Омарқожаұлы Н. Шуркин А. И. Мал шаруашылығы негіздері



Pdf көрінісі
бет57/82
Дата08.04.2024
өлшемі3,77 Mb.
#200620
түріОқулық
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   82
Байланысты:
Мал шаруашылығы негіздері by Омарқожаұлы Н., Шуркин А.И. (z-lib.org)

Пішендеме дайындау
. ІІішендеме астық тұқымдастар кӛгінен 40-45%, 
бұршақ тұқымдастар кӛгінен 45-55% ылғалдылықта дайындалып, анаэробтық 
жағдайда 
ұзақ 
мерзім 
сақталатын 
консервіленген 
жемшӛп. 
Осы 
ылғалдылықтағы "физиологиялық құрғақ" жағдайға (А.М.Михин, 1937) ететін 
ӛсімдік жасұшасы онша қышқылданбаған анаробтық ортада (рН = 5–5,5) 
қоректік заттарын сақтай алады.
Шабылған ӛсімдік дегдітіліп, ылғалы кеміп, құрғақ затты молайған сайын 
жасұшада осмостық қысымы ӛсіп, оның ылғал ұстаушы (ішкі) күші жоғарылай 
түседі: 68-70% ылғалдылықта 21-27 кгк/см
2
болса, 59-60% ылғалдылықта 31-37 
кгк/см
2
, 50-55% ылғалдылықта 50-62 кгк/см
2
жетіп, ӛсімдік эпитафтық 
микрофлорасындағы бактериялардың кӛбінің 50-52 кгк/см

сору күшіне 
шырынын (қоректік сӛлін) бермей сақтай алады. Сopy күші одан 5-6 есе жоғары 
(220-295 кгк/см
2
) кӛгерткіш саңырау- құлақтарының дамуын анаэробтық 
жағдайдағы кӛмірқышкылының жиналуы тежейді. 


113 
Ылғалдылығы жоғары ӛсімдік жасушасының ылғал ұстаушы күші 
бактериялардың copy күшінен кем болатын болса, ылғалдылығы 40-44%-дан 
тӛмендеген ӛсімдік жасұшаларының солуынан да ылғал ұстаушы күші кемиді. 
ЬІлғалдылығы 45-55% ӛсімдік жасұшасының гидрофилдік коллоидтары мен 
осмостық әсерлі заттарының 50-55 атм. тең ылғал ұстаушы күші 50 атм. тең 
бактериялардың сорушы күшінен басым түседі. Осмостық қысымы 50 атм. 
жеткен шикізатта бактериялар, ал 200 атм. жеткен шикізатта кӛгерткіш 
саңырауқұлақтар да дами алмайды. 
Пішендеменің сақталуы дегдітілген кӛктің құрғақ затын (осмостық 
қысымын) жоғарылатуымен қамтамасыз етілетіндіктен, оған салынатын 
дақылдың қанттық минимумына сүрлемдеудегідей онша қатаң талап қойылмай, 
қантының мӛлшері қанттық минимумға шамалас қиын сүрлемделетін 
дақылдарды да сала береді. Әдетте, пішендемені бір- және кӛп- жылдық бұршақ 
тұқымдастардан, 
астық 
тұқымдастардан, 
олардың 
қосындыларынан, 
жақсартылған 
табиғи 
шабындықтар 
кӛгінен 
дайындайды. 
Қажетті 
технологиясын сақтап, дұрыс дайындалған пішендеме дәмі, түсі, қоректілігі 
кӛкшӛптікі секілді, мал сүйсініп жейтін тұщы азық болады. 
Пішеннің 
стандарттық 
құрғақтығына, 
яғни 
15-17%, 
дейін 
кептірілмейтіндіктен, пішендемеде ӛсімдіктің қоректі де нәзік жапырақтары 
толығырақ сақталып, механикалық шығындары азаяды. Сүрлеге салумен 
салыстырғанда, пішендеме салудағы микробиологиялық ашытулар аз кӛлемде 
ӛтіп, сүрлем қышқылдығына жеткізбей-ақ сақталатындығынан, ӛсімдік қанты 
мен басқа да қоректік заттары толығырақ сақталады. Дегдітілген жемшӛпті 
таптағанда шығатын сӛл шығыны да кемиді. Осының бәрі пішендемеге салу 
арқылы жемшӛп дайындалу барысындағы биологиялық, микробиологиялық 
және механикалық шығындарды пішендікімен салыстырғанда 2 есе, 
сүрлемдікімен салыстырғанда 3 есе азайтылады. 
Сапалы, қоректілігі жоғары пішендеме дайындау үшін оған салынатын 
дақылдын қоректік заттары мен витаминдері толығырақ жиналып, сақталатын: 
бұршақ тұқымдастар кӛгін бүршіктеліп-гүлдене бастаған, ал астық тұқымдастар 
кӛгін - масақтанған кезеңінде шабады. Мысалы, бүршіктелігі-гүлдене бастаған 
кезенінде шабылған бұршақ тұқымдастардан салынған пішендеме құрғақ 
затында 18,8% протеин, 23,7% жасұнық, 151 мг/кг каротин болса, толық 
гулденгенде шабылған бұршақ тұқымдастардан салынған пішендеме құрғақ 
затында, тиісінше, 13,5% протеин, 27,4% жасұнық, 119 мг/кг каротин болған. 
Яғни, сонғысынын құнды протеиндік пен дәрумендік қоректілігі біршама 
тӛмендеп, орнына қорытылымы қиын жасұнық мӛлшері молайған. 
Осылайша, пішендемеге салынатын кӛкті, бойында қоректік заттары, оның 
ішінде әсіресе каротині, толық жиналған кезеңінде, танғы сағат 4-7-де, 
ӛсімдіктің ылғалы буланатын жолдары ашық кезде шауып, ауа райы мен 


114 
шабындық ӛнімділігіне байланысты не жаймаланған күйде не бӛкестеп 45-55% 
ылғалдылыққа дейін дегдітеді (провяливание). Ауа райы ыстық болса орташа 
(120-150 ц/га) ӛнімділіктегі шабындық кӛгін бірден бӛкестеп дегдітеді. 
Дегдіту мерзімі қысқарған сайын ӛсімдік қоректік заттары мен каротині 
жақсы сақталатынын ескеріп, шабылған кӛктін ылғалдылықтын 3-8 сағатта 
қажетті деңгейге жеткізуді кӛздейді. Жанырағы жылдам кеміп, сабағының кебуі 
созылған пішендемеде пайдасыз ашытулар орын алатынын ескеріп, шабылған 
кӛкті мыжып, сабағынын бүтіндегін зақымдап, бӛкес астындағысын үстіне 
шығара араластырып, ылғалының жылдам буланын ӛсіріп, кебуін 
жылдамдатады. Қажетті ылғалдылыққа дейін дегдіген кӛкті 0,2-0,3 см етіп 
турап, 450-500 кг/м
3
тығыздықпен мұқият және ұзақ (тәулігіне 1 м қабатын 15-
18 сағат) таптап, пішендеме салынатын мұнара не орды 3-5 тәулікте нығыздап 
толтырады. 
Салынған пішендеме үстіңгі қабатына 50-80 см қалыңдықпен кептірілмеген 
жас кӛкті ұсақтап салып, ауа ӛткізбейтін полимерлік жарғақапен мұқият қымтап 
жабады. Жарғақ үстіне 0,5-1 см қайнатылмаған әк жайып, оны азық қиқымы, 
ағаш үгіндісі немесе ылғалды топырақпен кӛмеді. Салу технологиясы сақталып, 
дұрыс дайындалған пішендеменің әр 1 т 1-1,5 м
3
С0
2
жиналып, ішкі 
температурасы 37-38°С градусынан жоғарыламайды. Ондай сапалы пішендеме 
салуға болат, алюминий, бетон не пластмассадан тығыз жабылатын етіп құйған 
200-1600 м
2
, үстіңгі не астыңғы жағынан ішіндегі жемшӛп механикалық түрде 
шығарылатын мұнаралар ыңғайлы. 
Пішендеме салу технологиясы сақталмауынан анаэробтық жағдай 
туғызылмай, салынған шикізатқа оттегі енсе, copy күші бактериялардікінен 5-6 
есе жоғары кӛгертуші балдырлар (плесени) ӛрістеп, азықты кӛгергіп, бұзады. 
Дегдіту уақыты созылып немесе пішендемені ашып, ала бастағанда ауа оттегі 
кӛп енген жағдайда, пішендеменің ішкі температурасы 50-60°( дейін 
кӛтерілуінен азық протеині натурасызданып (жиырылып) қорытылуы 
нашарлайды. Мұндай пішендемеде, жоғары температураға тӛзімді термофилдік 
бактериялардың ӛсуінен ішкі қызуы 85-90°С дейін кӛтеріліп, қоректік 
заттарының ыдырап "жануы" ӛрістейді. Сондықтан пішендемені ашып, алған 
кезде, ішіне ауа мен жарықтың аз енуін қадағалайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет