Тамыр-түйнектерді дайындау
. Шырынды мал азығына азықтық және
қант қызылшасы, сәбіз, топинамбур (жер алмұрты), турнепс секілді
тамыржемістілер, картоп секілді түйнекжемістілер жатады. Олардың құрамында
70 90% су болып, 10-30% құрғақ затының басым бӛлігі жеңіл қорытылатын
қанттар мен крахмалдан тұрады. Протеиннің жартысына жуығы белок, ал
қалғанын одан тыс амидтық азотты қосындылар құрайды. Клетчаткасы мен
липидтері аз мӛлшерде болады. Тамыр-түйнек жемістілердің ӛнімділігі жоғары
болатындықтан, егіс бірлігінің кӛлемінен алынатын қоректік заттар ӛнімі
115
бойынша кӛкшӛп пен дәнді дақылдардан қалыспайды. Олардың 1 кг құрғақ
затының жалпы қоректілігі 1 азық ӛлшеміне шамалас келеді. Малдың тәбетін
ашып, сүттілігін арттыратын тәтті де, жеңіл қорытылып тез сіңірілетін құнды
қысқы азығы болып табылады.
2.10 Мал азығын өндеу
Мал азығына дайындалған жемшӛпті азықтандыруға, яғни малға жегізуге,
алдын-ала дайындап, желінуін (шайналуын) жеңілдетіп, қорытылуын арттыруға
болады. Алдын ала дайындаудан, алдымен, ӛскен сайын жасуша қабығының
жасұнығы лигнинденіп, қатая түскен аумақты жемшӛпті ӛткізген жӛн. Ӛйткені
ӛсімдік ӛсе келе оның жасұнығы лигин, кутин, суберин секілді сағыз тіріздес,
ӛте тӛзімді, қатайтқыш заттарға қанығып, құрамында 30-55% целлюлоза, 15-
25% қатайтқыш заттардан тұратын целлюлоза-лигнинді кешенін құрады.
Құрылымы ӛте мықты бұл кешенді ас қорыту барысында бұзып, қорыту
қиындық тудырады. Оның қорытылуын азықты малға жегізуге алдын-ала
дайындауда химиялық байланыстарын әлсіретіп, яғни
делигнификациялау
,
немесе оларын түрлі әсермен бұзып
деструкциялау
жолымен арттыруға болады.
Және де күйісті малдың мес қарнындағы микрофлораны ӛсіріп, әсерлігін
арттыру арқылы микробиологиялық жолмен ықпал етуге болады.
Лигнин азық қорытылуына целлюлозамен химиялық қосындыда болған
жағдайда ғана кедергі келтіреді. Сондықтан азықтандыруда сол кедергіні жою
үшін олардың байланысын бұзу қажеттігі туындайды. Зат құрылысын бұзумен
сипатталатын деструкциялауды, заттын агрегаттық қалпын бұзатын
дезагрегациялау
мен кұрылымын қарапайымдылайтын
деградациялау
арқылы
жүзеге асырады. Жемшӛпті дезагрегациялау мен деградациялауды температура,
ылғал, сәуле, радиация, қысым секілді физикалық факторлар мен түрлі
химиялық
реагенттер
мен
ферменттерді
қолдану
арқылы,
немесе
микроорганизмдер әсерімен жүзеге асырады.
Жасуша қабығының құрылымын темір-бетон мен салыстырсақ, ондағы
темір таяқшаларының рӛлін целлюлоза миофибрилдері атқарып, қоректік заттар
бетон секілді олардың аралығын толтырады. Лигнин бастаған сағыз тәріздес
қатайтқыш заттар целлюлоза миофибрилдерін орап, оған сіңіп, әбден
қатайтады. Кешен құрылымын бұзып, қоректік заттарды ас қорыту
ферменттерінің әсеріне босату үшін, целлюлоза миофибилдерін лигниннен
босатып, аршып алу керек те не целлюлозаның ӛзін ерітіп босатып алу керек.
Жемшӛпті лигнинсіздендіруді 72%-дық күкірт қышқылы не 42%-дық тұз
қышқылымен ӛндеу арқылы іске асыруға болады. Сол арқылы іріленіп қатайған
жүгері собығы, күнбағыс қалпағы, мақта қабығы, қамыс, сабан, топан секілді
азықтан алынған гидролизатты тиісті биохимиялық ӛңдеуден ӛткізу арқылы
116
этил спирті, глюкоза, органикалық қышқылдар, фурфурол, т.с.с. қажетті ӛнімге
айналдыруға немесе оларда азықтық ашытқы ӛсіріп, гидролизді спирт ӛндіруге
болады. Азықты жоғары қысыммен, сілтіде, 160-180°С градусында қайнатқанда
лигнині еріп, жасұнығы қалады. Ол қалдықты целлюлоза-қағаз ӛндірісінде
қолданып, қалған түрлі органикалық және анорганикалық қосындыларға бай
сілтілік ерітіндіні мал азығында, этил спиртін, азықтық ашытқы, азықтық қант
ӛндіруге пайдаланады.
Ӛндеу барысы азыққа екі жақты әсер етеді. Олардың әсерінен, алдымен
лигнин мен қоректік зат (целлюлоза, гемицеллюлоза, т.б.) арасындағы
коваленттік байланыс бұзылып, содан соң кӛп ӛлшемді күрделі заттардың
иондық байланысы гидролизделінуінен олар бос, бір ӛлшемді қарапайым затқа
айналдырылады Мысалы, целлюлоза мен гемицеллюлозалардан суда жеңіл
еритін монқанттар бӛлініп, ӛңделген азықтағы қант мӛлшері ӛседі. Ӛндеу
барысында электрондық жұптан тұратын коваленттік, яғни қарама-қарсы
зарядталған
иондардың
бір
біріне
тартатын
электро-статистикалық
тартылымынан пайда болған қос электрондық байланыстар үзілуінің арқасында
150-400 кДж/моль энергия босайды.
Ірі жемшӛпті механикалық, физикалық тәсілдермен ӛңдеу жасуша
қабығының құрылымын бұзбайды және лигниніне айтарлықтай әсер
етпейтіндіктен жасұнық қорытылымын ұлғайтпайды. Жасұнық қорытылымын,
жемшӛпті тек жоғары қысымда 100°С градусынан аса температурамен ӛңдеу
арқылы ғана жоғарылатуға болады. Ол үшін жемшӛпке бірден ылғал, қысым,
жылулықпен әсер ету тиімді. Мысалы, сабанды 50-90% ылғалдылықта, 6-7
атмосфералық қысыммен, 160-170°С жылулықта 2-2,5 сағат қайнатса, жасуша
қабығының целлюлозасы мен басқа да кӛп ӛлшемді қосындылары
деструкцияланып, қарапайымдаланып бұзылады да, лигнині 10- 11% кеміп, суда
еритін кӛмірсулары 0,5-10% кӛбейеді. Мұндай құбылыс азықты, айталық, қамыс
пен сабанды, термо- химиялық, электр-тсрмиялық, энергия-термиялық, электр-
гидравликалық әдістермен ӛңдеуде орын алады.
Лигниндегі кӛміртегінің әр атомына бір метоксил (...–О–СНЗ–...) және бір
алифатикалық
гидроксил
(...–ОН...) тобынан
келіп, сонымен
қоса
фенилкарбонил топтары, эфирлер кіреді. Химиялық реагенттер (натрий екі
сульфиді, натрий гидросульфиді, натрий гидроксиді, аммоний гидроксиді, т.б.)
осы топтар арқылы жасуша қабығының кӛмірсулармен (целлюлоза,
гемицеллюлозалармен) байланыстарын үзеді де оларды босатып, микробтық
ферменттер әсерімен қорытылуына жағдай туғызады. Химиялық қосыңдының
әсерінен молекулалық массасы 300-500 мыңға жететін сабанның жасұнығы
альфа- және бета-целлюлозаға ыдырайды. Пентозандар түріндегі геми-, яғни
жартылай целлюлоза, одан да тез гидролизденеді. Бірақ химиялық тәсілдерді
117
қолданғанда азықтағы моноқанттар мен басқа қоректік заттар (ақуыз, май)
құрылымының бұзылмауын қамтамасыз ету қажеттігін ескеру қажет.
Ірі жемшӛпті биологиялық тәсілмен ӛңдегенде жасушаның сыртқы қабатын
ыдырату үшін пектолитикалық эндополигалоктоуроназа мен эндоглюконаза
(Сх-ферменті) ферменттері, ал ішкі қабатын ыдырату үшін олармен қоса
целлобиаза, гемицеллюлаза, манназа ферменттері керек екенін ескереді. Бұл
мақсатта ӛндірісте дайындалған осындай ферменттік қосындыларды қолданып
немесе соларды шығаратын микробиологиялық препараттарды қосады. Мұндай
микробиологиялық ӛңдеуге ашытқылау
Достарыңызбен бөлісу: |