Омарқожаұлы Н. Шуркин А. И. Мал шаруашылығы негіздері



Pdf көрінісі
бет46/82
Дата08.04.2024
өлшемі3,77 Mb.
#200620
түріОқулық
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   82
Байланысты:
Мал шаруашылығы негіздері by Омарқожаұлы Н., Шуркин А.И. (z-lib.org)

2.5 Мал азығын жіктеу 
Мал азығына малдың жеуіне жарамды, ас қорыту жолында қорытылатын, 
денсаулығы мен ӛнім сапасына зиян келтірмей, уландырмай, тіршілік пен ӛнім 
ӛндіру мұқтаждығына қажетті энергия мен қоректік, минералдық және 
биологиялық әсерлі заттарды жеткізетін ӛнімдер мен қосындылар жатады. 
Олардың қатарына жайылым ӛсімдіктерінің мал жейтін бӛлігі (сабағы, 
жапырағы, бүршігі, гүлі, тамыры, түйнегі, дәні т.б.), шабындық пен екпе 
дақылдар кӛгінен дайындалған қыстық жемшӛп (пішен, пішендеме, сүрлем т.б.) 
пен дәнді дақылдар дәні мен қалдықтары (дән, дән жармасы, кебек, топан, сабан 
т.б), техникалық ӛндірістің азықтық қалдықтары (сығынды, қойыртпақ, бӛртпе, 
мезга т.б.), тӛл мен тұқымдық мал азығына жұмсалатын жануар тектес азықтар 
(уыз, сүт, кӛк сүт, сүт сары суы, ірімшік, айран, ет пен балық ӛндірісінің 
қалдықтары) және мал азығына қолданылатын түрлі минералды, витаминді 
және басқа да биологиялық әсерлі заттары кіреді. 
Мал азығының шығу тегі мен түрі, физикалық жағдайы, физиологиялық 
игерілімдігі, қоректік заттарының шоғырлануы мен арақатынасы секілді мал 
түлігіне қоректілік құнарлылығы мен жұғымдылығын айғақтайтын қасиеттеріне 
қарай топтастырып, жіктейді (классификациялайды). 
Шығу тегі бойынша мал азығы ӛсімдік тектес жемшӛп пен жануар тектес 
азықтар, химиялық және микробиологиялық түзу ӛнімдері, минералдық 
қосындылар мен тұздар, витаминдер мен басқа да биологиялық әсерлі заттарға 
жатқызылады.
Өсімдік тектес жемшөп.
Ӛсімдік тектес жемшӛпке табиғи және екпе 
(мәдени) ӛсімдіктердің мал азығына тікелей жегізіліп (жайылып) немесе шауып 
туралып берілген беліктері (жапырағы, сабағы, тамыры, түйнегі, қылқаны, 


85 
бұтағы, т.б.) жатады. Физикалық жағдайы мен қоректік заттардың шоғырлану 
дәрежесіне сәйкес ӛсімдік тектес жемшӛп аумақты және құнарлы топқа бӛледі.
Аумақты жемшӛпке 1 кг құрғақ затындағы қорытылатын қоректік заттары 
0,5 кг-нан тӛмен, сондықтанда қуаттылығы 0,65 с.а.о.-нен (7,3 МДж-ден) 
аспайтын, ылғалды немесе клетчаткалы жемшӛп жатады. Аумақты азыққа 
барлық
кӛк шӛп, ірі шӛп пен шырынды азық 
кіретіндіктен, бұл азық тобы 
шаруашылық азық қорының негізін құрастырады. 
Бойында ӛсімдік шырыны сақталатындықтан кӛкшӛп пен шырынды 
азықты ылғалды, ал кептіріліп, іріленген ірі шӛпті клетчаткалы аумақты 
жемшӛп тобына жатқызады. Ылғалды азыққа құрамындағы 40%-дан астам 
ылғалы, негізінен, протоплазмамен ӛсімдік сӛліндегі химиялық байланыстағы 
су түрінде болатын шырынды жемшӛппен қатар, ылғалдылығы ӛндеу 
барысындағы судан тұратын техникалық ӛндіріс қалдықтары жатады. Оларды 
сулы азықтық қалдықтар деп атайды. 
Шырынды азықтарға кӛкшӛп (балауса), тамыртүйнек жемістілер, сүрлем, 
пішендеме, химиялық жолмен консервленген кӛк азық жатса, сулы азықтарға 
спирт (ашыту), қант, крахмал, сыра ӛндірісінің техникалық барда (қойыртпақ), 
жом (сығынды), мезга, сыра бӛртпесі секілді азықтық қалдықтары жатады. 
Құрғақ затындағы қиын ерітіліп, қиын қорытылатын жасұнығы 19%-дан 
астам ірі шӛпке пішен, сабан мен топан жатады. Малға жегізер алдында оларды 
желінуі мен қорытылуын арттыратын арнайы ӛңдеуден ӛткізген жӛн. 
Құнарлы азыққа 1 кг құрғақ затыңдағы қорытылатын қоректік заттары 0,5 
кг-нан жоғары, сондықтанда қуаттылығы 0,65 с.а.ӛ.-нен (7,3 МДж-ден) асатын 
азықтар жатады. Құрғақ затының клетчаткасы 19%-дан, ал ылғалдылығы 22%-
дан аспайтын құнарлы азыққа дән мен ұн ӛндірісінің қалдығы кебек пен май 
ӛндірісінің қалдығы күнжара мен шрот жатады. Солармен қатар бұл топқа 
техникалық ӛндірістің кептірілген азықтық қалдыктары да кіреді. Химиялық 
құрамы бойынша дәнді азықты (жемді) энергетикалық (кӛмірсулары басым 
астық тұқымдастар дәні) және протеиндік (ақуыы басым бұршақ тұқымдастар 
дәні) топқа бӛледі. Соңғысына күнжара мен шротта кіреді. Кебек, әсіресе, бидай 
кебегі малға жұтымды диеталық азық болып табылады. 
Жемшӛпті осылайша химиялық құрамы мен физикалық жағдайы және 
қоректілігі бойынша жіктеу шартты екенін ескеру қажет. Мысалы, құрғақ 
затындағы жасұнағы 19%-дан асқандықтан іріленген жемшӛпке жатқызылған 
шӛп ұны жалпы қоректілігі бойынша (0,7-0,8 а.ӛ.) құнарлы азықтарға 
жақындайды. Сол секілді, құрғақ затындағы жасұнағы бойынша ірі жемшӛпке 
кіретін пішендемені біз физиологиялық әсері бойынша шырынды жемшӛпке 
жатқыздық.Мал азығына бірқатар 
техникалық ӛндірісітің азықтық 
қалдықтары
кеңінен қолданылады. Олардың қатарына 
кебек пен ұн тозаңы
түріндегі ұн ӛндірісінің, 
күнжара мен шрот
түріндегі ӛсімдік майы ӛндірісінің, 


86 
сығынды мен сірне
түріндегі қант ӛнірісінің, 
мезга
түріндегі крахмал 
ӛндірісінің, 
қойыртпақ, дән ӛсіндісі, сыра бӛртпесі мен ашытқысы 
түріндегі 
спирт пен сыра ӛндірісінің қалдықтары жатады. Олардың құрамының 90% су 
болғандықтан 1 кг-ның жалпы қоректілігі 0,1 азық ӛлшемі шамасында болса, 
кӛк және шырынды жемшӛптікі – 0,12-0,24 (пішендеменікі 0,4) азық ӛлшемі, 
сабандікі – 0,2-0,3 азық ӛлшемі, пішендікі – 0,4-0,5 азық ӛлшемі, кебектікі – 
0,7-0,8 азық ӛлшемі, дән мен күнжара, шроттікі – 0,9-1,3 азық ӛлшемі кӛлемінде 
болады. Азықтық астық тұқымдастар дәнінде крахмал түріндегі кӛмірсулар 
басым болғандықтан – энергетикалық, ал бұршақ тұқымдастардікін – 
протеиндік құнарлы жемге жатқызады.
Шаруашылықтағы дайындалып, сақталған жемшӛпті малға жегізер 
алдында органолептикалық кӛрсеткіштері (түрі, түсі, бояуы, біркелкілігі, 
ылғалы, қышқылдығы) бойынша бағалап, түрлі механикалық, яки физикалық 
(кесу, ұсақтау, бӛлшектеу, қыздыру, буландыру, араластыру т.б.), химиялық 
(әктеу, сілтілеу т.б.) және биологиялық (қоздыру, ашытқылау т.б.) әдіс-
тәсілдермен малға жегізуге алдын-ала дайындайды. Келтірілген физикалық 
дайындау әдістері жемшӛтің желінуін арттырса, химиялық әдістер желінуімен 
қоса қорытылуын арттырады, ал биологиялық әдістерде орын алатын 
микробиологиялық үрдіс барысында азық ауыспайтын аминқышқылдары және 
дәрменелік қосындылармен байытылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет