымға тән жеңіл басты, ұзын 
мойынды, терісі жұқа 



- кеудесі 
Кең кеуделі, жауырынының 
артқы жағы мен қабырғасы дӛңес 



Кеудесі терең 



- шоқтығы, 
арқа, белі 
Шоқтығы кең және тегіс; арқасы 
кең, ұзын, түзу 



Белі кең, түзу және тегіс 


10 
- бүйірі 
Аумағы үлкен, жақсы дамыған 



- артқы
жағы 
Кең 
Ұзын 
Түзу 









- сүттілік 
белгісі 
Желіні үлкен, бездері кӛп 
Желін пішіні тӛрт жақты, 
кӛктамырлы 
Артқы және алдыңғы емшектері 
жақсы дамыған






10 
10 

- аяқтары 
Аяқ қойысы дұрыс, мықты: тұяғы 
қалыпты, пішімі дұрыс 





23 
Дене мүшелері: 
- басы мен 
мойыны 
Басы ауыр немесе аса дамып кеткен, сиыр бұқа басты, бұқа 
сиыр басты. Мойыны қысқа, терісі қыртысыты немесе 
бұлшық етсіз 
- кеудесі 
Тар, таяз, жауырынының артында ойыс жері бар. 
- шоқы, арқа, 
белі 
Шоқысы екіге жарылған немесе қырлы. Арқасы тар, қысқа, 
құныс. 

бүйір
бӛлігі 
Орта бӛлігі нашар дамыған, бұқаларда бүйірі түсіп кеткен 
- арт жағы 
Қысқа, дӛңес, т.б. 
- сүттілік
белгісі 
Желіні майлы немесе бӛліктері әр түрлі дамыған. 
Емшектері нашар дамыған.
- аяқтары 
Тізелері тым жақын, аяқтары бір-бірінен алшақ. Артқы 
аяғы қылыш тәрізді немесе піл аяқты. 
Бұл екі тәсілге қоса малдың сыртқы пішінін бағалауда арнайы ӛлшем 
құрал-жабдықтары пайдаланылатын үшінші


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет