Омарқожаұлы Н. Шуркин А. И. Мал шаруашылығы негіздері



Pdf көрінісі
бет30/82
Дата08.04.2024
өлшемі3,77 Mb.
#200620
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   82
Байланысты:
Мал шаруашылығы негіздері by Омарқожаұлы Н., Шуркин А.И. (z-lib.org)

Жұмыртқа
– адам ағзасына сіңімді де тағамдық қоректілігі жоғары 
жұғымды ӛнім. Тағамға тауық жұмыртқасы пайдаланылады, ал үйрек, қаз және 
күркетауық 
жұмыртқалары 
балапан 
шығаруға 
пайдалынады. 
Тауық 
жұмыртқасында толық қоректі ақуыз (12-19%), майлар (12%), кӛмірсулар 
(10%), минералды заттар және ағзаға қажетті басқа заттар бар. Жұмыртқа 
құрамындағы заттардың сіңімділігі 96-97%-ға жетеді. 
Елтірі 
– қой малынан алынатын ӛнімінің адамзат қолымен жасаған кұнды 
ӛнімдерінің бірі. Елтірінің бір ерекшелігі - ӛнім тек қаракӛл тұқымды қойдан 
және 2-3 күндік кезеңінде дайындалады. Елтірінің пайдалы касиеттері: 
әдемілігі, беріктілігі және ұзақ пайдалануға тӛзімділігі. Елтіріден бас киім
киімдерге жаға және басқа да мехтық бұйымдар тігіледі. 
Тері
– мал ұшасынан сыпырылып, белгілі бір әдіспен қалбырланған 
терілерді айтады. Қой терісін мехтық және тондық деп бӛледі. Мехтық терілер 
биязы және ұяң (цигай) жүнді қойлардан алынса, тондық терілер роман және 
қылшық жүнді қойлардан алынады. Мехтық қой терілерінен бас киім, сырмақ, 
ал тондық қой терілерінен ішік, келте тондар тігіледі.
Жеңіл ӛнеркәсіпке қажетті маңызды шикізаттың бірі – сиыр терісінің 
жасанды терілерден бірқатар артықшылығы бар. Табиғи теріден жасалған 
бұйымдар, адам ағзасына биологиялық (эргономикалық) жағынан жағымды да 
үйлесімді, ұзақ мерзім пайдаланылуға тӛзімді, серпімді, ылғалға сиымдылы 
және бүктеуге мықты болып келеді.
Малды адам негізінен ӛзіне қажетті азық-түлік (тағам) және әр түрлі 
ӛндірістер үшін, шикізаттық ӛнім алу үшін ӛсіреді. Мал ӛсіруші зоотехник пен 
малды емдеуші мал дәрігердің жұмысының түпкі мақсаты — сапалы да мол әрі 
арзан мал шаруашылығы ӛнімдерін ӛндіруге қол жеткізу болып табылады. Мал 
ӛнімдерінің қай-қайсысы болмасын мал денесіндегі күрделі де терең 
биологиялық үрдіс арқылы қалыптасады.
Түрлі мал түлігінің ӛнімділігі мен ӛнімінің мӛлшері мен 
сапасын әр түрлі жолдармен анықтайды. Мал ӛнімін оның ӛнімділігімен 
шатастыруға болмайды. Ӛнім деген жалпы түсінік болса, ӛнімділік деп бір мал 
басынан немесе орта есеппен бір топтағы малдардан белгілі мерзімде алынатын 
немесе алынған ӛнімді айтады. 
Малдың ӛнімділігі ӛзара күрделі ара қатынастағы бірқатар себептер мен 
жағдайлар нәтижесінде қалыптасады. Оларға: 1) Мал тұқымы мен жеке ӛзіндік 
нәсілдік қасиеттері; 2) Мал тіршілік ететін, яғни ӛсіп-жетілетін, азықтандыру
күтіп-бағу секілді сыртқы орта жағдайлары; 3) Малдың жасы, жынысы, 
ағзасының физиологиялық жағдайы және т.б. жатады. 


57 
Мал түлігінен алынатын негізгі ӛнімдердің басым кӛпшлігі сандық 
белгілер тобына жатады. Олардың сапалық белгілерге қарағанда генетикалық 
жаратылысы ӛте күрделі келеді. Ӛйткені сандық белгілердің ӛсіп-дамуына 
кӛптеген гендер қатысады. Сонымен қатар олардың қалыптасуына сыртқы орта 
жағдайлары да әсерін тигізеді. 
Мал түлігі ӛнімділігінің ӛзгеруін бақылап, басқару үшін оның жүйелі 
негізін анықтап, белгілі бір уақыт аралығында есептеп отырады. Мал 
ӛнімділігін анықтау жолдары малдың түріне, олардан алынатын ӛнім түрі мен 
бағытына байланысты. Мал ӛнімділігін анықтау нәтижелері шаруашылықта 
келесі зоотехникалық шараларды жүргізгенде пайдаланылады: 
а) сұрыптау мен жұп таңдауды жүргізгенде; 
б) малды азықтандыру құрамын қарастырғанда; 
в) мал ӛнімін ӛндіруді жоспарлап, еңбек ақы тӛлеуді ұйымдастырғанда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет