Омарқожаұлы Н. Шуркин А. И. Мал шаруашылығы негіздері



Pdf көрінісі
бет23/82
Дата08.04.2024
өлшемі3,77 Mb.
#200620
түріОқулық
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   82
Байланысты:
Мал шаруашылығы негіздері by Омарқожаұлы Н., Шуркин А.И. (z-lib.org)

Кезек будандастыру.
Кезек будандастыруда болашақ будан алу үшін 
шағылыстыруға пайдаланатын тұқымдарды кезекпен пайдаланады. Мұның 
мақсаты ӛндірістік будандастырумен бірдей, яғни бірінші ұрпақта кездесетін 
гетерозис құбылысын мейлінше толық пайдалану болып табылады. Бірақ одан 
негізгі айырмашылығы гетерозис құбылысын бірнеше ұрпақ бойы тұрақты 
пайдалану кӛзделетіндігінде. Кезек будандастыруда бірінші ұрпақтың және 
одан кейінгі әр келесі ұрпақтың ұрғашыларынан тӛл алу үшін әкесі жағынан 
туыс емес таза тұқыммен шағылыстырылып отырады.
Кезек будандастыруға әдетте екі немесе үш тұқым қатысады. Ал оларға 
қойылатын талап тұқым түрлерінің қай- қайсында бір бағытта жоғары ӛнімді 
болуы шарт. Кезек будандастырудың қай түрі болмасын алынған тӛлдің енелері 
будан, ал аталары әр уақытта таза тұқымды болады. Осының нәтижесінде әр 
ұрпақта біршама жоғары дәрежедегі гетрезиготалық сақталып, бірінші ұрпақ 
бойына гетерозисті будандарды алуды қамтамасыз етеді.
Гибридтеу. 
Гибридтеу (түраралық шағылыстыру) деп екі түрге жататың 
малды шағылыстыруды айтады. Гибридтеудің ғылыми тәсіл ретінде 
жануарлардың ӛзгергіштігі мен тұқым қуалаушылығын және ұрықтану 
үрдісімен олардың шығу тегін тексеруде маңызы зор. Шынына келгенде 
гибридтеудің негізгі мақсатының бірі жабайы және жартылай жабайы аңдарды 
қолға үйретілген аң түрлерімен шағылыстыру арқылы адам игілігіне пайдалану. 
Осы тұрғыдан гибридтеуді екі түрге бӛледі: біріншісін күнделікті пайдалануға 
жарайтын мал алуға қолданса, екіншісін жаңа тұқым шығару үшін пайдаланады. 
Сонымен қатар гибридтеудің басқа да қан араластыру немесе бір түрді екінші 
түрмен сіңіре будандастыру мақсатында қолданады. Бұл әдістер сирек 
қолданылады. 
Мал шаруашылығында гибридтеу әдісін арқар ұрығымен меринос 
саулықтарды ұрықтандырып Қазақ арқармеринос қойы секілді жаңа тұқым 
шығаруда және әңгі (есектің еркегі) мен биені қашырып қашыр (мул) секілді 
жұмыс малын ӛндіруде қолданады (1.19-сурет).


47 
А Б 
1.19-сурет – Гибридтер: А) қашыр Б) зеброид 
 
Табиғи жағдайда екі түр ӛкілінің бір-бірімен шағылысуы сирек кездесетін 
жайт. Себебі эволюция барысында екі түрдін шағылысуына жол бермейтін 
біршама кедергілер қалыптасқан. А.Серебровский бойынша оларға:
1)
Түрлердің бӛлек аймақтарда тарап ӛсуінен олардың кездеспеуі;
2)
Түрлердің кӛбеюі мен күйлеу кезеңдерінің сәйкес келмеуі немесе түрлер 
еркегі мен ұрғашысының бір-біріне қарамауы не олардың жыныс мүшелерінің 
шағылысуға сәйкес келмеуі;
3)
Түрлердің жыныстық жасушаларының хромосомдық санының және 
олардың физиологиялық сәйкессіздігі:
4)
Гибрид ұрықтың тіршілікке қабілетсіз болып, құрсақта ӛліп-кемуі.
Гибридтердің табиғатта тарамауының басты себептерінін бірі - оның 
бедеулігі, яғни не аталығы не аналығының стерилдігі. Малды қолдан 
будандастыру кӛне заманнан бері белгілі болған. Жылқы мен есекті 
будандастыру аркылы жүк артуға, қара жұмысқа тӛзімді және ұзақ уақыт 
жасайтын 20 алғашқы ұрпақ кашыр алған, ал қос ӛркешті түйе мен аруананы 
будандастыру арқылы қоспақ алу ертеден қалыптаскан әдістер.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет