Омарқожаұлы Н. Шуркин А. И. Мал шаруашылығы негіздері


Жемшөп дайындау технологиясы



Pdf көрінісі
бет53/82
Дата08.04.2024
өлшемі3,77 Mb.
#200620
түріОқулық
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   82
Байланысты:
Мал шаруашылығы негіздері by Омарқожаұлы Н., Шуркин А.И. (z-lib.org)

2.9 Жемшөп дайындау технологиясы 
Жемшӛп дайындапу технологиясы оны консервілеуге, яғни қоректік 
заттарының бұзылып ыдырамай сақталуына, бағытталған микробиологиялық 
үдеріске негізделген. Жемшӛпті сақтауда негізінен кептіру (пішен, шӛп ұнын 
дайындауда) мен анаэробтық жағдайда қышқыл орта орынатуды (сүрлем, 
пішендеме дайындауда) қолданады. 
Пішен дайындау
. Пішен шабылған кӛкшӛпті 17% ылғалдылыққа дейін 
кептіріп, физиологиялық құрғақтықта сақтайтын жемшӛп. Қоректілігі мен 
сапасы шабылған ӛсімдіктің осы ылғалдылыққа дейін кептіру мерзіміне 
байланысты ӛзгереді. Ӛйткені шабылған ӛсімдіктін кептіру мерзімі ұзарған 
сайын, бір жағынан, жасұшалық тыныстанудан қоректік заттары ыдырап, 
жалпы қоректілігі тӛмендесе, екінші жағынан, күн кӛзінде жатқан ӛсімдіктін 
каротині ыдырап, дәрумендік құндылығы кемиді. 
Бокес не шӛмеледе ұзақ жатып қалған шӛптің кептірілуін жылдамдату 
үшін астын үстіне шығарып аударыстырудан, алдымен қоректілік құндылығы 
жоғары нәзік жапырақтары сынып, уатылып, түседі де пішен сапасын 
тӛмендетеді. Әсіресе, шабылғаннан кейін бірден жиналмай, жауын-шашын 
астында қалған ӛсімдіктің қоректік және биологиялық әсерлі заттары шайылып, 
сапасы күрт тӛмендейді. 
Сүрлемге салғандағыдай, пішен дайындауда да шабындық ӛнімділігі 
шапқан кезіндегі отының жетілу кезеңіне тәуелді ӛзгереді. Қоректік құндылығы 
оңтайлы 
кезінде 
(астық 
тұқымдастардың 
– 
масақтанып, 
бұршақ 
тұқымдастардың – бүршіктеп-гүлденген) шабылмаған шабындық отының 
қоректілігі күніне 1% кеміп отыратындықтан, 1-ші шабыс мерзімін кешіктіру, 2-
ші шабыстағы пішен шығымын 1,5-2 есеге кемітеді. Осыны ескере отырып, 


103 
шабындық кӛгінің шабылуы мен дайын пішен түрінде жиналу аралығын 5-7 
тәуліктен асырмау қажет. 
Шабылған шӛптің пішенге кептірілуі екі кезеңнен тұрады. Шабылған 
ӛсімдікте орын алатын бастапқы кезеңде, ӛсімдік жасушаларының тынстануы 
жалғасып, оттегімен тотыққан қоректік заттары ыдырайды. "Аштық алмасу" деп 
аталатын бұл кезең ӛсімдікте - 38%, кейде - 45-50% ылғалдылықта тежеліп 
тоқтайды. Содан кейінгі, екінші кезеңде, пішен ұзақ мерзім сақтауға шыдамды 
15-17% ылғалдылыққа дейін кептіріледі. 
Кептіру барысында ӛсімдікте терен физико-биохимиялық ӛзгерістер ӛтеді. 
Ең алдымен, шабылған шӛпте крахмалдың ыдырауынан қант мӛлшері ӛседі. 
Мысалы, 76,5% ылғалдылықта шабылған жоңышқада 7,3% қант, 4,9% крахмал 
болса, 20 сағат кептіргеннен кейін ылғалдылығы 46,2%-ға дейін тӛмендегенде, 
қант мӛлшері - 8,7%-ға дейін ӛсіп, крахмалы мӛлшері - 2,7%- ға дейін азайған. 
Одан әрі кептіру барысында пішендегі қант та ыдырай бастайды. Пішен кептіру 
барысындағы қоректік заттар шығыны 75 сағаттан соң - 4,1%, 160 сағаттан соң - 
13,0% болып, оның ішінде , тиісінше, азотсыз экстрактивті заттар шығыны 
0,87% пен 2,6%, май шығыны - 1,96% пен 7,1% болған. 
"Аштық алмасу" кезеңінен кейін шабылған ӛсімдік жасушаларының 
тыныстануы тежеліп, тоқталады да, одан әргі биохимиялық ӛзгерістер, ӛсімдік 
жәнс микрофлора ферменттерінің әсерімен және де фотохимиялық үрдіс 
арқылы жүреді. Осы кезең ылғалдылығына дейін кептірілгенше, шабылған 
кӛкте орын алатын ұшалық тыныстану мен ферментациялық ыдыраудан, оның 
қоректік затының 10-15% шығындалады. Бұл шығынды кеміту үшін шӛпті 
кептіру мерзімін мейлінше (мүмкіндігінше) қысқарту керек. Ал шабылған 
ӛсімдіктің алдымен жұқа жапырақтары, содан кейін барын ірі сабақтары 
кебетіндіктен, кептіру мерзімін қысқарту үшін аударыстыруды жиілеткенде 
сабақтағыдан каротині 10-12 есе, минералды заттары — 2-2,5 есе кӛп 
жиналатын құнды жапырақтары уатылып, жоғалтылудан, механикалық 
шығындар кӛлемі 15-20% ӛседі. 
Кӛк шӛпті пішенге жинау және тасымалдау кезіндегі механикалық 
шығындарды азайту үшін престеп, буып жинаған жӛн (2.9-сурет). 


104 
а б 
2.9-сурет – Рулондалған пішен (а) мен сабан (б) 
Шабылған ӛсімдікті күн кӛзінде кептірігенде күн сәулесінің әсерінен 
каротиннің 70-90% ыдырайтындықтан оны сақтап қалу үшін, кептіру мерзімін 
қысқартып немесе кӛлеңкеде кептіруге болады. Соңғы жолмен тӛл азығына 
каротинді пішен дайындайды. Күн кезінде кептірігенде ультракүлгін 
сәуледендіруден 
ӛсімдік 
фитостериндері 
Д
2
дәрумені 
эргостеринге 
айналатынын да ескеру қажет. 
ЬІлғалдылығы жоғары болып, жасушалық тыныстану толастамаса, қоректік 
заттар ыдырауынан пішеннің, ішкі қызуы 30~50°С-нан асып, онда 
микробиологиялық үрдіс ӛрістейді. Қатты қызған пішен түсі күреңденіп, 
қоңырланып, қоректік заттарының қорытылуы күрт тӛмендеуден (1,5 еседен 
астам) жалпы қоректілігі мен сапасы нашарлайды. Оған жол бермеу үшін 
пішенге 1%-дық ас тұзын себуге болады. 
Пішеннің станадарттық (17%) ылғалдылықа дейін кептірілу мерзімін 
қысқартып, қоректілігі мен сапасын жоғары сақтау үшін 35-40% ылғалдылыққа 
дейін дегдітілген шӛпті арнайы кептіргіш қондырғыларға үйіп, жылы ауамен 
жеделдете желдетіп (активное вентилирование), қоректік заттар шығынын 2 -3 
есе азайтуға болады. Бұл пішенді жедел желдету арқылы дайындау әдісін жылы 
ауа айдағыш каллориферлер қолдану арқылы іске асырады. Каллорифер үстіне 
үйілген шӛптің әр 1 тоннасына сағатына 1200 м
3
жылы ауа айдауы қажет. 


105 
Кептіріліп жиналған пішенде микробиологиялық биохимиялық ӛзгсрістер 
6-8 апта бойында жалғасатының ескеріп, оны осы мерзімнен кейін малға 
жегізуге болады. Әйтпесе, ол ас қорыту барысын бұзып, малдың ішін 
ӛткізетіндіктен, бұл мерзімге жетпей жегізілетін жас "піспеген" пішенді малға 
басқа жемшӛп пен, айталық сабанмен, араластырып береді. Дайындалу 
технологиясын сактап жинаған түрлі дақыл пішенінің құрамы келесі 2.4-
кестедегідей болады. 
2.4-кесте – Түрлі дақыл пішенінің құрамы, % 
Пішен түрі 
«Шикі» 
протеин 
«Шикі» 
май 
«Шикі» 
жасұнық 
АТЗ 
Астық тұқымдастардікі 
Бұршақ тұқымдастардікі 
Түрлі шӛптікі 
Тау шабындығынікі 
Дала шабындығынікі 
8,2 
16,0 
8,5 
9,8 
7,6 
2,6 
2,2 
2,6 
2,7 
2,8 
25,6 
23,1 
23,6 
24,9 
25,7 
39,7 
39,7 
41,4 
40,7 
43,6 
Ботаникалық тұрғыдан біркелкі пішен түрінің қоректілігін айқындайтын
химиялық құрамы мен қорытылымы, оның шабылу кезеңі мен дайындалу 
технологиясына тәуелді ӛзгереді. Пішенге кептіру барысында мал қорегіне 
нәрлі де жұғымды кӛк балауса іріленіп, қатайып, қорытылымы мен диеталық 
сапасын тӛмендетеді. Мысалы, кӛк балаусада 75-85% болатын органикалық 
заттар қорытылымы пішенде 55-65%-ға дейін тӛмендейді, ӛйткені пішендегі 
лигнинделген жасұнық ӛзінің қиын қорытылуымен қоса басқа да қоректік 
заттар қорытылуына кедергі келтіріп, тӛмендетеді. 
Осыған байланысты, пішен қоректілігінің энергетикалық қуаттылығын, 
яғни құрғақ заттағы алмасу энергиясын (АЭ, МДж/кг) оның құрамындағы 
"шикі" кжасұнық (ШЖ, г/кг) кӛлемімін есептеп: АЭ = 13,1 (1,0 – ШЖ х 1,05), 
алмасу энергиясын азық ӛлшеміне (АӚ) айналдыруга болады: АӚ 

АЭ
:
0,0081. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет