119
Клечаткасы, %
27
29
31 28 30 33 27
29 32 28 30 33
Ескерту.
Класқа жатқызылатын стандартты пішен ылғалдылығы – 17%-
дан; минералды қосындылары І-ші класс пішенінде – 0,3%-дан, ІІ-ші класс
пішенінде – 0,5%-дан, ІІІ-ші класс пішенінде – 1,0%-дан, табиғи шабындық
пішеніндегі улы және зиянды ӛсімдіктері І-ші класта – 0,5%-дан, ІІ-ІІІ-ші
кластарда – 1,0%-дан аспауға тиіс.
Кӛрсеткіштері ІІІ-ші класс талаптарына сай келмейтін, қарайған, шірік,
кӛгерген иісті, топырақпен ластанған пішен кластан тыс болып табылады да,
мал азығына пайдаланарда алдын-ала арнайы ӛңдеуден ӛткізіледі.
Пішеннің түрі мен түсі неғұрлым дайындалған ӛсімдіктер түрі мен түсін
ӛзгертпей сақтаса, соғұрлым сапасының жоғары болтаны. Ӛсімдіктер түріне
қарай пішен түсі кӛк, сары-кӛк болып келеді де, сақтау барысында аздап сарғыш
не бурыл тартады. Олар хош, жұпар жеміс иісті, жапырақтары жақсы сақталған,
қатты қурап кеппеген, жұмсақ болады.
Шамалап алғанда стандартты 1 кг астық тұқымдастар пішенінің қоректілігі
- 0,46 а.ӛ. (6,3 МДж), бұршақ тұқымдастардікі - 0,52 а.ӛ. (7,2 МДж), түрлі шӛп
пішенінікі -0.47 а.ӛ. (6,4 МДж), тау шабындығының пішенінікі 0,54 а.ӛ. (7,2
МДж), дала шабындығының пішенінікі - 0,54 а.о. (6,6 МДж) шамалас болады. 1
кг табиғи І-ші класты шабындық пішенінің қоректілігі - 0,47 а.ӛ., ІІ-ші класынікі
- 0,42 а.ӛ.: ІІІ-ші класынікі - 0,36 а.ӛ. болып, классызынікі - 0,28 а.о.-нен
артпайды.
Мал азығына жұмсалған пішен қымбат жемнің жұмсалуын үнемдеп,
ӛнімнің ӛзіндік құның арзандатады. Оған пішен қоректілік сапасы ықпал етеді.
Мысалы, тәулігіне 20 кг сүт сауылатын сиырды I класс пішенімен
азықтандырғанда 1 кг сүтке - 270 г, II класс пішенімен азықтандырғанда - 365 г,
III- ші класты пішенімен азықтандырғанда - 500 г құнарлы жем жұмсалады.
Дайындалған пішенді қыс бойы малға жегізіп шығады. Пішен мүйізді ірі
және ұсақ қара мал мен жылқының қысқы жемшӛбінің 1/3 бӛлігін (қоректілігі
бойынша) құрайды. Олар малдың жеген жемшӛбін аумақтандырып, дұрыс ас
қорытуына себептеседі. Сондықтан, әр 100 кг тірілей салмағына шаққанда: сүтті
сиырға - 0,7-2 кг, жылқыға - 1,5-2 кг, қойға - бүкіл берілген жемшӛптің
жартысына жуығындай пішен береді. Жеген азығы аумақтанып, мес қарындағы
микробиологиялық үрдісі ӛрістеуі үшін, күйісті малдың 100 кг тірілей
салмағына шаққандағы жегізілетін пішен кӛлемі 1 кг-н кем болмауға тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: