101
Жалпы энергетикалық қоректілігі мен қоректік құңдылығы жағынан
құнарлы мал азығына кебек түріндегі ұн ӛндірісінің
жене кунжара мен шрот
түріндегі ӛсімдік май ӛндірісінің қалдықтары жатады. Кебек протеинінің
аминқышқылдық құрамы ӛндірілген дәнінікіне сәйкес болады, ал дәрумендік
құнарлылығы, әсіресе дән қабығында жиналатын В тобының дәрумендері
бойынша (тиамині 5,4 мг, никотин қышқылы 220 мг, пантотен қышқылы 28 мг,
холині 1450 мг/кг), дәндікінен асып түседі. Барлық мал түлігінің азығына
пайдаланылатын, олардың ас қорытуына кӛмектесетін диеталық жем: 1 кг-да 5,7
г лизин, 1,9 г метионин, 1,4 г цистин, 1,9 г триптофан бар. Оның 70,3 г/кг
мӛлшеріндегі кӛмірсуларының 2,4% қант, 15% крахмал, 30,7% пентозандар, 8%
целлюлоза, 10,5% лигнин үлесіне тиеді.
Майы алынғанмен 1 кг-да 0,82-1,29 а.ӛ., 244-430 г қорытылатын протеині
бар күнжара мен шрот құнды протеинді мал
азығының қосындысы ретінде
жұмсалады. Оны мал азығына протеині аз сабан, нашар сапалы пішен мен
сүрлем берілгенде протеин мӛлшері мен сапасын арттыратын қоспа түрінде
пайдаланады. Сауын сиыр басына зығыр мен күнбағыс күнжарасы мен шротын
2-4 кг, ал мақта күнжарасы мен шротын 1-2,5 кг-береді.
Малды протеинмен қамтамасыз ету үшін карбамид, аммоний тұздары
түріндегі азотты, минералды заттармен қамтамасыз ету үшін ас тұзы мен
азықтық бор, азықтық әк, ұлу ұабыршығы түріндегі кальцийлік,
азықтық
фосфаттар (преципитат) түріндегі кальций-фосфорлық, натрий және аммоний
фосфаттары түріндегі фосфорлық қосындыларды жұмсайды.
Азықтық
кальцийлік қосындылар химиялық құрамы жағынан кӛмір қышқылды кальций
(CaCOj) болып табылады. Азықтық бор ақ түсті, аморф-ты, суда ерімейтін
үнтақ. Құрамында кальциймен қоса 0,8% фосфор, 0,5% калий, 0,3% натрий
болады.
Құс азығында, ӛсіресе мекиен жұмыртқасының қабығын қатайтуга
кеңінен пайдаланылады. Мал азығында кальциймен қоса фосфор жетіспесе
құрамында 22-28% кальций, 12-14% фосфор, 0,2% фтор, 0,01-0,1% күкірт, 0,1%
марганец, 20% дейін магний, 3-4% темір болады. Тек фосфорлық қосындылар
ретінде құрамындағы фосфоры 23% екі аммоний фосфаты мен
28%-га дейін
фосфоры бар натрий квп
фосфаттары
пайдаланады.
Макроминералдық қосындылармен қоса мал азығына биологиялық
маңызды микроэлементтердің тұздарын қолданады. Жерінің басым белігінде
йод жетіспеушілігі байқалатын елімізде мал азығы мен адам тағамын
биологиялық тұрғыдан ете қажет йодпен байыту үшін құрамында 76,4% йоды
24% калийі бар йодты калийді қолданады. Йодты қосындылардың бәрі дерлік
ылғал тартып, жыдцам ыдырағыш келетіндіктен, оларды құрғақ,
қараңғы
бӛлмеде сақтау қажет. Жарықта жылдам ұшып, жоғалтылатын йодты байлау
үшін йодидтерді кальций стеараты немесе натрий гипосульфаты мен қос
102
карбонатының қосындысымен, ягни йодидтерді тұрақтандырушылармен
(стабилизаторы) тұрақтандырады.
Күрделі мал азықтық минералдық қосындыларға алюмо-силикаттар-дың
цеолиттер
деп аталатын кристалдары жатады. Бүл
минералдар крис-талының
құрылымы Si0
4
пен А10
4
қосындыларының шоқтығы жалпы үш елшемді каркас
түріңцегі кӛп қырлы дүрыс тетраэдрдік байлаулары-на негізделген. Ол
байлаулар аралығындағы су молекулалары мен калций, калий, натрий және
басқа да макро-, микроэлементтер иондары басқа молекулалар мен иондарға
алмастырыла алады. Осындай құрылымына байланысты цеолиттер ас қорытуда
зиянды иондар мен молекулаларды, газдарды абсорбциялап, байластырып,
залалсыздандыру арқылы молекулалық
елек қызметін атқарып, зат алмасуына
оңтайлы ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: