94
қызметін бұзып, бедеулігі мен іш тастауын жиілетеді. АҚШ пен Канадада
мұндай құбылысты малға құрамында эстрогені жоқ қарағай қылқаның
жегізгенде де байқаған. Ол затгарды антиэстрогендер деп атаған.
Жайылымға азотты, фосфорлы, калийлі тыңайтқыштар шашу кӛкшӛптің
эстрогендігін ӛсіретінін кӛрсетіп отыр. Түрлі органикалық және минералдық
тыңайткыштар қолданудың салдарынан ӛсімдіктерде одан басқа да қосындылар,
олардың ішінде малды уландыратын нитратгар да, кӛптеп жиналады. Мысалы,
гектарына, азотқа шаққанда, 60 кг аммиак селитрасы себілген сұлы кӛгіндегі
9,6% "шикі" протеиннің 7,6%, яғни 79,2% белоктан тұрса, 120 кг аммиак
селитрасы себілген сұлы кӛгінде "ішкі" протеин кӛлемі 16,5% болып, оның
11,8%, яғни 71,5% белоктан тұрған. Демек, аммиак селитрасының кӛп мӛлшері
иротеиндегі белоктың үлесін азайтып, орнына белоктан тыс азоттық
қосындылардың, оның ішінде нитраттардың молаюына соқтырады. Бұған
азықтық дақылдардың, атап айтқанда біржылдық астық тұқымдастардың ауа
райы салқын жылдары аз суарылуы, шабылып, жиналған шӛптің үйіндіде қызуы
да себептеседі.
Ӛсімдіктерге топырақ ерітіндісінен нитраттар, нитриттер мен аммиак
қосындылары түрінде енетін азоттан денедегі аминқышқылдарының түзілуіне
тек аммиак азоты жұмсалады. Нитраттардың аммиакқа айналуы топырақта,
ӛсімдікте және жануар организімінде (месқарында) бірыңғай жолмен ӛтеді:
Нитраттар → Нитриттер → Гидроксиламин → Аммиак
Бұған сыртқы ортаның ылғалдылығы, температурасы, қышқылдығы
(оңтайлы рН деңгейі 5,5-6,5 аралығында) мен кӛмірсулардың болуы ықпал
етеді. Сондықтанда, жоғарыда айтылғандай, негізінен калий нитраты түріндегі
нитраттардың ӛсімдікте жиналуы жауын-шашынсыз, құрғақ та салқын кезде
ұлғаяды. Астық тұқымдастарға қарағанда топырақ ерітіндісінен тамырына
азотты заттардың енуін түйнектік симбионт бактериялары реттестіретін бұршақ
тұқымдастар нитратты аздау жинайды. Сондықтан малға астық пен бұршақ
тұқымдастар кӛгін араластырып жегізген нитраттар мен улану қаупін кемітеді.
Кӛк азық құрғақ затындағы натрий ионымен есептелінген нитраттар мӛлшері
0,02%-дан (калий нитратымен 0,5%-дан) жоғары болмағаны жӛн.
Кӛк азықтың негізгі кӛзі болып табиғи жайылым мен шалған кӛгі табылады
Жайылымда жаюға болатын мал басының санын білу үшін олардың ӛнімділігін
анықтап, азықтық сиымдылығын, яғни 1 гектарына жайылатын мал басы мен
мерзімін, есептейді. Жайылым не шабындык ӛнімділігін аныктау үшін оты
(шалғьіны) біркелкі келетін алқаптың бірнеше жерінен (әдетте 4 бұрышы мен
ортасынан) 1 м
2
аумағын шауып, шӛбін ӛлшейді де, жайылым кӛгінің ӛнімділігі
(Ӛ, га/кг), пайдалану коэффициенті (К) және мерзімі (Ү, тәулік) мен онда
жайылатын мал түлігінің тәуліктік азық мұқтаждығы (М, кг) бойынша 1
гектарына келетін мал басының сиымдылығын (С) есептейді:
Достарыңызбен бөлісу: