95
С = (К х О) : (М х Ү)
Осылайша есептелінген мал басын жайылымда белгілі мерзім жаяды. Мал
басы есептегіден аз болса жайылым
оты толық пайдаланылмай, ал, керісінше,
кең болса тез тақырланып, мал тұяғымен тапталып, зақымдалады да, одан
алдымен құнды азықтық ӛсімдіктері зиян шегеді. Соның салдарынан жайылым
отында құнарлы дақылдар азайып, зақымдалуға шыдамды келетін арам шӛптер
қаптайды.
Тақырланып тамырына дейін желінген ӛсімдіктердің келесі вегетацияда
ӛсуі нашарлауынан,
бір жағынан, жайылым ӛнімділігі күрт тӛмендесе, екінші
жағынан, мал тұяғымен зақымдалған жайылым топырағының құнарлы үстіңгі
қыртысы уатылып, шаң болып желмен ұшырылып, жауын шашынмен
шайылады, яғни эрозияға шалдығады. Осындай жел мен жауын эрозиясына
ұшырап, деградацияланған, яғни құрылымы бұзылған,
жайылымдардың
азықтық құндылығы жойылады.
Эрозиядан сақтандыру үшін малды реттестіріп жайып, жайылым отын
ұтымды да тиімді пайдалануды ұйымдастыру керек. Малды қалай болса солай
жаймай, белгілі жүйеге келтірген жӛн. Бүкіл жайылымды оты біркелкі келетін
бірыңғай аумақтарға бӛліп, кӛгінің жетілуіне байланысты оларға малды
шаруашылық жайылым ауыстыру жоспары бойынша белгіліленген ретпен,
тәртіппен және мерзіммен жаяды.
Жайылым ауыстыру жоспары жыл мезгіліне байланысты алмастырылатын
маусымдық (кӛктеу, жаздық, күздеу, қыстық) және маусым ішіндегі жергіліктік
(апталық, айлық) болып жасалады. Пайдаланылуын реттестіру аркылы 1
гектарының ӛнімділігі 400-800 азық ӛлшемі шамасындағы табиғи жайылым мал
азығына пайдаланымын жүйесіз жаюмен салыстырғанда 1,5-2 есе арттыруға
болады. Бұған, әсіресе, үстірт және түбегейлі түрде жүргізілетін жайылымды
жақсарту шаралары себептеседі.
Ең жоғары кӛк азық ӛнімін қолдан екпе шӛптер егіп ӛсірген,
мәдени
жайлымдарда ӛндіреді. Мәдени жайылымды ұйымдастыру үшін белгіленген
аумақты электр бақташысының қызметін атқаратын әлсіз ток жүргізілген электр
сымымен қоршалған жеке аландарға бӛліп, малды сол қоршау ішінде егілген
кӛкке жаяды.
Жайылымды аумағы мен ӛнімділігіне, онда жайылатын мал санына
байлынысты 10-15 алаңға бӛліп қоршайды. Әдетте, ӛнімділігі бойынша 1
гектарынын азықтық сиымдылығы 2-4 сиырды қоректендіретін алаңға, ондағы
дакылдар кӛгі 10-15 см жетілгенде есептулі мал басьш кіргізіп, шӛбінің 75-80%
желінгенше 5-7 тәулік бойы жайып, басңа алаңға ауыстырып тұрады. Сонда осы
мерзімде жетіліп үлгермеген ішек құрттары (гельминттер) жұмыртқалары
малды тоғышарлық (паразитарлық) ауруларға шалдықтыра алмайды да, 1-1,5
айдан кейін осы алаңда мал қайта жайылғанша кун кӛзі мен температура
96
әсерінен олар залалсыздандырылып үлгереді. Осылай жаздық маусым бойында
әр алаңға мал тобын 3-4 реттен кайталап жаяды.
2.8-сурет – Жайылымдағы іш құртының айналымы
Кӛк азық құрғак затының жалпы корекгілігі дәнге пара-пар келіп,
биологиялык сапасы жағынан олардан асады да, ӛзіндік құны, керісінше, дән,
пішен. пішендеме, сүрлемнен 2-3 есе, ал тамыртүйнек жемістілерден 4-5 есе
арзан түседі. Осыған байланысты кӛк азық шаруашылык азық қорының негізгі
кӛзі болып табылады. Мұның, әсіресе, солтүстігінде жылдың 6-7 айында, ал
оңтүстігінде 9-10 айында малды жайылым отына жайьш бағуға болатын біздің
еліміздін мал шаруашылығын дамытуга тигізер септігі мол.
Жайылым отының химиялық құрамы мен қоректілігі онда ӛсетін ӛсімдік
түріне,
ылғалды кезеңіне, ауа райына, агротехникалық шараларға, шабу
мезгіліне, малға жегізу жағдайына, т.с.с.б. факторларға байланысты ӛзгереді.
Оның қоректілігіне жайылым отындағы ӛсімдіктер түрі мен саны да ықпал
етеді. Жайылымда ӛсімдіктер түрі неғұрлым кӛп ӛссе, олар бір-бірінің жетілуі
мен химиялық құрамын толықтырып, жайлым сапасын жоғарылатады да,
отының құнарлылығын ӛсіреді.
Осындай құнарлы да арзан жемшӛппен шаруашылықтағы мал басын жыл
бойына мүмкіндігінше ұзақ мерзім қамтамасыз ету кӛзделеді. Оны іске "жасыл
конвейер" ұйымдастыру арқылы асыруға болады. Жасыл конвейер
ұйымдастыру принциптері түрлі агротехникалық және зоотехникалық шаралар
арқылы малды ерте кӛктемнен бастап күздің соңына дейін құнарлы да арзан кӛк
шӛп пен қамтамасыз етуге бағытталған.
97
Жер және шаруашылық жағдайына байланысты жасыл конвейер
ұйымдастырудың жолдары кӛп, соның бірін келтірейік:
1)
Ерте кӛктемде
, қар ери салып, малды осы мақсатпен күзде егілген қара
бидай, арпа, т.б. күздік дақылдардың жетілген кӛгіне, содан кейін ерте жетілген
эфемероидтты жайылым мен екпе кӛпжылдық шӛптердің бірінші жаюға
жетілген кӛгіне жаяды;
2)
Жаздың 1-ші жартысында
кӛктеген табиғи жайылым мен кӛпжылдық
шӛптердің кӛгінде бірінші жаюды аяқтағаннаң соң, жаздық астық тұқымдастар,
райграс пен олардың бұршақ тұқымдастары мен қосындылары,
могар мен
алғашқы себілген тары, судан шӛбі, сорго, жүгері және олардың алғашқы
себілген бұршақ тұқымдастарымен қосындысынан кӛгіне жаяды;
3)
Жаздың 2-ші жартысында
ерте шабылған табиғи жӛне себілген
шабындықтардың қайта ӛскен кӛгі. могар, тары және олардың бірінші жӛне
скінші кезеңде себілген бұршак тұқымдастарымен қосындысы, олардың қайта
жетілген кӛгі, судан шӛбі, жүгері, сорго, күнбағыс
және олардың бұршақ
тұқымдастарымен қосындысы, кайта жетілген кӛгі, жаздык астық тұқымдастар,
райграс және олардың екінші және үшінші мерзімде себілген бұршақ
тұқымдастарымен қосындысы, ерте піскен кәуелер, ерте салынған сүрлем
кӛгімен азықтандырады;
4)
Күзде
3-ші және 4-ші мерзімде себілген біржылдық шӛптер және олардың
қайта жетілген кӛгі, ерте себілген күздіктер, кәуе, асқабақ, қарбыз,
тамыржемістілер мен олардың пәлегін, картоп, азықтық қырыққабат, сүрлеммен
азықтандырады.
Достарыңызбен бөлісу: