Омарқожаұлы Н. Шуркин А. И. Мал шаруашылығы негіздері


Азық құрамы мен қоректік заттары



Pdf көрінісі
бет36/82
Дата08.04.2024
өлшемі3,77 Mb.
#200620
түріОқулық
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   82
Байланысты:
Мал шаруашылығы негіздері by Омарқожаұлы Н., Шуркин А.И. (z-lib.org)

2.1 Азық құрамы мен қоректік заттары 
 
Дұрыс азықтандыру мал денсаулығын сақтап, кӛбеюшілігі мен ӛсіп-
жетілуі және ӛнімділігінің негізі болып табылады. Мал мен құстың сүт, ет, жүн, 
жұмыртқа секілді ӛнімдері олардың жеген жемшӛбімен енген қорытылып, 
игерілген қоректік заттарынан түзіледі. Сондықтанда мал мен құсты 
қоректендіретін азықтармен жеткілікті де сапалы, яғни құнарлы, түрде 


63 
қамтамасыз етудің маңызы зор. Малды дұрыс азықтандыру үшін алдымен оған 
жегізілетін жемшӛптің химиялық құрамын білу қажет. Жемшӛптің химиялық 
құрамы – оның қоректілігінің, яғни мал организмін қажетті қоректік заттармен 
қамтамасыз ету қасиетінің, алғашқы кӛрсеткіші болып табылады. 
Химиялық тұрғыдан мал азығынаң құрамы проетин, май, кӛмірсулар 
секілді органикалық және су мен минералды заттар секілді анорганикалық 
қосындылардан тұрады. Малға жегізіліп, қорытылғаннан кейін, желінген 
жемшӛппен енген бұл қосындылардың мал денесіндегі аралық қатынасы 
ӛзгереді. Айталық, ӛсімдік жемшӛпте крахмал, клетчатка мен қанттар түріндегі 
кӛмірсулар басым болса, мал денесінде белоктар, майлар мен минералды заттар 
үлесі ұлғаяды: 
Жемшӛп пен мал денесінің химиялық құрамы, % 
Қосындылар Шалғын кӛгі Шалғын пішені Арпа дәні Қой денесі 
Ылғал (су) 73,0 17,0 13,1 60,0 
Протеин 4,3 7,7 11,5 16,0 
Май 1,1 2,0 2,1 19,6 
Жасұнық 6,8 26,0 6,0 - 
АТЗ* 12,2 40,4 63,4 1,0 
Күл 2,6 5,6 3,0 3,4 
*Азотсыз тұнба заттары 
Химиялық зерттеу әдістерімен бұл қоректік заттар топтарын анықтағанда, 
азық құрамындағы олардың ӛздерімен қоса солар тәріздес қосындыларда бірге 
бӛлінетіндіктен, олардың алдына "шикі", яғни шикізатты, таза емес, басқа да 
қосындылары бар деген мағнада, сӛзін қосады. Мысалы, азық үлгісін эфир не 
бензин секілді органикалық ерітікштермен ӛңдегенде үшглицердтарден тұратын 
нағыз майлар, яғни липидтермен қоса, балауыздар, кейбір сағыздар, майда 
еритін дәрумендер мен пигменттер секілді бірқатар майтәріздес қосындылар
яғни липоидтер, бірге еріп бӛлінетіндіктен, алынған қосындалрды азықтың 
"шикі" майы
деп атайды.
Сол секілді, азық үлгісі құрамындағы клетчатканы (целлюлоза, 
жасұнықты) бӛлгенде гемицеллюлоза, пектиндердің қиын еритін бӛлігі мен 
лигнин, кутин, суберин түріндегі қатайтқыш заттар, күлді бӛлгенде – шаң-тозаң, 
құм секілді бӛгде заттар, протеинді бӛлгенде – амидтер секілді белоктан тыс 
қосындылар бірге бӛлінетіндіктен, оларды да, тиісінше, 
"шикі" клетчатка, 
"шикі" күл, "шикі" протеин 
деп атайды. 
Шаруашылықтағы жемшӛптің химиялық құрамын анықтау үшін олардың 
әр дайындалған бӛлігінен соның орташа химиялық құрамын кӛрсететін орташа 
үлгісі алынады да талдау зертханасында келесі зерттеу жобасы бойынша 
зерттеледі: 


64 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет