Омарқожаұлы Н. Шуркин А. И. Мал шаруашылығы негіздері


Сүт өнімділігін есептеу және бағалау



Pdf көрінісі
бет31/82
Дата08.04.2024
өлшемі3,77 Mb.
#200620
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   82
Байланысты:
Мал шаруашылығы негіздері by Омарқожаұлы Н., Шуркин А.И. (z-lib.org)

Сүт өнімділігін есептеу және бағалау 
Бұзаулағаннан басталатын сүт түзілуі мен бӛлінуін пайдаланып сиырды 10 
ай (орташа 300-305 күн) сауады. Бұл аралықты сауым маусымы (лактация) деп 
атайды. Оның аяқталуымен буаз сиырлар буаздығының соңғы айларына сәйкес 
басталатын сауылмайтын мерзімін суалған кезеңі деп атайды. Сиырдың 
бұзаулағаннан бастап нәтижелі ұрықтанғанға дейінгі мерзімін сервис кезеңі 
(сервис-период) дейді. Сиыр сүттілігін сауым маусымында алынған сүт 
мӛлшерімен анықтайды. 
Сиыр сүттілігі бұзаулаған күннен бастап күнделікті ӛсе бастайды. Мұны 
сауымның сүтею кезеңі деп атайды. Әдетте бірінші айдың аяғы мен екінші 
айдың басында күндік сауым ең жоғарғы кӛрсеткішке жетеді де сол деңгейде 
біршама сақталып (сауымның қызған кезеңі) содан соң бірте-бірте тӛмендейді. 
Мұны сауымның суалту кезеңі (запуск) деп атайды. Күндік немесе айлық ішінде 
алынған сүттін сауым мӛлшерін ӛзгеруінің графикалық бейнесіндегі сызық 
сауымның қисық сызығы (лактационная кривая) деп аталады. 
Әрбір сиырдан сауылған сүт мӛлшерін анықтау үшін негізінен екі әдіс 
қолданылады:
1) Тұра әдіс - әр сиырдан сауылған сүтті жекелеп күнде ӛлшеу арқылы 
есептейді. Бұл әдіс кӛп уақыт пен қаржыны қажет ететіндіктен тек асыл 
тұқымды зауыттарда қолданылады.
2) Жанама әдіс - сиыр сүттілігін белгілі бір мерзімде ӛлшеу арқылы есептеп 
анықтайды. Оны бірнеше жолмен іске асырады: а) біріншісі сиыр сүтгілігін әр 
онкүндікте (декадада), яғни айына 3 рет сауылған сүт молшерін ӛлшеп, ол 
санды 10-ға кӛбейту арқылы сиырдың декадалық сүттілігін шығарады. Осылай 
әр бір онкүндікте сауылған сауымның кӛрсеткішінің қосындысы бойынша 
сиырдан айлық сауымының мӛлшерін шығарады. Сауым барысындағы барлық 


58 
10 айдағы сауылған сүт мӛлшерін қосып, жылдық немесе сауым маусымында 
сауылған сүтті анықтайды. 
Сүт сапасы оның құрамына байланысты болып келеді. Сиыр сүтінде, орта 
есеппен, 87,5% су мен 12,5% құрғақ зат болады. Құрғақ затының құрамына 
ақуыз (белок), май, қант, және күл кіреді. Олардың ішіндегі ең бағалысы болып 
сүт майы мен ақуызы саналады. Сауылым кезеңіне қарай сүт майлылығы 
ӛзгереді - бастапқы кезеңінде сүт майы аздау болып, сауылымнын аяғына қарай 
артады. Мысалы, К.Марков пен А. Альтманның мәліметтері бойынша сүттілігі 
жоғары сиырлар сауылымының 3-ші айында сүтінің майлылығы 3,75% болса, 
сауылымының 10-шы айында 4,5%-ға жеткен. Жәнеде бұл ӛзгерімтер ай 
бойында орын алатындықтан, шаруашылықтарда сүттін майлылығын айдың 
басында және аяғында анықтап отырады. Осылайша сүт құрамындағы ақуыз 
мӛлшерін де анықтайды да, сүттегі майы мен ақуызы кӛп сиырларды жоғары 
бағалайды. Осы әдіспен бие, саулық, шыбыш, қодас, інгеннің сүт сауымы мен 
сапасын анықтайды. Мегежін сүттілігін торай саны мен 30 күнде қосқан 
салмағы арқылы есептеп шығарады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет