Омарқожаұлы Н. Шуркин А. И. Мал шаруашылығы негіздері



Pdf көрінісі
бет56/82
Дата08.04.2024
өлшемі3,77 Mb.
#200620
түріОқулық
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   82
Байланысты:
Мал шаруашылығы негіздері by Омарқожаұлы Н., Шуркин А.И. (z-lib.org)

Сүрлемдеудің биохимиялық негізі
болып табылатын 
сүтқышқылды 
ашытуды
қамтамасыз ету үшін сүрлемге салынған дақылда қант қоры мол 
болуы шарт. Қант қоры неғұрлым мол болған жағдайда, қорегі жеткілікті 
сүтқышқылды бактериялар жақсы дамуынен жедел отетін сүтқышқылды 
ашытуда сүрлем массасында сүт қышқылы қажетті шоғырлану дәрежесіне дейін 
(рН = 4~4,2) жылдам жиналып, сүрлем сапасы жоғары болады.
Сүрлемдеу үдерісін осы тұрғыдан бағалауды ұсынған академик 
А.А.Зубрилин осы қышқылдықты қамтамасыз етуге қажетті қанттың ең аз 
мӛлшерін азықтың
 «қанттық минимум" деп атаған. 
Оның пайыздық мӛлшерін 
(С, %) дақыл үлгісінің салмағын (М, г), оның реакциясын рН = 4,2 деңгейіне 
дейін қышқылдандыруға жұмсалған 0,1 нормалдық сүт қышқылы ерітіндісінің 
кӛлемі (Т, мл) мен 1 мл-гі сүт қышқылына (К) кӛбейту арқылы анықтайды:
С = К х Т х 100 : М
Бірақ 
сүрлемдеудің бастапқы, жоғарыда айтылғандай, "жаппай 
ашытқылану" кезеңінде, барлық микроорганизімдер дами бастап, содан кейін 
орта қышқылдығы ӛсе келе, сүтқышқылды ашыту басым ӛрістеген мен, біршама 
кӛлемде басқа ашыту түрлері мен сору күші зор кӛгерткіштер (плесени) дамуы 
сақталатынды. Соның салдарынан шикізат қантының тек 60%-дайы ғана сут 
қышқылды ашытуға, ал қалғаны сірке қышқылды, пропион қышқылды, ал 
сүрлем салу технологиясы жӛнді сақталмаған жағдайда, сүрлемді 
сапасыздандыратын майлықышқылды ашытуларға, жұмсалады. 


110 
Осыны және де ашытқылау барысында біршама қанттың спиртке 
айналадығын ескере отырып, жоғарыда келтірілген жолмен есптелінген сүт 
қышқылының минимумдық кӛлемін (С, %) 1,7 коэффициентіне (100 : 60 = 1,7) 
кӛбейтеді. 
Құрамындағы нақтылы қант мӛлшері мен сүрлемделуіне қажетті қанттық 
минимумы бойынша дақылдарды үш топқа бӛледі: 
а) наққылы қант мӛлшері қажетті қанттық минимумнан кӛп
жеңіл 
сүрлемделетін 
дақылдар;

б) нақтылы қант мӛлшері қажетті қанттық минимумна шамалас
қиын 
сүрлемделетін
дақылдар; 
в) нақтылы қант мӛлшері қажетті қанттық минимумнан аз 
сүрлемделмейтін
азықтар. 
Жеңіл сүрлемделетін
дақылдарға собық дәні сүттеніп-балауызданып піскен 
жүгері, жетілген күнбағыс, тамыртүйнек жемістілер; 
қиын сүрлемделетін
дақылдарға барлық бұршақ тұқымдастар кӛгі жатса, 
сүрлемделмейтін
азықтарға 
сабан, қамыс жатады. 
Жоғары сапалы сүрлем дайындау үшін сүрлемдеу технологиясы мен 
мерзімін қатаң сақтау қажет. Алдымен сүрлемге салынатын азықтың түрін, 
сортын белгілейді. Оларды дер кезінде шауып, ылғалдылығы 60-65% 
ӛсімдіктерді 2-3 см, ылғалдылығы 70-75% ӛсімдіктерді 4-5 см, ылғалдылығы 75-
80% ӛсімдікгерді 8-10 см кӛлемінде майдалап турап, алдын ала жан-жағы 
тегістеліп, нығайтылған ордың бүкіл ені мен ұзындығын, біртіндеп табанынан 
бастап, шынжыр табанды ауыр тракторлар мен нығыздап, таптап жинайды. 
Осылай, сүрлемге салынған шикізаттың, күнделікті биіктігі 1 метрден кем 
болмауға тиіс. Олай болмаған жағдайда, ауа оттегімен тотыққан азық жылуы 
жоғарылап, қоректік заттары ыдырап, шығындалады. Салыну мерзімі созылған 
сүрлемнін сапасы тӛмендеп, дәмділігі нашарлайды. Оған жол бермеу үшін орды 
3-5 тәулікте толығымен толтырып, үстін ауа ӛтпейтіндей етіп мұқият жабу 
қажет. 
Орға толтырылып, үсті қымталып жабылған сүрлемдік массадағы оттегінін 
кӛлемін азайту үшін, оны мұқият таптайды. Оның тапталу нығыздығы 
салынатын кӛктін туралу мӛлшеріне (ұзындығына) байланысты болады - 
шикізат неғұрлым қысқа туралса, соғұрлым нығыз тапталады. Бірақ тым қысқа 
туралған ылғалды кӛктің сӛлі таптағанда кӛп сығылып, онымен қоса протеин 
мен басқа да сүтқышқылды бактериялардың әсерін әлсірететін заттар бӛлініп, 
қажетті микробиологиялық үрдіске кедергі туғызуы мүмкін болғандықтан, оның 
алдын алу үшін сӛлі мол шырынды балаусаны құрғақ азықпен, айталық, сабан 
мен араластыра сүрлемге салып, сүрлем шикізатының сӛлі мен нәрі жақсы 
сақталатым 70% шамасындағы ылғалдылығын қамтамасыз етеді. 


111 
Ылғалды жас балаусадан салынған сүрлемнін қоректілігі тӛмен болуымен 
қатар, орта реакциясы да тым қышқыл болатындықтан, иісі мен дәмі де 
жұғымсызданып, оны мал жақсы жемейді. Мұндай сүрлем сапасын жақсарту 
үшін сүрлемде сүтқышқылды ашытуды ӛрістететін және де клетчатка 
қорытылуын жоғарылататын, арнайы ашытқылар мен глюковамарин, 
пектавамарин, нектофеотидин, амилоризин, эмилосубтилин, цитороземин 
секілді ферменттік препараттар мен қоса "Қазақсүрлем" шығаратын түрлі 
бактериялық препараттарды пайдалануға болады. Малға жегізерде қатты 
қышқылданған сүрлемнің қышқылдығын азайтады. 
Сүрлемге салынған дақыл сӛлін толығырақ сақтау үшін онымен сабанды 
қабаттап салуға да болады. Онда жүгері не күнбағыстың 15-20 см шамасында 
тапталған қабатының үстіне 7-10 см сабан қабатын таптап салады немесе 
сүрлем салынатын ор табанына алдын ала 1,5-2 м сабан тӛселсе, қалған сабанды 
қабаттамай-ақ, турап сүрлемдік дақылмен араластырып салуға да болады. 
Салынған массаға ор қабырғаларынан ауа кірмес үшін сабан қабатын оған 50 
см-дей жеткізбейді және үстіңгі 50-70 см қабатына сабан салмайды. 
Дәнге жиналған жүгерінің ылғалдылығы 45-55%, ал қанты 2-2,5% 
шамасындағы сабағынан да сапалы сүрлем дайындауға болады. Ол үшін оны 
жеткілікті ылғалдандырып, қантқа бай тамыржемістілер және олардың пәлегі, 
азықтық асқабақ, қарбыз, жем және сірне, т.б. азықтармен араластырып салады. 
55% ылғалдылыктағы жүгері сабағының 1 тоннасына 0,5 т су, 0,7 т шырынды 
азық, 50% ылғалдылықтағысына 0,7 т су, 1,2 т шырынды азық, 45% 
ылғалдылықтағысына 0,8 т су, 1,5 т шырынды азық қосады. Салынатын 
сүрлемнің әр 1 т шаққанда 1-2 кг ас тұзы, 1,5-2 кг глаубер тұзы, 3-4 кг карбамид, 
2-3 кг диаммонийфосфат ерітілген судың жалпы 100% кӛлемінің сүрлемнің 
астыңғы қабаттарына 80% деңгейінде, ортаңғы қабаттарына - 80% деңгейінде, 
ал жоғары қабаттарына - 130% деңгейінде жұмсайды. 
Сүрлемге салынған массаның үстін топырақпен кӛмуге болады. Бірақ, бұл 
сүрлемнің үстіңгі қабатын біршама топырақ пен ластандырумен қатар, дайын 
сүрлемнің аршып алынуын да қиындатады. Сондықтан сүрлемге салынған 
массаны туралып, ылғалдандырылып, тығыз тапталған сабанмен қалыңдығын - 
10-15 см етіп жапқан жӛн. Бұл мақсатта ең дұрысы -сүрлемге салынған 
массаны, ауа кіруінен мұқият сақтайтын полиэтилендік жарғақты қолдану 
болып табылады Оның кейіннен жиналуы да жеңіл және бірнеше рет қайталап 
қолдануға болады. 
Сүрлем қоректілігін жоғарылату үшін құрама сүрлем (комбинированный 
силос) дайындайды. Оны келесі азықтардан, жалпы массасына есептегенде, 
мынадай қатынаста араластырып дайындауға болады: 
1) қант қызылшасы - 60%, жапырағымен жұлынған сәбіз - 14%, жүгері 
собығы - 8%, жоңышқа ұны - 10%, бұршақ тұқымдастар дәні - 8%; 


112 
2) асқабақ 
_
60%, қызыл сәбіз - 14%, жүгері собығы - 8%, шӛп ұны - 10%, 
дән қалдықтары - 8%; 
3) асқабақ 
_
45%, қызылша - 15%, сәбіз - 10%, жүгері собығы - 20%, шӛп
 
ұны - 10%. 
Осылай құрастырылып салынған құрама сүрлемнің 1 кг- да, орташа, 0,22-
0,25 азық ӛлшемі, 20-22 г қорытылатын протеин, 20-30 мг каротин болады. 
Жасұнығы 40-50 г-нан аспайтындықтан оны тӛл, шошқа мен кұс азығына 
жұмсайды. 
Қатты ашып, қышқылданған сүрлемді мал азығына кӛп пайдаланғанда 
малдың тәбеті тӛмендеп, месқарындағы микробиологиялық үрдіс тежеліп, ас 
қорыту ферментапиясы бұзылуынан мал гипогликемия, ацидоз, кетоз секілді зат 
алмасуының бұзылушылығына шалдығады. Сүрлем қышқылдығын кеміту үшін 
малдын сілекейі кұрамдас натрий бикарбонатынын ұнтағы немесе ерітіндісімен, 
жасанды сілекей қосындысы мен ӛңдеуге, ал сүрлемді бірден азотпен байыту 
үшін аммиак суын қолдануға болады. Тіпті қатты қышқылданған сүрлемде 
азықтық ашытқы ӛсіреді. 
Сүрлеммен қатар шырынды азықтарға қант пен азықтық қызылша, 
азықтық сәбіз, картоп, асқабақ, т.б. жатады. Олардың ылғалдылығы ӛте жоғары 
(70% картоптікінен басқаларынікі - 80-90%) болғандықтан, 1 кг жалпы 
қоректілігі 0,12-0,16 а.ӛ. аспайды (қант қызылшасынікі - 0,24 а.ӛ., картоптікі - 
0,3 а.ӛ.). Құрғақ заты негізінен қанттардан (картоптікі - крахмалдан) 
тұратындықтан, мал тәбетін ашып, қант-протеиндік қатынасын жақсарту 
арқылы азық қорытылуын арттырып, сиыр сүттілігін молайтатын жеңіл 
қорытылатын азықтар болып табылады. Сонымен қатар сәбіз бен асқабақта 
малды А витаминімен қамтамасыз ететін пигмент 
каротин 
мол жиналады - 150-
200 мг/кг.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет