Омарқожаұлы Н. Шуркин А. И. Мал шаруашылығы негіздері


Жүн, елтірі, тондық тері өнімін есептеу және бағалау



Pdf көрінісі
бет33/82
Дата08.04.2024
өлшемі3,77 Mb.
#200620
түріОқулық
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   82
Байланысты:
Мал шаруашылығы негіздері by Омарқожаұлы Н., Шуркин А.И. (z-lib.org)

Жүн, елтірі, тондық тері өнімін есептеу және бағалау



60 
Қойдың жүн ӛнімділігін қырқылған жүнінің салмағы мен сапасына қарай 
бағалайды. Жүн талшықтарының сапасын - ұзындығы, тығыздығы, жуандығы 
(жіңішкелігі) және жабағы жүнінің тегістігі арқылы анықтайды. Жүннің 
тығыздығын, тегістілігін және шайырын кӛзбен қарап анықтаса, жүн 
талшығының қалыңдығын микрометрмен анықтайды. Жүн талшықтарының 
ұзыңдығы мен қалындығы тоқыма жіптері мен матаның сапасына әсер етеді. 
Қой басынан қырқылаған жүннін мӛлшерін салмағы мен жуылған таза жүннің 
шығымы арқылы есептейді.
Елтіріге қаракӛл қозысының 1-3 күндігінде сойылған терісі жатады. 
Елтірінің сапасы оның аумағы, пішімі, орамдарының (бұйрасының) суреті, 
аумағы, жылтырлығы мен бояуын (түсіне) байланысты болады. Қаракӛл 
бұйрасы пішімі мен мӛлшеріне қарай - толқын бұйра, бұршақгүл, жал бұйра, 
сақина бұйра, бадана бұйра, моншақгүл деп, ал түсіне қарай сұр, қара және әp 
түсті болып бӛлінеді. Жылтырлығы әйнек және жібек тәріздес болады.
Жұмыс атының ӛнімділігін бағалау. Қазақ ерте заманнан бері жылқыны 
кӛлік есебінде пайдаланып келген. Жылқыны жегу, салт міну, жүк арту үшін 
осы кезеңдерде де кеңінен пайдаланады. Жылқының күш-кӛлік қасиеттерін ең 
алдымен оның дене бітіміне, сырт пішіміне, әсіресе, сүйек пен бұлшық еттерінің 
дамуына, аяқтары мен тұяқтарының болмысына қарап бағалайды. Бұл әдіспен 
жануарладың бір-біріне қарағандағы салыстырмалы артықшылығын анықтауға 
болады, бірақта жылқының күш-қуаттылығына нақтылы кепілдік бере алмайды. 
Жылқының нақтылы жұмыс ӛнімділігін жүк тарту күші, жұмыс кӛлемі, 
қуат мӛлшері, жүріс жылдамдылығы, тӛзімділігі кӛрсеткіштерімен сипаттайды. 
Жылқының жүк тарту күші жегілген жүк салмағы (кг) және оны тасу 
қашықтығымен (м) кг-м түрінде ӛлшенеді. Жылқының жүк тарту күші жылқы 
салмағының 13-15%-ын құрайды. Жүк тасымалдау жылдамдығы онымен 
жүрген қашықтыққа кеткен уақытқа болу арқылы, ал атқарған жұмысы - жүк 
тарту күшін жүрген жолға кӛбейту арқылы ат күшімен ӛлшенеді. Бір ат күші 75 
кг-м/сек. тең.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет