49
1.7 Мал ұрықтандыру, төлдету және пайдалану
Мал ӛсіруде ұрықтандырудың табиғи (қашыру) және қолдан ұрықтандыру
әдістерін қолданады. Табиғи ұрықтандыру сұрыпталған, жұпталған малды
аталық пен аналықтың табиғи түрде жыныстық
қосылысынан болады да, қолдан
ұрықтандыруда жыныс жолдарына шәуетті қолдан енгізеді. Шаруашылықта
ұрықтандыруды: 1) Қолдан қашыру; 2) Қолмен 21 жұптау (варковый); 3) Үйірге
түсіру; 4) Еркін қашыру; 5) Класстық ұрықтандыру; 6) Гаремдық ұрықтандыру
түрінде жүргізеді.
Қолдан қашыру жеке аталық пен аналықтың жыныстық қосылуы адамның
бақылауымен ӛтеді.
Бұл әдіс ұрықтандырудың нақты, толық есебін жргізуге,
жыныстық қосылуды реттеуді және малдәрігерлік қадағалауға мүмкіндік береді.
Мұнда бір айғырға 40-50 бас, бір бұқаға - 60-100 сиыр, бір қошқарға - 50-60
саулық, бір қабанға - 15-20 мегежін бекітеді. Бұл әдістін кемшіліктерінің бірі
аналықтың ұрықтануға ұмтылысы күйі баяулайды, әсіресе мал қолда бағылып-
күтілген
жағдайда, сондықтан ұрықтандыру аллында аналықтардың күйін
жеделдету үшін жалған аталық (пробник) қошқарларды пайдаланады.
Қолмен жұптап ұрықтандыру асыл тұқымды аталықтарды жеке ӛнім
жоғары жеке аналықтарға қолдануға және олардың тұқым беруге
жарамдылығын анықтауға мүмкіндік береді. Малдың әр түрінде жыныстық
қосылу әр түрлі жиілікте жүргізіледі. Айғырды
биеге бір рет қосу бұқа мен
қошқардың екі рет сүруіне қолдан жүргізеді. Аталықтарды тек ертеңгілік пен
кешқұрым уакытта ғана жыныстық қатынаспен жұптасу жүргізіледі.
Еркін шағылысу аталықтардың табында болып, аналықтардың күйін
қайыруын жеделдетеді. Бірақ жұптасқан малдардың
есебін алу қиындыққа
түседі және мал тұқымын асылдандыру мүмкін болмайды. Еркін шағылыстыру
негізінен ірі қара малының етті ӛндіретін бағытында қолданылады, бір бұқаға
35-50 сиырдан келеді.
Еркін шагылыстырудың бір түрі үйірге айғыр қосу. Жайылымдағы үйірге
асыл
тұқымды айғырды қосып, биенің айғырдан шыққан күнін жазып тіркеп
отырады. Сақа айғырларлын үйірінде 20-35, жас айғыр үйірінде 15-20, ал кәрі
айғыр үйірінде 12-15 биеге дейін ұстауға болады.
Класстық әдіспен ұрықтандыруды қой шаруашылығында қолданады.
Саулықтарды топ және кластарга бӛліп оларға
асыл тұқымды қошқарды
бекітеді. Бұндай әдіс зауыттық шаруашылықтарда тұқым жақсарту үшін
қолданылады. Гаремдік шағылыстыруда топқа бӛлінген саулықтардың әр
тобына бір қошқардан қосып бағады. Күйі келген саулықтарды қошқар ӛз
бетімен тауып қашырады.
Қолдан ұрықтандыруда табиғи ұрықтандырумен салыстырғанда қысқа
мерзімде аталықтардың ұрығының ӛнім
сапасын тексеріп, сұрыптап және жұп
50
таңдау арқылы кӛп ұрпақ алуға, олардың ӛнім беру
қабілетін тұрақтандырып
және жеке қасиеттерінің сапасын жақсартуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: