Омарқожаұлы Н. Шуркин А. И. Мал шаруашылығы негіздері



Pdf көрінісі
бет42/82
Дата08.04.2024
өлшемі3,77 Mb.
#200620
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   82
Байланысты:
Мал шаруашылығы негіздері by Омарқожаұлы Н., Шуркин А.И. (z-lib.org)

а) ауыз қуысы б) ӛңеш в) аддыңғы қарындар (месқарын, тақия қарын
жалбыршақ)
г) ұлтабар д) 12-елі ішек ж) аш ішек з) тоқ ішек и) тік ішек 
Күйіс қайыру барысында шайналып, мол сілекейленіп, қайта жұтылған 
азықпен ауыз қуысынан таз қарынға кӛп мӛлшерде сілекей құйылатындықтан, 
ондағы микроағзалар тіршілігіне қолайлы сілтілік орта орнайды. Қараңғы, яғни 
микроағзаларға қауіпті сәулелер ӛтпейтін, жылы, жемшӛп қоректік заттарына 
бай ортада таз қарын микрофлорасы қаулап ӛсіп, ӛз ретінде, олармен 
қоректенетін микрофауна кӛбеюіне де жағдай туғызылады. Олар азық азотымен 
қатар карбамид сияқты химиялық қосындылар азотын да игеріп, мүйізді ірі қара 
малға құнды микробиологиялық ақуыз жеткізеді. 
Месқарын микрофлорасының кӛбеюшілігіне оңтайлы сілтілі орта 
орнатуда сиырдың күйістенуінде мол бӛлінетін сілті реакцилны сілекейі әсер 
етеді және де оның бӛлінуіне сиырға жегізілген жемшӛп түрі де әсер етеді (2.2-
сурет). 
 
 


74 
 
 
 
2.3-сурет – Әр түрлі жемшӛпке сілекейдің бӛлінуі: а) аумақты жемшӛп
б) жем 
 
Эволюция барысындағы күйіс қайыратын мал макро ағзасымен оның ас 
қорыту жолдарындағы микроағзалардың бір-бірінің тіршілігіне себептесіп, 
пайда келтіруін
синергистік биоценоз
деп атайды. Соның нәтижесінде қарын 
жыны биотүзуде басқа аминқышқылдарымен орны толықтырылмайтын, яғни
 
ауыспайтын аминқышқылдарымен
және де бірқатар К мен В тобының 
витаминдерімен 
байытылады. 
Демек, 
алдыңғы 
қарындардағы 
микробиологиялық процесті неғұрлым ӛрістете алсақ, соғұрлым ағзаны сапалы 
ақуыз және маңызды витаминдермен қамтамасыз ете аламыз (2.4-сурет). 
 


75 
 
 
2.4-сурет – Күйісті мал организмндегі симбиоз жобасы
 
 
Осыған байланысты күйісті малға күнделікті жегізілетін жемшӛп түрі 
(ассортименті) мен мӛлшерін, яғни
азықтандыру рационының
құрылымын 
бірыңғай сақтап, бұзбау керек. Мал азығына енгізілетін жаңа азықтарды 
біртіндеп, оны ӛңдеуге алдыңғы қарын микроағзаларын бейімдеп барып, 
қолдану қажет. Мұны, әсіресе, малға берілетін жемшӛп түрі түбегейлі ӛзгеретін 
қысқы азықтандырудан жазғы жайылымға шығарғанда ескерген жӛн. Осы 
қағиданы ұстана отырып, күйісті малдың алдыңғы қарындарындағы 
микроағзалар ассоциациясын қиын қорытылатын, малдың ӛз ас қорыту жүйесі 
тіпті қорыта да алмайтын, мал жемшӛбінің негізін құрайтын жасұнықты 
ыдырататын
целлюлоза ыдыратушы
нәсілдерімен (түрлерімен) байытуды 
жастайынан нысаналы түрде жүргізу қажет (2.5-сурет). 
 
 


76 
 
 
 
2.5-сурет – Месқарын микробиологиясы 
Салыстырмалы түрде алғанда мүйізді ірі қара мал қой- ешкімен жылқыға 
қарағанда жасұнықты жемшӛпті жоғары қорытады. Жылқы қарны қарапайым 
болғанымен жасұнықты аумақты жемшӛпті қорытуға оның жақсы дамыған тоқ 
ішегіндегі микробиологиялық үрдіс себептеседі. Шошқа мен құстың жеген 
азыңы ондай ӛндеуден соқыр және тік ішегінде ӛтеді, бірақ оның салыстырмалы 
кӛлемі аз болғандықтан, олар жемшӛп жасұнығын нашар қорытады жәнеде 
азығындағы жасұнықтың кӛп кӛлемі басқа қоректік заттар қорытылымын 
тӛмендетеді.
Бұл жасұнық кӛп мӛлшерінің ас қорыту сӛлдері мен ас қорыту жолындағы 
микроорганизмдср 
ферменттерінің 
әсеріне 
кедергі 
туғызушылығымен 
байланысты. Оны И.Попов зерттеулеріндегі тау жайылымы отының құрғақ 
затыңдағы жасұнық кӛлемі 25,1% болғанда, органикалық затының қорытылуы 
75%, жасұнық кӛлемі 28,4% болғанда 67%, жасұнық кӛлемі 29.8% болғанда 
61%, жасұнық кӛлемі 30,0% болғанда 54% болуымен кӛрсетуге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет