Омарқожаұлы Н. Шуркин А. И. Мал шаруашылығы негіздері


ІІ-тарау. МАЛ АЗЫҚТАНДЫРУ



Pdf көрінісі
бет35/82
Дата08.04.2024
өлшемі3,77 Mb.
#200620
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   82
Байланысты:
Мал шаруашылығы негіздері by Омарқожаұлы Н., Шуркин А.И. (z-lib.org)

ІІ-тарау. МАЛ АЗЫҚТАНДЫРУ 
 
Шаруашылықтағы мал түлігі мен үй құсын тиімді ӛсіруде дұрыс 
азықтандырудың маңызы зор. Ӛйткені тірі организмге әсер ететін сыртқы орта 
факторларының ең күшті әсер ететіні қоректену факторлары болып табылады. 
Сондықтан мал мен құс басының денсаулығын сақтап, жылдам ӛсіп-ӛнуін 
қамтамасыз етіп, ӛнімділігін арттыру үшін ғылыми тұрғыдан негізделген 
азықтандыруын ұйымдастыру қажет. Оны іске асыру үшін жан-жақты 
анықталған мал түлігі мен құс түрінің қоректіқ мұқтаждығын күнделікті 
берілетін жемшӛппен толығымен қамтамасыз етеді. Организмнің энергетикалық 
және қоректік мұқтаждығы желінген жемшӛп қоректік, минералдық және 
биологиялық әсерлі заттарымен толық қамтамасыз етілген жағдайда тұқымдық 
қасиетімен берілген ӛнімділік мүмкіндігі айқындалып, мол да сапалы ӛнімді аз 
азық шығынымең ӛндіреді. 
Ӛсіру мақсатына сәйкес азықтандыру арқылы мал мен құстың ұтымды ас 
қорытуы мен зат алмасуын қалыптастырып, денесіндегі морфофункционалдық 
ӛзгерістерді мейлінше қажетті ӛнім түзушілігіне бағыттауға болады. Мұны іске 
асыру үшін қолдағы мал мен құс түрлерінің ас қорыту ерекшеліктерін 
қалыптастратын анатомиялық, гистологиялық, физиологиялық құрылысын 
зерттеп, қоректенудің биологиялық заңдылықтарына ықпал етіп зат алмасуын 
бағыттайтын микро-биологиялық, биохимиялық құбылыстарға зер салу қажет 
те сол үрдісті жалпы физика-химиялық заңдарға үйлестіре білу керек. 
Мал шаруашылығы маманына малдың ӛнімділігі артып, ӛндіріс 
технологиясы механикаландырылып, күрделенген сайын, мал басынын дұрыс та 
құнарлы азықтандырылуына қойылатын талап деңгейі де жоғарылай түсетінін 
ескеру қажет. Ӛйткені жоғары ӛнімді малдың ӛнімділігін арттырып және олар 
жиі ұшырайтын стресстік факторлардан сақтандыруда толыққанды, мал 
организімнің 
мұқтаждығын 
жаңжақты 
және 
толығымен 
қамтитын 
қоректендіруді қажет етеді. Осының бәрі, сайып келгенде, мал ӛнім бірлігін 
ӛндіруге жұмсалатын азық шығынын азайту арқылы жемшӛп қорын тиімді 
пайдалануға жол ашып, сала ӛндірісінің рентабельдігін арттыратын шешуші 
экономикалық фактор болып табылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет