Омарқожаұлы Н. Шуркин А. И. Мал шаруашылығы негіздері



Pdf көрінісі
бет67/82
Дата08.04.2024
өлшемі3,77 Mb.
#200620
түріОқулық
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   82
Байланысты:
Мал шаруашылығы негіздері by Омарқожаұлы Н., Шуркин А.И. (z-lib.org)

 
миллилитрімен
 
есептелінетін
қышқылдық градусы
бойынша 
сапалы бидай дәнінің қышқылдығы 3°-тан, қарабидайдікі 3,6°-тан аспауға тиіс. 
Қышқылдығының 3,5-4,5°-қа кӛтерілуі дәннің бұзыла бастағанына, 5,5°-қа 
кӛтерілуі – ұзақ сақталмайтынын, 7,5°-қа кӛтерілуі – сақтауға жарамсыздығын, 
9,5°-қа кӛтерілуі – бұзылғандығын кӛрсетеді. 
Қышқылдығын (Қ°) анықтау үшін 5 г дән ұнтағын 50 мл дистилденген 
сумен араластырып, бӛлме температурасында 30 мин ұстап, үстіне 1%-дық 
фенолфталеиннің 3-4 тамшысын тамызып, араластырады да, 0,1 н. NaOH не 
КОН ертіндісімен бір минут бойы сақталатын алқызыл түске боялғанша 
титрлеп, титрлеуге жұмсалған 0,1 н. сілті кӛлемі (А, мл) мен азық сынамасының 
массасы (М, г) бойынша анықтайды: 
Қ
º
 = 2АМ
.
Дән натурасын, яғни оның 1 литрдегі салмағын, 
метрикалық пурка
қондырғысымен ӛлшейді. Олардың орташа салмағы (г/л) келесі шамасында 
болады: 
жүгері дәнінінікі ... 680-820 сұлы дәнінікі
.............
460-550 
арпа дәнінікі ......... 545-700 қарабидай дәнінікі ....... 670-750 
бидай дәнінікі ....... 730-850 сорго дәнінікі ............ 670-730 
асбұршақ дәнінікі ... 700-780 азықтық бұршақтікі ... 650-750 
соя дәнінікі ........... 770-830 зығыр дәнінікі ............ 580-680 
Осы натура кӛрсеткішінің ауыр шегіне жақын дәнді - 
жоғары натуралы,
орта мӛлшер шамасындағыны –
 
орта
 
натуралы,
жеңіл шегіне жақынын –
 
тӛмен натуралы
дәнге жатқызылады. Мысалы, орта натуралы сұлы дәнінің 
салмағы - 460-510 г/л, арпа дәнінікі 545-605 г/л, бидай дәнінікі - 745- 785 г/л, 
қарабидай дәнінікі - 700-730 г/л тартады. Толған, жоғары натуралы дән 
қоректілігі орта және тӛмен натуралы дәндікінен артық болады. 
Тазалығын анықтау үшін тары дәнінің 25 г; сұлы, арпа, сорго, бидай, 
қарабидай, түйежоңышқа дәнінің 50 г; жүгері, ас бұршақ, сиыр жоңышқа 


126 
дәнінің 100 г; азықтық бұршақ дәнінің 200 г ӛлшеп алып, қара қағаз бетіне 
жаяды да, таза дән мен қосындылар фракциясына бӛледі. Стандарт талабына 
сәйкес дән қосындысы екіге бӛлінеді:
а) тесігінін диаметрі әр дақылға белгіленген електен ӛткен 
ластандырушы
қосындыға
минералды қоспа, топырақ, құм, шаң-тозаң, арамшӛп (улы және 
зиянды ӛсімдіктер) ұрығы, зиянды (головня, спорынья секілді дәнді 
зақымдаушыар) ұрығы мен кӛгерген, шіріген, қарайған дән; 
б) кӛзбен бӛлінетін дәнді қосындыға –
басқа дақыл дәні мен осы дақылдың 
жарылған, мыжылған, ӛнген, кӛгерген, дамымаған, толмаған, зақымдалған дәні
 
кіреді.
Ластандырушы қосындысы 1-3%, дәнді қосындысы 2-4% сұлы дәні, бұл 
қосындылары, тиісінше, 2-4%; 2-5% арпа дәні, 2-3%; 3-5% жүгері дәні -
орта 
тазалықтағы
болып, ал қосындылары бұл кӛрсеткіштерден аздары —
таза
болып, керісінше, бұл кӛрсеткіштерден кӛптері
 ласталған
болып саналады. 
Қамба зиянкестерімен зақымдалғаның анықтау үшін 1 кг дән үлгісін 
дӛңгелек тесігінің диаметрі 1,5 мм елекпен елеп – қамба кенесін, содан кейін 
дӛңгелек тесігінің диаметрі 2,5 мм елекпен елеп – қамба ұзын тұмсығы, ұн 
күйесі секілді зиянксстерін бӛледі. Електен ӛткен және онда қалған бӛлікті қара 
кағаз үстіндегі параққа жұқалап жаяды да, лупамен карап тірі кене мен қамба 
және күріш ұзын тұмсығынан басқа одан ірі қамба зиянкестерін санайды. Ұзын 
тұмсықтаи баска ӛлі зиянкестерді ластандырушы қосындыға жаткызады. Дән 
зиянкестерімен закымдалу кӛлемі бойынша дәнді үш дәрежеге бӛледі: 20 кене 
не 5 ұзын тұмсық табылса – 
І
-ші дәреже; 20-дан артық кене не 6-10 ұзын 
тұмсық табылса – II-ші дәреже; киізденіп үйілген кене не 10-нан артық ұзын 
тұмсық табылса – ІІІ-ші дәреже. 
Дәннің қамба зиянкестерімен зақымдалу дәрежесіне байланысты 
қоректілігі айына 5-8%-ға кемиді. Жоғарыда айтылған, кӛзге кӛрінетін сыртқы 
зақымдалуымен қатар, кӛзге кӛрінбейтін дәннің ішкі зақымдалуы да мүмкін. 
Оны анықтау үшін зерттелетін дәннен қатарынан 50 данасын алып, 
скальпельмен ӛзегінен бӛліп, лупамен қарайды да, зақымдалған дән санын 
пайыздайды. Ұзын тұмсықпен зақымдалуын А.Бруднаяның бояу әдісімен 
анықтайды: 
1) ластандырушылар мен бӛгдее қоспалардан тазартылған 15 г дәнді 
қаңылтырмен қапталған мыс торға салып, алдымен 1 минут 30°С жылылықтағы 
суға, содан кейін марганец қышқылды калийдің 1%-дық (10 г/л) ерітіндісіне 
батырады; 
2) оның бояуын суык суға немесе 1%-дық күкірт қышқылының 100 мл мен 
3%-дық сутегі аса тотығының 1 мл қосындысына салып кетіргенде, 
зақымдалған дәнде ортасы білеуленіп қарайған қоңыр дақ қалады.


127 
Сүзгіш қағаз үстінде, зақымдалған дән дағы кетпей тұрғанда санап, 15 : 3 х 
200 арқылы 1 кг дәндегі ұзын тұмсық санын есептейді. Сапалы мал азығы 
ретінде - ылғалдылығы 17%-дан тӛмен, түрі, түсі, иісі мен дәмі қалыпты, 
жылтыр, жақсы пісіп толған, жоғары натуралы, бүтін, ластандырушы және 
дәнді қоспасы стандарт талабылан аспайтын, камба зиянкестерімен зақымдал-
маған, ӛніп, кӛгеріп, шірімеген дән бағаланады. 
Ылғалдылығы 17%-дан астам, түсі бозғылт тартқан, иісі жағымсыз, дәмі 
қышқыл, қабығы жылтырамайтын, онша пісіп толмаған, тӛмен натуралы, қор 
зақымдалған, ластандырушы қоспасы 8%-дан, зиянды және улы қоспасы 1%-
дан астам, қамба зиянкестерімен зақымдалған, ӛніп, кӛгеріп, шірігені мен 
ластандырушы қоспасының қосындысы 15%-дан жоғары дән сезікті мал азығы 
болып бағаланады. Оны малға алдын ала тазартып, желдетіп, бумен ӛңдеп не 
кептіріп барып жегізеді. 
Органолептикалық кӛрсеткіштері бойынша дәнді келесі шкаламен 
бағалауға болады: 
а) жетілгендігі бойынша... толық жетілгеніне – 2 балл, онша 
жетілмегеніне – 1 балл; 
б) толуы (натурасы) бойынша... жақсы толған, жоғары натуралысына – 
3 балл, онша толмаған, тӛмен натуралысына – 1 балл;
в) бүтіндігі бойынша... бүтініне – 2 балл, уатылғаны 10%-дан аспаса – 1 
балл, мыжылап, эндоспермы сұйықтылғанына – 0 балл;
г) ӛңі мен түсі бойынша... ӛзіндік ӛң, түсін сақтағанына – 5 балл, түсі 
бұлыңғырланып, кейбіреуінікі сәл қарайғанына – 4 балл, кӛбінікі сәл 
қарайғанына – 3 балл, қара дақ пайда болғанына 2 балл, қатты қарайғанына - 1 
балл, қара түстісіне — 0 балл; 
д) иісі бойынша... жұғымды иістісіне – 4 балл, сәл ескі иістісіне – 3 балл, 
ескі қоңырсық иістісіне – 2 балл, ӛте ескі, тұрып қағ иістісіне – 0 балл; 
е) қышқылдығы бойынша... қалыпты қышқылдысына – 2 балл, 
қышқылдығы тӛмендегеніне – 1 балл, қышқылдығы кӛп тӛмендегеніне – 0 балл;
ж) 
 дәмі бойынша... 
тұщы, тартымды дәмдісіне – 5 балл, тартымсыз 
дімдісіне – 4 балл, сәл қышқыл дәмдісіне – 3 балл, қышқыл дәмдісіне – 2 балл, 
ащы дімдісіне – 1 балл; 
з) 
 тазалығы бойынша... арамшӛп ұрығымен ласталмағанына – 3 
балл; зиянды жәнe улы шӛп ұрығы сандарт талабынан аспайтынына – 2 балл; 
зиянды және улы шӛп ұрығы тазартылaтын мӛлшердегісіне – 1 балл; олар 
тазартылмайтын мӛлшердегісіне – 0 балл; 
и) сақталу сапасы бойынша... жақсы сақталған, құрғағына – 4 балл, 
ылғалданып, ӛнгеніне – 3 балл, зиянкестермен сәл зақымдалғанына – 2 балл, 
зиянкестермен қатты зақымдалып, ӛздігінен қызғанына – 1 балл, қар астында 
қалғанына – 0 балл. 


128 
Осы кӛрсеткіштері бойынша 30-26 балл жинаған дән сапасы – ӛте жақсы, 
25-20 балл жинағанының сапасы – жақсы, 19-15 балл жинаған дән сапасы – 
орта, 14-11 балл жинаған дән сапасы – нашар болып, 10 баллдан аз жинағаны – 
пайдаланарда ӛндеуден ӛткізуді қажет ететін, ал қай бір кӛрсетуіштен болсын 0 
балл алған дән – мал азығына жарамсыз болып бағаланады. Орташа, 1 кг дәнді 
азықта, 1 а.о., 0,8-1,2 г Са 2-4 г Р, астық тұқымдастар дәнінде 80-100 г, ал 
бұршақ тұқымдастар дәнінде 200-250 г қорытылатын протеин болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет