Омарқожаұлы Н. Шуркин А. И. Мал шаруашылығы негіздері



Pdf көрінісі
бет20/82
Дата08.04.2024
өлшемі3,77 Mb.
#200620
түріОқулық
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   82
Байланысты:
Мал шаруашылығы негіздері by Омарқожаұлы Н., Шуркин А.И. (z-lib.org)

Будандастыру.
Будандастыруда 
бір 
түрдегі 
екі 
тұқым 
малы 
шағылыстырылады. Будандастырудың биологиялық мәні және оның тәжірибе 
жүзіндегі маңызы Ч.Дарвиннің еңбектерінде келтірілген. Оның пікірі бойынша 
шағылыстыратын жұптың гендік айырмашылығы алшақтанған сайын гетерозис 
(грекше –басым, артық) яғни бірінші будан ұрпағының жайнап ӛсіп, ата-
енесінен арту құбылысының мүмкіншілігі артады. Ол еңбегінде «ӛсімдіктер де 
жануарлар да будандастыру әруақытта ұрпаққа ерекше күш және ӛсімталдық 
қасиетін береді, мұны толық дәлелденді демесек те бұл ӛте пайдалы немесе 


44 
тіпті қажет, ал бірінші ұрпақ бойы жақын туыстарды бір-бірімен шағылыстыру 
ӛте зиян деп есептейміз» деп жазды.
Мал шаруашылығында гетерозис құбылысын қолдану малдың ӛнімін 
кебейтіп, бұдан малы қалыпты азықтандыру нәтижесінде ӛнім беру 
қабілеттілігін таза тұқымды малына қарағанда 10-20% арттырады. Зерттеулер 
нәтижесінде гегерозистің тұқым қуалаушылық пен сыртқы ортаның әсерінен 
болатыны дәлелденген. Мысалы, кӛптеген малдың азықтандыру деңгейі нашар 
болғанда немесе ата-анасының генотиптері үйлеспегенде гетерозистің пайда 
болмайтыны анықталған. 
Таза тұқымды мал ӛсіру әдісінде гетерозисті пайдаланудың негізгі жолы 
текті жүн таңдау, яғни бір-бірімен ӛнімдік және нәсілдік жағынан 
айырмашылығы бар таза тұқымды малды шағылыстыру. Бұл мақсатта әр түрлі 
аталық іздерге жататын малды шағылыстыру (кросс) арқылы жетеді. Мұндағы 
басты мәселе – шағылыстыратын аталық іздерді дұрыс таңдай білу.
Қазір гетерозисті аталық және енелік іздер шығаруда құс шаруашылығы 
мен шошқа шаруашылықтарында жиі қолданады. Жоғарғы ӛнімді және 
генотипінің үйлесімділігі тексерілген аталық іздерді шағылыстыру сапалы да 
мол ӛнімді ұрпақ алуды қамтамасыз етеді. Мысалы, бұған етті тауықтар тұқым 
жақсарту үшін кориш және плимутрок тауықтарының аталық іздерінің негізде 
шығарылған жоғары ӛнімді "Гибро", "Росс" кросстары жатады.
Тұқым аралық будандастыру ерте заманнан бері қолданып келе жатқан 
әдіс. Осы замандағы мал тұқымдары будандастыру арқылы шығарылған. 
Будандастырудың сіңіре будандастыру, ӛндірістік будандастыру, зауыттық 
будандастыру, қан араластыру және кезек будандастыру түрлерін ажыратады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет