Омарқожаұлы Н. Шуркин А. И. Мал шаруашылығы негіздері



Pdf көрінісі
бет21/82
Дата08.04.2024
өлшемі3,77 Mb.
#200620
түріОқулық
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   82
Байланысты:
Мал шаруашылығы негіздері by Омарқожаұлы Н., Шуркин А.И. (z-lib.org)

Сіңіре будандастыру.
Будандастырудың бұл түрі жергілікті не басқа да 
мал тұқымының ӛнімдік қасиеттері экономикалық қажеттілікті қанағаттандыра 
алмаған жағдайда қолданылады. Ӛнімділікті жақсартуға қолданылған 
жақсартқыш деп аталады. Сіңіре будандастырудың табысты болуы оған 
алынған мал тұқымының бір-біріне үйлесімділігіне, алынған будан дамуына 
жағдай туғызылуына және оның қажетті бағытта сұрыптауға байланысты. 
Сондықтан, сіңіре будандастырудың нәтижесі жақсартқыш тұқыммен қатар 
жергілікті жақсартылушы тұқым ерекшеліктеріне де байланысты болады. 
Жақсартқыш тұқым дұрыс табылған жағдайда сіңіре будандастыру арқылы 
қысқа мерзімде жергілікті мал тұқымынын ӛнімділігін кетеруге мүмкіншілік 
тудырады және жаңа мал тұқымын шығаруға жол ашады. 
Қан араластыру

Будандастырудың бұл түрі жергілікті тұқым түрінің 
кейбір кемшіліктерін түрде жою үшін немесе жедел жетілдіру үшін 
қолданылады. Қан араластыру әдісін қолданғанда жергілікті ӛсіретін тұқымның 
негізгі ӛнімдік типін жоғалтпауды кӛздейді. Қан араластырудың табысты 
болуы, жақсартатын тұқым түрінің ӛзінін бағалы касиеттерін ұрпағына тұрақты 


45 
түрде берілуіне, алынған ұрпақты жақсы жағдайда бағып-ӛсіруде және олардың 
ӛзара ӛсіре білуге байланысты болады. Қан араластыру әдісі кӛбінесе асыл 
тұқымды мал зауыттарында қолданылады. 
Малды асылдандыру ісінде қан араластыруды негізгінен жаңа аталық із 
құруда пайдаланады. Осы аталық ізді пайдалану арқылы жалпы мал тұқымын 
жақсарту кӛзделеді. Сондықтан жақсартқыш тұқымымен шағылыстыру үшін 
жергілікті мал тұқымының тән шаруашылыққа пайдалы ӛнімдік қасиеттері 
жақсы жетілген, таңдаулы ұрғашылары бӛлінеді. Қан араластыру әдісін 
қолданғанда аса сақтық, білгірлік керек. Жақсартқыш тұқымға мән бермеушілік 
будандарды ретсіз сұрыптау мен кездейсоқ жұптау жергілікті мал тұқымын 
жақсартудың орнына, аздыруға әкеп соқтырады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет