Омарқожаұлы Н. Шуркин А. И. Мал шаруашылығы негіздері


Дәнді азық сапасын бағалау



Pdf көрінісі
бет66/82
Дата08.04.2024
өлшемі3,77 Mb.
#200620
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   82
Байланысты:
Мал шаруашылығы негіздері by Омарқожаұлы Н., Шуркин А.И. (z-lib.org)

Дәнді азық сапасын бағалау
. Жеңіл қорытылатын қоректік заты кӛп 
болғандықтан, мал азығына жұмсалатын барлык дән 1 кг құрғақ затының 
қоректілігі 0,65 а.ӛ асатын, ал клетчаткасы 19%-дан тӛмен, құнарлы азыққа 
жатады. Оларды мал азығын энергия және протеин мен толықтыруға жұмсайды. 
Химиялық 
құрамына 
сәйкес, 
дәнді 
азықты 
кӛмірсуларға 
бай
 
энергетикалық,
азотты қосындыларға бай
протеиндік
және протеин мен майға 
бай
 майлық,
дәнге бӛледі. Энергетикалық, дәнді азыққа құрамында 60-70% АЭЗ, 
10-14% протеині бар астық тұқымдастар дәні, протеиндік дәнді азыққа 
құрамында 30-50% АЭЗ, 20-40% протеині бар бұршақ тұқымдастар дәні майлық 
дәнді азыққа құрамында 8-27% майы бар майлық дақылдар жатады. 
Соңғыларының мал азығына майын ажыратқаннан кейінгі қалдығын 
пайдаланады. 
Дән сапасы мен қоректілік құндылығын - түрі, түсі, жылтырлығы, иісі, 
тазалығы, дәмі, ылғалдылығы қышқылдығы, толықтығы (натурасы) және 
саңырауқұлақ пен қамба зиянкестерімен зақымдалуы бойынша бағалайды. 
Сапалы дән ӛзіне тән түрі мен түсін, қабығының жылтырлығын, хош жағымды 
иісін сақтап, ылғалдылығы 15-17%-дан, таза (құм мен шаң-тозаңы 1%-дан, 
қамба зиянкестері 0,25%-дан, улы және зиянды ӛсімдіктер ұрығы 3%-дан, 
металл қоспасы 50 мг/кг-нан аспайтын), дәні жақсы толған (жоғары натуралы) 
болуға тиіс.
Дұрыс жиналып, қысқа мерзім сақталған дәнің иісі жұғымды, қабығы 
жылтыр болып, жеңіл аршылуга тиіс. Жатып қалған ескі, қамба, кӛгерген, 
қоңырсық, шіріген, тышқан иісі болмауы керек. Жылтырлығын жоғалтып, 
кӛгерген, қарайған жатып қалған ескі, қамба немесе түрлі зиянкестердің, арам 


125 
шӛп ұрығымен зақымдалған балық иісті дәнді алдын ала тексермей, мал 
азығына жұмсауға болмайды. 
Дән ылғалдылығын шамалау үшін бірнешеуін тістеп бӛлуге болады: құрғақ 
дән ұнтақталып, ал ылғалды дән мыжылып, жұлмаланады, пышақпен кескенде 
ылғалы 15%- дан аспайтын құрғақ дәи қиын кесіліп, бӛлшектері жан-жаққа 
ұшады да, ылғалдылығы 15-20% дән жеңіл кесіліп, бӛлшектері жан-жаққа 
ұшпайды, ылғалы 20%-дан асатын дән кесілмей, мыжылады. Иісін шығару үшін 
дәнді алақанға салып уқалап немесе жарты стақан дәннің үстіне ыстық су 
құйып, әйнекпен 3-5 минут жауып қойғаннан кейін, иіскеп анықтайды. Ауызды 
сумен шайып, ұнтақталған 2 г таза дәнді шайнап, дәмін біледі. Сапалы дән дәмі 
сәл тәтті, жағымды нан татып, ӛнген дәндікі тым тәттіленіп, қызған дәндікі - 
қышқыл тартады. Ұзақ мерзім сақталған дәннің қышқылдығы арта түседі. 
100 г ұнтақталған дән қышқылын бейтараптандыруға жұмсалған нормальді 
сілті ертіндісінін


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет