53
байқататын ай сайынғы кемуіне қарай жалпы сиыр сүттілігін аңғаруға болады.
Дұрыс азықтандырылып, сауым бойындағы қисық
сызығы біртіндеп кемитін
сиырдың тәуліктік сүт сауыны 305 күндік сауынның 1/200 бӛлігін құрайды деп
есептелінеді. Сауым тұрақтылығын сипаттайтын сауым бойындағы сүт
сауынының ең жоғары тәуліктік сауылған сүт мӛлшеріне қатынасы
сауынның
біркелкілік коэффициенті
деп аталады.
Бұл кӛрсеткішермен қатар сиырды сүттілігі бойынша сұрыптауда
желінінің жетілгендігі мен формасы, оның бӛлімдерінің біркелкі дамығандығы,
емшектерінің орыналасуы мен мӛлшері, сүт сауылу жылдамдығы (кг/мин.),
сүттілік индексі (сауым бойындағы сүт мӛлшері / сиырдың тірілей салмағы),
сүттің майлылығы мен белоктігі секілді кӛрсеткіштері есепке алынады. Ай
сайынғы қатар екі күнде сауылған сүт майлылыған анықтап, оны сауылған сүт
мӛлшеріне кӛбейту арқылы 1%-дық сүт мӛлшерін шығарып, оны 4-ке бӛлу
арқлы сиырдың 4%-дық майлылықтағы сүттілігін біледі.
Ірі қара еттілігін
оның сойыс
салмағының сою алдындағы
24-сағаттық
аш ұстаудан кейінгі тірілей салмағына қатынасымен шығарылатын
сойыс
шығымымыен (убойный выход)
және етінің сапасымен бағалайды. Мүйізді ірі
және ұсақ қара малдың сойыс салмағына қаны ағызылыған, бассыз, сирақсыз,
терісіз,
құйрықсыз, ішек-қарынсыз, бірақ іш майымен ӛлшенген ұщасының
салмағы кіреді. Шошқаның сойыс салмағына қаны ағызылыған,
бассы мен
терісі, іш майы сақталған, бірақ сирақсыз және ішек-қарынсыз ұщасының
салмағы кіреді. Құстың бӛлшектелмеген (басы, сирағы, ішек-қарны сақталған,
қансыздандырылған
және
қауырсыны
жұлынған
ұшасы),
жартылай
бӛлшектелген (ішексіз ұшасы) және бӛлшектелген (ішкі ағзаларынсыз,
бассыз
және сирақсыз ұщасы) ұшасының салмағын ажыратады.
Малдың жасы мен қоңдылығына байланысты сойыс шығымы: мүйізді ірі
қара малдікі – 45-56%, қойдікі – 44-52%, жылқынікі – 47-52%, шошқанікі – 75-
85%, жартылай бӛлшектенген құстікі – 77-81% кӛлемінде болады. Дене бітімі
нәзік те болбыр болып келетін ет бағытындағы бордақыланған қара малдың
сойыс шығымы – 70-72%-ға, жылқынікі – 60-62%-ға, шошқанікі – 87-89%-ға
жетеді.
Мал еттілігінің қосымша кӛрсеткіштеріне ұшасының желінетін бӛлігі мен
сүйектерінің арақатынасымен есептелінетін
Достарыңызбен бөлісу: