2.6 Көк азық
Ылғалды (шырынды) келетін аумақты жемшӛптің ең үлкен тобын кӛк
азыққа (зеленый корм) жататын кӛкшӛп құрайды. Кӛкшӛпке табиғи және
қолдан еккен ӛсімдіктердің жер бетіндегі жапырақ пен әлі кӛгеріп ӛсуі
тоқталмаған кезендегі сабағы мен желінетін гүлдері мен дәндері кіреді.
Кӛкшӛпті малға жайып (жайлым оты) немесе шауып, турап береді. Кӛкшӛп
құрамында мал тіршілігіне қажетті барлық қоректік заттар жеңіл қорытылып,
жақсы сіңірілетін түрде болатындықтан, ол малдың сүйсініп жейтін жұғымды
азығы болып табылады.
Табиғаттың ӛзі ӛндіретін осы азыққа эволюция барысында мал түлігі әбден
бейімделіп, жоғары игеретіндіктен, мал азықтандыруда кӛкшӛптің алатын орны
ерекше. Жоғары биологиялық құнарлылығы және жүғымдығымен қоса ең арзан
азық болғандықтан, оны жыл бойында мал қорегіне мейлінше мол
88
пайдалынудың физиологиялық та, экологиялық та, экономикалық та маңызы
зор.
2.6-сурет – Шалғын
Кӛкшӛп мүйізді ірі қара малдың жазғы уақыттағы негізгі азығы. Жақсы
жайылымда сауын сиырлар тәулігіне 50-70 кг-ға дейін кӛк балауса шӛп жей
алады. Кӛк шӛп ылғалдылығы жоғары (60-80%) болғандықтан 1 кг -ның жалпы
қоректілігі 0,16-0,2 а.ӛ. аралығында болады да, ал 20-30% құрайтын құрғақ
затының 20-25% протеин, 10-18% жасұнық, 4-5% май, 35-50% азотсыз
экстративті заттар, 9-11% минералды элементтерден тұрады. Кӛк азық құрғақ
затының құрамында мал қорегіне қажетті барлық қоректік және биологиялық
пәрменді заттар керек мӛлшерде және жеңіл қорытылып, сіңірілетін түрде
болатындықтан, құнарлылығы ӛте жоғары. Ол жалпы қоректілігі жағынан
құнарлы жем құрғақ затымен теңессе, биологиялық, витаминдік құндылығы
жағынан олардан анағұрлым асып түседі.
Жазғы уақытта сиырды тәулігіне 14-16 сағат, әсіресе ертеңгі және кешкі
салқынды пайдаланып, ӛріске жайған жӛн. Жайылған сиыр жақсы серуендейді.
Оның үстіне терісі күн сәулесін қабылдап, витаминдер түзеді (мысалы,
эргостериннен ультракүлгін сәулелер әсерінен Д витамині түзіледі), ширайды,
дене қорын толықтырады. Сиыр ӛнімділігі артып, ӛнімінің сапасы жақсарады.
Мысалы, кӛк шӛптен сүт кұрамында каротин кӛбейетіндіктен одан шайқалған
май сары түсті, мол витаминді болып келеді. Сиырлардың күйі жақсы келіп,
ұрықтанғыш қабілеті артады. Кӛктемде кӛк шыға сиырларды бірден жайылым
отына шығаруға болмайды. Қысқы ірі азықтарды бірден шырынды кӛк
балаусамен алмастырса, алдыңғы қарындағы микробиологиялық процестің күрт
89
ӛзгеруінен, кӛптеп іш газдары пайда болады да сиырдың іші кеуіп,
тимпанияға
шалдығады, ас қорытуы бұзылып, іші ӛтеді. Оған жол бермеу үшін малды жаңа
шыққан кӛктемгі балаусаға біртіндеп, ӛріске шығар алдында ірі азықтар беріп,
үйретеді.
Малдың ӛрісі мен суаты алыс болмауы тиіс. Жайылымды алдын ала
тастардан, былтырғы ӛсімдік қалдықтарынан, бӛгде заттардан тазартып, мал
басын әрқайсысында бір аптадай жаятын ӛрістерге бӛледі. Сонда осындай
қарапайым жайылым айналымы арқылы, бір жағынан, малды жайғанда
жайылым отын біртіндеп, ӛріс бойынша үнемді де тиімді пайдаланып,
тақырламай, қайта кӛктеу мүмкіндігін сақтап, екінші жағынан, апта сайын ӛріс
ӛзгерту арқылы ішек құрттарынан (гельминттерден) сақтандырып, үшіншіден,
мал басын мӛлшерлі түрде кӛк шӛппен қамтамасыз етуге болады.
Кӛк азық қоректілігі ӛсімдік түріне, олардың ӛсу кезеңіне байланысты
ӛзгереді. Беде, жоңышқа секілді бұршақ тұқымдастар құрамында протеин кӛп
болғанымен, астық тұқымдастармен салыстырғанда, оларда жеңіл қорытылатын
кӛмірсулар, яғни қанттар аз болады. Ал мүйізді ірі қара малдың алдыңғы
қарындарындағы микробиологиялық ашытуға желінген азықтың қант-
протеиндік арақатынасы - 0,8-1,2:1 аралығында болғаны қолайлы. Бұл
арақатынасты мал азығына бұршақ және астық тұқымдастардың аралас
жайылымын пайдаланғанда сақтау жеңіл.
1 кг-да, орташа, 0,20 а.ӛ., 25 г қорытылатын протеин, 3,0 г кальций, 0,7 г
фосфор, 40-60 мг каротині болатын шалғын кӛгін, тірідей салмағы 450-500 кг
сауын сиыр, тәуліктік сауымы 8 л болса - 40-50 кг, 10-12 л болса - 55-65 кг, 18-
20 л болса - 65-75 кг жеуге тиіс. Сиыр сүттілігі ӛте жоғары немесе, ӛз ретінде,
жайылым оты мардымсыз болып, сиыр кӛк шӛпті мұндай мӛлшерде
жайылымнан жей алмаса, оларды орылған балаусамен қосымша азықтандыру
қажет. Жазда да сауын сиырды тәулігіне 3-4 рет таза сумен суарып, қажетті
мӛлшерде жалайтын ас тұзымен қамтамасыз етеді.
А.Иванов ж.б. "Кормовые растения сенокосов и пастбищ Казахстана"
(Алматы, Кдйнар, 1996) атты анықтамалығында еліміздің табиғи жайлымы мен
шабындығында ең кӛп ӛсетін астық тұқымдастар кӛгі екені кӛрсетілген. Дала
жайлым отынын 1/3, ал шӛлейт жайлым отының 3/1 үлесіне тиетін астық
тұқымдастардың ең кӛп тарағандары бидайықтын - (пырей) жатаған бидайық,
еркек шӛп, құм еркек, жол еркек түрлері мен бетегенің (овсяницы) - құм бетеге,
су бетеге түрлері. Олармен қатар боз шағыл, ақ ӛлен, тарғақ шӛп, селеу, қалқан,
боз, қияқ, бидайық, арпабас, мортық, күреуік, тарлау, қоңырбас, кӛде,
қарашағыр, атқонақ, құрақ шӛптерінің де мал азықтық маңызы бар.
Бұршақ тұқымдастардан жайлымдарда ақ таспа шӛп, ақ мия, жантақ,
жоңышқа, сиыр жоңышқа, сары бас жоңышқа, беде, шытыр, ақ құрай, мия, мия
тамыр, шеңгел тараған. Жайылымдағы басқа азықтық ӛсімдіктерден кекре, ӛгей
90
шӛп, томар жусан, ақ жусан, ермен, кӛкшағар, дәрмене, құм сағыз, қоянжын,
қырықбуын, балық кӛз (торғай оты), изен (кереук), кӛкпек, жалман, шытыр,
соранг, ебелек, сасыр, жүзгін, ат құлақ, адраспан, сүттеген, жебір, жалбызды
атауға болады.
Жайлым кӛкшӛбі кұрамында, орташа есеппен, 65-85% су, 15-35% құрғақ
зат болады. 20-25% "шикі" протеин, 4-5% "шикі" жасұнық, 35-50% азотсыз
экстративті заттар, 9-11% "шикі"' күлден тұртын құрғақ затының қорытылымы
мен қоректілік құндылығы ӛте жоғары келеді. Органикалық затының
қорытылымы - 70%, ''шикі" протеинінікі - 80% жететін 1 кг кӛкшӛп құрғақ
затының энергетикалық қуаттылығы - 0,7-0,8 азық ӛлшеміне тең келіп, табиғи
ылғалдылығындағы жалпы қоректілігі - 0,15-0,25 азық ӛлшемше теңеседі. Кӛк
азық құрамындағы қоректік заттары биологиялық құндылығы және малға
жұғымдылығымен сипатталады.
2.7-сурет – Жайылымдағы сиырлар
Басқа жемшӛппен салыстырғанда кӛк балаусаның жедел ӛсуіне
байланысты орын алатын кӛп пептидтік белоктін түзуге еңбеген азоттық
қосындыларының үлесі жоғары болады. Олардың 45-50% аминдерден, 9-13%
амидтерден, 6-8% пуриндерден, 4-8% нитраттардан, 2-4% аммоний тұздарынан,
1-2% бетаин мен 0,8-2% холиннен тұрады. Биологиялық тұрғыдан
аминқышқылдық құрамы құнды да, малға жұғымды болып келетін кӛкшӛптің
протеині ӛсімдік түріне, ӛсу мерзіміне байланысты ӛзгереді.
Протеин құрамындағы бос аминқышқылдарынан, аспарагин мен глутамин
амидтерінен, нитраттар мен нитриттерден тұрағын ақуыздан тыс азотты
қосындылары да (амидтері) мал қорегінде маңызды қызмет атқарады. Кӛкшӛп
91
майымен мал қорегіне қажеттілігі жоғары қанықпаған май қышқылдары кӛптеп
жеткізіледі.
Ӛсімдік ӛскен сайын бойындағы жасұнығы ұлғайып, органикалық затының
қорытылымының тӛмендейтінің ескеріп, малды жайылым отына балауса,
шырынды кезінде жаяды. Бірақ, құрғақ затындағы жасұнығы 20%-дан тӛмен
тіпті жас кӛктің ас қорытуды бұзып, малды тышқақтататының да естен
шығармай, мал азығында клетчатканың белгілі кӛлемде болуын қадағалайды.
Сүтті сиыр жайылымының құрғақ затында 22-27% "шикі" жасұнығы болғаны
жӛн.
Кӛкшӛп кӛмірсуларының жеңіл қорытылатын белігі малға жұғымды
крахмал мен қанттардан тұратын азотсыз экстрактивті заттардан құралады.
Кӛкшӛп күлінің минералдық элементтері ас қорыту барысында жақсы еріп,
жоғары
сіңіріледі.
Олардан
бұршақ
тұқымдастар
күлінде
астық
тұқымдастардікімен салыстырғанда кальций кӛп болатын болса, соңғыларында
натрий кӛп болады.
Кӛкшӛп жоғары дәруменді мал азығы. Барлық дерлік ӛсімдіктерде А
дәруменінің алғашқы түрі каротин пигмент кӛптеп жиналады. Түтікшіленіп-
масақтана бастаған кезеңіндегі астық тұқымдастарда каротин мӛлшері ~ 30-50
мг/кг болса, бүршіктеніп-гүлдей бастаған бұршақ тұқымдастар кӛгіндегі оның
мӛлшері ~ 45-60 мг/кг болады. Кӛкшӛптегі каротиноидтар биологиялық әсерлігі
әртүрлі болып келетін альфа-, бета-, гамма- каротин изомерлері түрінде
жиналады. Кӛкшӛп каротиноидтерінің 75-85% құрайтын бетта-каротин транс-
изомерінің толық биологиялық құндылығын 100% деп алсақ, альфа-каротиндікі
53%, гамма-каротиндікі 27% болады.
Каротиннің толық транс-изомерлеріне қарағанда моно- цис-изомерлерінің
әсерлігі тӛмен, бета-каротиндікі 38%, альфа-каротиндікі 13%, гамма-
каротиндікі 19%. Мал ӛніміндегі, айталық сүттегі, каротин мен А дәруменінің
кӛлемі азығындағы каротин мӛлшеріне тікелей тәуелді түрде ӛзгереді. Олардың
кажеттіліктен тыс мӛлшері бауырда, ал мүйізді ірі қара мал мен құста тері асты
майында жиналады.
Каротиноидтер мен қатар кӛкшӛпте басқа да сары түске боялған
пигменттерден ксантофиллдер болады. Атомында оттегінің екі атомы
болғандықтан окси-каротиноидтерге жататын олардың қатарына криптоксантин
(5%), лютеин (60- 65%), виолоксантин (20-22%) мен неоксантин (10-12%) кіреді
Олардан тек криптоксантиннің бетта-каротиннің 27-57% деңгейіне жететін
биологиялық әсерлігі болады. Ксантофилдер мал мен құс денесі мен
мүшелеріне сары түс береді. Мысалы, лютеин каротинодтар мен қоса жұмыртқа
сарысы мен құс эпидермисін және майын сары түске бояйды. Кӛкшӛптегі
каротиноидтармен ксантофилдар арақатынасы 1 : 1,5-2 аралығында болады.
92
Майда еритін дәрумендерден кӛкшӛпте Е мен К дәрумені жиналады.
Малдың кӛбейушілік қасиеттеріне әсер ететін токоферолдардың альфа-, бета-,
гамма- және сигма- изомерларының биологиялық әсерлігі, кӛкшӛптегі барлық
токоферолдардың 25-35% құрайтын альфа- токоферолдыкін 100%-ға балағанда,
бета-токоферолдікі — 27%, гамма- токоферолдікі - 13%, сигма- токофсролдікі
1% шамасында. Кӛкшӛптегі К дәрумені 15-25 мг/кг кӛлемінде жиналатын Кі
дәрумені түрінде жеткізіледі. Астық тұқымдастар кӛгінде 40- 50 мг/кг Е, 15-20
мг/кг К, бұршақ тұқымдастар кӛгінде 50-55 мг/кг Е, 20-25 мг/кг К дәрумндері
жиналады. Д дәрумені фитостериндерден шӛпті күн кӛзінде кептіргенде
түзіледі. Суда еритін дәрумендерден кӛкшӛпте цианкобаламиннен басқа В
дәрумндерінің барлығы түзіліп, С дәрумені кӛптеп жиналады.
Салалық стандарт талаптары бойынша кӛк азықтың қоректілік класын
анықтайтын сапалық кӛрсеткіштеріне алдымен жалпы қоректілігін айғақтайтын
құрғақ затының кӛлемі жатады. Содан кейін нашар желінетін, сондықтанда
жайылым отының азықтық құндылығын тӛмендететін және де зиянды,
сондықтанда мал ӛнімділігі мен ӛнім сапасын тӛмендететін ӛсімдіктердің
кӛлеміне кӛңіл бӛлінеді. Класқа жатқызылатын кӛкшӛптегі олардың мӛлшері
5%-дан аспауға тиіс. Мұндай зиянды ӛсімдіктерге, айталық, сиыр сүтінің дәмін
бұзатын жуа, жусандарды, сүт түсін ӛзгертетін сүттенгенді, қой жүнін
ластандыратын селеулерді жатқызуға болады.
Қореқтілік құндылығы бойынша кӛк азықты келесі стандарт талаптарына
сәйкес қоректілік кластарына бӛледі (2.3- кесте).
2.3-кесте – Кӛк азық кластарына стандарт талаптары
Кӛк азық түрі
Кла
-
сы
Ӛсімдіктердің даму
кезеңі
Жалпы үлесі, %
ҚЗ
ЗН
УӚ
Екпе бір- ж/е
кӛпжылдық
астық
тұқымдастар
І
ІІ
ІІІ
Түтіктенгеніне дейін
Масақтана бастағанда
Масақтанғанда
12
17
23
1
3
5
-
0,1
0,3
Екпе бір- ж/е
кӛпжылдық
бұршақ ж/е
астық
тұқымдастар
кӛгі
І
ІІ
ІІІ
Б/т бүршіктенгеніне, а/т
түтіктенгеніне дейін
Кӛпжылдық
б/т
бүршіктеніп,
бір
жылдықтары гүлдей, ал
а/т масақтана бастағанда
Кӛпжылдық б/т гүлдеп,
бір жылдықтарында 2-3
бұршақ байланып, а/т
11
16
2022
1
3
55
-
0,1
0,30,3
93
масақтанғанда
Жүгері кӛгі
І
ІІ
ІІІ
Собығы сүттеніп-
балуыз-данып пісе
бастағанында
Гүлденгенде
Түтіктеніп-
масақтанғанда
17
14
10
3
3
3
-
-
-
Табиғи
жайылым кӛгі
І
ІІ
Түтіктенгеніне дейін
Масақтай бастағанда
12
17
3
5
0,1
0,3
Айқас-гүлділер
І
ІІ
ІІІ
Бүршіктенгенде
Гүлдей бастағанда
Толық гүлденгенде
8
11
14
1
3
5
-
0,1
0,3
Қысқартулар.
Достарыңызбен бөлісу: |