Омарқожаұлы Н. Шуркин А. И. Мал шаруашылығы негіздері


Азық құрамын зерттеу жобасы



Pdf көрінісі
бет37/82
Дата08.04.2024
өлшемі3,77 Mb.
#200620
түріОқулық
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   82
Байланысты:
Мал шаруашылығы негіздері by Омарқожаұлы Н., Шуркин А.И. (z-lib.org)

Азық құрамын зерттеу жобасы
Азық үлгісі 
Су (ылғалы) Құрғақ заты 
Алғашқы
Гигроскоптік
Органикалық заты* Минералды заты 
"Шикі" күл
Азотты заттары Азотсыз заттары 
"Шикі" протеин
Ақуыз Амидтер
"Шикі" май 

Кӛмірсулар 

 

"Шикі" жасұнық АТЗ
**
 
 
* Органикалық заттар құрамына дәрменелер, ферментте, гормондардан 
тұратын биологиялық әсерл қосындылары (БӘҚ) кіреді 
** Азотсыз тұнба заттары (крахмал, қанттар) 
 
 
Осы қоректік заттары басым жемшӛппен, бірдей кӛлемде жегізілген 
жағдайда, мал мұқтаждығын қамтамасыз етуге кӛбірек қоректік заттар 
жеткізіліетіндіктен, химиялық құрамы азық қоректілігінің алғашқы кӛрсеткіші 
ретінде алынады. Мұндағы, құрғақ заттағы кӛмірсулар мен майлар мал 
азығының жалпы қуаттық, яғни энергетикалық, қоректілігін айқындаса, "шикі" 
протеиндегі аминқышқылдары – оның құрылымдық қоректілігін аңғартады. 
Минералды заттар мен биологиялық әсерлі қосындылар ӛздеріне тиесілі 
кейбір құрылымдық қызметпен қатар, негізінен, зат алмасуына жағдай туғызып, 
оның бағытты ӛтуін қамтамасыз етеді. Мысалы, Р, S, Cl секілді қышқыл 
реакциялы азықтағы мӛлшері 
г/кг
ӛлшенетін макроэлементтар мен Са, К, Na, 
Mg секілді сілті реакциялы макроэлементтар қатынасы организмжегі қышқыл-
сілтілік қатынасты қалыптастыру арқылы азық күлінің рН кӛрсеткішін 
қалыптастырса, Fe, Cu, Mn, Zn, Co, I секілді биогенді микроэлементтер 
азықтағы мӛлшерінің аздығына 
(мг/кг) 
қарамай әр қайсысы ӛзіне тиесілі ӛте 
маңызды биологиялық функциялырды атқарады.
Азық химиялық құрамында алдымен су (ылғал) мен құрғақ зат бӛледі. 
Құрғақ заты органикалық және анорганикалық (минералды) заттардан тұрады. 
Органикалық затқа азық құрғақ затындағы протеин (белок), май (липидтер) мен 
кӛмірсулар (углеводтар), ал анограникалық затқа минералды элементтер 
жатады. Олармен қоса азық органикалық затында түрлі витаминдер, 
ферменттер, гормондар секілді биологиялық әсерлі заттар кіреді. Азық 
құрамындағы осы қоректік заттар организімнің тіршілігіне қажет энергия 
(жылу) мен құрылымдық (құрылыстық) қосындылар жеткізеді. 


65 
Азық құрамындағы қоректік заттарға энергия жеткізетін кӛмірсулар мен 
майлар, құрылымдық қосындылар жеткізетін протеин мен минералды 
элементтер, витаминдер, ферменттер, гормондар түріндегі биологиялық әсерлі 
заттар жатады. Қажетті жағдайда ыдыратылып энергия шығаруға жұмсалатын 
протеин мен майлар, кӛмірсулар кӛлемі бойынша азықтын жалпы, яғни 
энергетикалық қуаттылығы есептелінетін болса, минералды элементтер мен 
биологиялық әсерлі заттар ӛздері тікелей энергия ӛндірмегенмен зат алмасу 
барысын қамтамасыз ету арқылы азық қоректілігі мен биологиялық 
құндылығына, яғни құнарлылығына ықпал етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет