Сүрлем дайындау
.
Кӛк азық шырыны мен қоректік қасиеттерін сақтаудың тиімді де
қарапайым әдісі - сүрлемге салу. Сүрлем анаэробтық жағдайда ашытылатын
қанты мол жемшӛпте ӛтетін микробиологиялық үдеріс (сүтқышқылды ашыту)
арқылы консервіленетін мал азығы. Сүт қышқылының жиналуынан сүрлемге
салынған шикізат реакциясы рН = 3,7-4,2 деңгейіне дейін қышқылданып,
107
барлық
дерлік
микробиологиялық
ӛзгерістерді
тежеп,
тоқтатуынан,
құрамындағы қоректік заттары ұзақ мерзім сақталады.
Сүрлемге жеңіл ыдырайтын канты мол балауызданып піскен кӛк жүгері
мен күнбағысты, бұршақ және астық тұқымдастар шалғынын, жас құрақты,
бақшалық дақылдардың жапырағын, т.б. салуға болады. Қанты аз азықтарды
сүрлемдеу үшін, оларды басқа шырынды, қантқа бай азықтармен, мысалы,
тамыр-түйнек жемістілермен қоса салып, құрама сүрлем дайындауға болады.
Сүрлем салу үшін жерді қазып, кабырғалары мен едені тапталған немесе
тіпті бетондалған ор (траншея) дайындайды. Оған жүгеріні дәні сүттеніп-
балауызданып піскен кезде, ал басқа кӛк азықтарды шырындалып, бойына
қоректік заттарды жинаған кезеңінде, бірақ қатая бастағаннан бұрын орып,
турап, нығыздап салады да әбден таптайды. Шырын сӛлі ағып кетпес үшін 100
киллограмына 15-20 кг сабан мен топан араластырып салса да болады. Сүрлем
салуға дайындалған орды 1-3 тәулікте, ӛсірсе қабырға тұсын мұқият нығыздап,
қабат-қабатымен тапталған кӛкпен толтырады да үстін полиэтилен үлбірімен
жан-жағын қымтай жауып, қалындығы 25-30 см етіп топырақпен кӛмеді.
Полиэтилен үлбірі болмаған жағдайда сүрлем үстін ылғалдандырылған
сабанмен 30-35 см жауып, оның үстін 5-10 см балшықпен сылап барып, 20-25
см топырақпен кӛмеді.
Орға салынған ӛсімдік жасұшалары бірден ӛлмейтіндіктен, олар ӛсімдік
арасында қалған оттегін ӛз тыныстануына пайдаланады да, оттегін тауысқан соң
ӛздері де ӛледі. Ӛсімдік шабылған кезінен бастап торша тыныстануы
тоқтағанша тотығу реакцияларынан қоректік заттар ыдырайтын бұл кезеңді
"аштық алмасу" кезеңі деп атайды. Ол неғұрлым қысқа болса, сүрлемге
салынған азықтың қоректік заттары толығырақ сақталады.
Кезең аяқталғанда оттегінсіз, яғни анаэробтық жағдайда, оттегілік ортада
дамитын шіріткіш аэробтар дамуы тежеледі де, сүрлемге салынған азық
шірімейді. Олардың орнына түрлі анаэробтық, қоректенуіне қант жеткілікті
болған жағдайда алдымен сүт қышқылды бактериялар дамиды. Олардың
дамуының барысында сүт қышқылы жиналып, ортаны қышқылдандырады.
Соның нәтижесінде сүрлемге жаңа шабылып, салынған кӛктің бейтарап (рН=7)
реакциясы біртіндеп, сүт қышқылының жиналу мӛлшеріне сәйкес
қышқылданып, сүрлем "піскен", яғни сүрлемделуі аяқталған мерзімде (1-1,5
айда) рН кӛрсеткіші 4-4,2-ге жетеді. Мұндай қышқылды ортада барлық дерлік
микробиологиялық үрдіс, ӛзгерушіліктер мүлдем тежеліп, сүрлемге салынған
дақыл ұзақ уақыт бұзылмай сақталады.
Сүрлемге салынған шикізатта келесі биохимиялық ӛзгерістер ӛтсді:
1-ші кезең – сүрлемге салынатын кӛкті шапқаннан, салынатын ор не
мұнара толғанға дейін ӛтетін аэробтық үдеріс; сүрлемдеу технологиясы
сақталған жағдайда 3-5 тәуліктен аспауға тиіс;
108
2-ші кезең – сүрлемді жапқаннан кейін орын алатын аэробтық-анаэробтық
ӛзгерістер; ӛсімдік түріне, микрофлорасына байланысты бірнеше сағаттан 7-8
тәулікке дейін созылады;
3-ші кезең – аиаэробтық жағдайдағы сүрлем қышқылдығының рН = 3,7-
4,2 ге дейін тӛмендеуі; созылу мерзімі сүрлем ылғалдылығы мен қантының
мӛлшеріне байланысты;
4-ші кезең – сүрлемді ашып, малға жегізуге алгандағы қыртысына ауа
енгендегі аэробтық жағдайда ӛтетін ӛзгерістер.
Сүрлемдегі биохимиялық ӛзгерістер біртіндеп осы кезеңдік сатылармен
ӛтеді. Ӛсімдік шабылып, орға салынғаннан кейін ондағы фототүзу тоқталып,
біртіндеп анаболикалық реакциялары тежеліп, катаболикалық реакциялары
ӛрістейді де, қоректік заттар түзілуі тоқтатылып, керісінше, олардың
ыдырауымен сипатталатын "аштық алмасу" кезені басталады. Бұл кезеңде
азықтың ӛз ферменттерінің әсерінен жүретін катаболикалық ыдырауға, ӛлген не
әлсіреген ӛсімдік қоректік затымен қоректене бастаған микроорганизмдер
ферменттерінің әсері қосылады. Мұны дер кезінде тоқтатпаса, азық қоректік
заттары тотығып, Н2О, СО2, NH3 түріндегі аяққы қосындытарына дейін
ыдырайды да, қоршаған ортасын қыздыратын энергия (жылу) шығарады.
2.10-сурет – Ордағы сүрлем
Шабылып, сүрлсмге салынған ӛсімдікте тек ішкі тыныстану отеді.
Оттегінің қатысуымен ӛтетін тыныстану ӛзгерістерінен ажырату үшін ондай
оттегісіз ӛтетін ішкі ӛзгерістерді ашыту (брожение) деп атайды. Сүрлемге
салынған ӛсімдік жасұшасыгың тыныстануынан бӛлінген энергияның бір
бӛлігін микроорганизмдер пайдаланса, басым бӛлігі жылу түрінде босатылып
109
сүрлем массасын қыздырады. Жәнеде шикізат мұқият тапталып, мықтап
қымталмаған жағдайда ӛрістейтін аэробтық тотығуда анаэробтық тотығудан
кӛрі энергия бірнеше есе кӛп бӛлінеді. Бұл екі үдерісте де кӛміртегінің қос
тотығы шығарылатындықтан, сүрлем қоректік заттарының ыдырауын оттегінің
жұмсалуынан кӛрі кӛмірқышқыл газының шығарылуымен есептеген ыңғайлы.
Осы кӛрсеткіш бойынша сүрлемдеуде қолданған түрлі қосындының тиімділігін
бағалауға болады.
Сүрлемге салынған шикізатта аэробтық тыныстану оттегі таусылғанша
жүреді. Соның барысында ӛсімдіктін күрделі қоректік заттары ӛсімдіктік ӛзінің
және
микроорганизмдердің
гидролитикалық
ферменттерінің
әсерінен
гидролизденіп, қарапайым қосындыларға (ақуыз – аминқышқылдарына, май –
май қышқылдары мен глицеринге, кӛмірсулар – моноқанттарға) ыдырайды. Осы
ыдыраушылықта пайда болған қосындылардың біразы ӛзгеріссіз сақталып,
біразы сол қалпында микроорганизмдер протоплазмасының құрылысына
пайдаланылады, ал біразы микрооргапизмдер ферменттерінің әсерінен жаңа,
бұрын ӛсімдікте болмаған заттарға айналдырылады. Осындай дайындық
ӛзгерістерден ӛткен метаболиттер, яғни алмасу ӛнімдері, келесі аяққы кезеңде
Кребс айналымы бойынша Н
2
О мен СО
2
-ге дейін толық тотығып, баоындағы
байлаулы энергиясын босатады.
Достарыңызбен бөлісу: |