Омарқожаұлы Н. Шуркин А. И. Мал шаруашылығы негіздері



Pdf көрінісі
бет54/82
Дата08.04.2024
өлшемі3,77 Mb.
#200620
түріОқулық
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   82
Байланысты:
Мал шаруашылығы негіздері by Омарқожаұлы Н., Шуркин А.И. (z-lib.org)

Шөп ұнын дайындау
. Жаңа шабылған кӛк балаусаны жоғары 
температуралық қондырғыда жылдам кептіріп, ұнтақтап дайындайтын азық
600-800°С температурада бірнеше минутта 12-14% ылғалдылыққа дейін 
кептірілген ӛсімдіктін ішкі тсмпературасы 90-100°С-дан жоғары кӛтеріліп 
үлгермейді де шӛп ұнында кӛк балаусаның барлық дерлік қоректік заттары 
толығымен (шығыны небәрі 1-2%) сақталады. Ӛте тез кептірілгендіктен шикізат 
қоректік заттарының қоректілік қасиеттері кемімей, тек протеині біршама 
натурасызданып, эпергетикалық қуаттылығы (а.о. бойынша) сӛл тӛмендеп, 5 
15% каротині ыдырайды. Әдетте шӛп ұнын бұршақ тұқымдастар кӛгінен 


106 
дайындайтындықтан, оның каротині мен қоса протеині де кӛп болады да, оны 
витаминді-протеинді шӛп ұны деп атайды. 
Дайындалған шӛп ұнын ылғалдылығы, протеині және каротинінің мӛлшері 
бойынша бағалайды. Стандартты 13,5% ылғалдылықтағы шӛп ұнында: 25% 
"шикі" протеин болса – 30 балл, 23% ''шикі" протеин болса - 24 балл, 21% 
"шикі" протеин болса - 18 балл, 18% "шикі" протеин болса — 12 балл, 16%-дан 
тӛмен "шикі" протеин болса - 6 балл; 
1 кг-да 270 мг каротин болса — 70 балл, 245 мг каротин болса — 60 балл, 
225 мг каротин болса — 50 балл, 200 мг каротин болса - 40 балл, 180 мг каротин 
болса - 30 балл, 155 мг каротин болса - 20 балл, 130 мг каротин болса - 10 балл 
беріліп, осы кӛрсеткіштері бойынша 95 балл жинаған шӛп ұнының сапасын — 
аса жақсы, 70-95 балл жинағанын ӛте жақсы, 40-70 балл жинағанын жақсы, 20-
40 балл жинағаның - канағаттанарлық деп бағалайды. 
1 кг-да 0,6-0,7 а.о., 100-120 г қорытылатын протеин, 250- 280 г каротин 
болатын бұршақ тұқымдастардан дайындалған шӛп ұны қорытылатын протеині 
бойынша құнарлы жемге теңелсе, каротиннің сақталуы жағынан пішеннен 3-4 
есе асып түседі. Оны каротин, протеин және кальций кӛзі ретінде мал 
құрамажеміне қосады. Шошқа және құс құрамажеміне қосылған шӛп ұны оның 
желінуін реттестіретін клетчатка кӛзі ретінде де қолданылады. 
2.9-сурет – Түйіршіктелген шӛп ұны 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет